ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ТАНЫМДЫҚ ОЙЫН САБАҒЫ
I.Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың мәдениеттану, тарих,әдебиет пәндері бойынша
жалпы білімдерін қорытындылау. Балалардың логикалық ойлау
қабілетін, зеректік, шешендік қабілеттерін қалыптастыру.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған
білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйрету;
Дамытушылық: Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға оқушыларды
дайындау,табыстың негізгі көзі – білім екенін түсіндіру және
оқушылардың танымдық қызығушықтарын арттыру. ой-өрісін,
зейінін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Пәнге
қызығушылықтарын арттыру. Шектеулі уақытта дұрыс шешім
қабылдауға үйрету. ұқыптылыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу,
информациялық білім беру;
II. Көрнекілігі: Интерактивті тақта. «ХХІ ғасыр көшбасшысы»,
«Миллион кімге бұйырады» зияткерлік ойындарының желісімен.
III. Сабақтың түрі:Танымдық ойын.
IV. Пәнаралық байланыс:Әлем тарихы,Қазақстан тарихы, әдебиет.
V. Қолданылатын әдебиет.
Негізгі: Ш.Нағымұлы «Мәдениеттану»
Қосымша:Т.Ғабитов,Ж.Мүтәліпов,А.Құлсариева «Мәдениеттану»
VI. Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі.
«Миллион кімге бұйырады» зияткерлік ойындарының желісімен.
1-кезең: «Бәйге» сайысы.
2-кезең: «Жорға» сайысы.
3-кезең: «Көкпар» сайысы.
VII. Қорытындылау Сайыскерлердің білімдерін бағалау.
VIII. Марапаттау.
IX. Рефлексия
БІРІНШІ КЕЗЕҢІ
” БӘЙГЕ ”
Танымдық ойын ережесі.
Төрт адам қатысады.
1. Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды.
2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 1 ұпай иеленеді.
3. Жауапқа он секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
1-оқушы
1-сұрақ. Мысыр пирамидаларының ішіндегі ең көнесі - (фараон Джосер пирамидасы)
2-сұрақ. Шумер-аккад мәдениетінің мұрагері-( Вавилония)
3-сұрақ. Б.д.д.VI ғасырда Вавилон мен Ассирияның орнына орнаған империя-(Иран)
4-сұрақ. Галстук қай жерден шықты?- (Англия)
5-сұрақ. Ең кіші планета ?- (Меркурий)
6-сұрақ. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі? (Ә. Қашаубаев)
7-сұрақ. Қытайдың діні? – (Конфуций)
8-сұрақ. “Оянған өлке” романының авторы.- (Ғ. Мүсірепов)
9-сұрақ. Қазақ хандығындағы билік жүргізуші аппарат- (Хан кеңесі)
10-сұрақ. «Орхон-Енисей» жазбалары қай тілде жазылған - ( Түрік)
2-оқушы.
1-сұрақ. Тұңғыш әлемдік дін - ( Будда)
2-сұрақ Киіз үйдегі киім ілгіш - ( Адалбақан)
3-сұрақ. «Б алқадиша» әнінің авторы (Ақан сері Қорамсаұлы)
4-сұрақ. Мәдениет термині қай тілден алынған -(Араб)
5-сұрақ. Қытай тілінде «тянь» ұғымы нені білдіреді - (Аспан)
6-сұрақ «Жәннат – аналардың аяғының астында!» Мұхамед пайғамбар
7-сұрақ Францияның ұлттық батыр қызы.( Жанна Д арк)
8-сұрақ Шахматтың Отаны (Үндістан)
9-сұрақ Жер бетіндегі әлемдік билікке ұмтылған ең алғашқы мемлекет (Еж Мысыр)
10-сұрақ Мединада Мұхаммед, ал Түркістанда ( Қожа Ахмет)
3-оқушы.
1-оқушы.1-ғасырда пайда болған әлемдік дін- (Христиан)
2-оқушы.Әбілқасым Фирдаусидің 30-жыл жазған атақты дастаны - ( Шахнама )
3-оқушы.бетіне түрлі-түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы -( Текемет )
4-оқушы. «Қайранда менің Еділім» жырының авторы – (Қазтуған)
5-оқушы.Сиқыр сөзінің баламасы болып табылатын ежелгі наным-сенім түрі (Магия)
6-оқушы.Жазбаша мәдениет тұңғыш қай өркениетте пайда болды.- (Шумер)
7-оқушы.Сопылық бағытты дамытқан ғұлама - (Ахмет Яссауи)
8-оқушы. 58-жылдан кейін жер сілкінуден құлаған статуя-( Родос алыбы)
9-оқушы.Қос өзеннің ең ежелгі мәдениеті ( Шумер-Аккад )
10-оқушы. 24 жасында КСРО халық әртісі атағын алды. «Қазақтың бұлбұлы» аталған әнші. (Күләш Байсейітова )
4-оқушы.
1- оқушы. Абай Құнанбаевтың анасы. - (Ұлжан)
2- оқушы.Сақтардың әйел патшасы - (Томирис)
3- оқушы.Өзбек әдебиетінің негізін салушы ( Әлішер Науай)
4- оқушы.Алтын адам табылған жер ( Есік қорғаны)
5- оқушы. «Шахнама» дастанының авторы - ( Әбілқасым Фирдаусидің)
6- оқушы. Ислам діні нешінші ғасырда пайда болды.( 7)
7- оқушы.Қазіргі кезде мәдениеттің қанша анықтамасы бар ( 500-тарта)
8- оқушы. «Алтын адам» табылған жыл - (1969жыл)
9- оқушы. ХІІ ғасырда Қарахан салдырған Тараз қаласындағы ескерткіш-күмбез.
(Айша Бибі кесенесі.)
10- оқушы. Грек медицинасының даңқын шығарған дәрігер –( Гиппократ)
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ
”ЖОРҒА”
«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпарды»анықтауда келесі айналымды бастайық
Әрбір ойыншы 1 минутта 10 сұраққа жауап беруі тиіс. Сұраққа жауап бергеніңізге байланысты ұпай жинай аласыз. Ұпайы жоғары оқушыдан басталады.
1-оқушы. Сұрақтар.
1.Көшпенділер стилі (Аң стилі)
2.Автохтонды ұлт дегеніміз ( Көне жергілікті ұлт)
3.Б.д.д 6-ғасырда Қытайда пайда болған дін. ( Конфуцийшілдік)
4.Атейзм дегеніміз ( Дінге сенбеу)
5.Ғұндар неше руға бөлінген ( 24)
6.Ежелгі Гректермен Римдіктер түсініксіз тілде сөйлейтін басқа адамдарды
7.Қазақ ғалымдарынан Аттила туралы алғаш жазып,ғылымға еңгізген (Ш.Уалиханов)
8. «Жаннат аналардың аяғының астында» Бұл сөздің авторы (Мұхамед пайғамбар)
9.Қазақстан ғалымдары 1969 жылы ғылымда ғажайып жаңалық ашты Ол (Алтын адам)
10. «Диуани Хикмет» кітабының авторы ( Ахмет Яссауй)
2-оқушы. Cұрақтар.
1. Көшпенділер стилі (Аң стилі)
2. Б.д.д 6ғасырда Қытайда пайда болған дін (Конфуцийшілдік)
3. Гректердің ең басты құдайы (Зевс)
4. «Алтын адам» ескерткішінің табылған уақыты ( 1969жыл)
5. «Культура» термині қай тілден алынған - ( Латын)
6. Ғұндардың көсемі, Европалықтар «Аттила» деп атаған кім? (Еділ)
7. Рухани ұстазы Арыстан бабты пір тұтқан сопы ( Ахмет Яссауй)
8. «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы ( Ж.Жабаев)
9. Қытай тілінде «тянь» ұғымы нені білдіреді - (Аспан)
10. Ежелгі Гректермен Римдіктер түсініксіз тілде сөйлейтін бөтен адамдарды
қалай атаған? (Варварлар)
3-оқушы Сұрақтар.
1. Қазақстанда 1847-1857жылдары айдауда болған украин ақыны- (Тарас Шевченко)
2. Көне Египеттегі күн құдайы (Ра)
3. Хеопс пирамидасының биіктігі - (147метр)
4. 10-12ғасырлардағы Қазақстандық қалалардың ең үлкені (Отырар)
5. «Утопия аралы» шығармасының авторы ( Томас Мор)
6. Эллада деп қай елді атаған ( Греция)
7. Ұлы Жібек Жолы қай жерден басталады ( Қытайдан)
8. Өзбек әдебиетінің негізін салушы ( Әлішер Науай)
9.Исламның қасиетті кітабы (Құран)
10.Атейзм дегеніміз? (Құдайсыздық)
4-оқушы Сұрақтар
1. Ұлы Жібек Жолы қай жерден аяқталады. ( Рим)
2. «Еділ» патшаны европалықтар қалай атаған (Аттила)
3. Ұлы Жібек Жолының ұзындығы (7000-шақырым)
4.Б.д.д 4ғасырда 800шоқжұлдыздан тұратын жұлдыздық каталог жасаған ел-(Қытай)
5.Түйенің пірі (Ойсылқара)
6. «Монолиза» туындысының авторы –( Леонардо Да Винчи)
7. Б.д.д 6-ғасырда Вавилон мен Ассирия орнында пайда болған мемлекет- (Иран)
8. Тарихтың атасы - (Герадот)
9. «Қайранда менің Еділім» жырының авторы – (Қазтуған)
10. Кон-фу-цзы өмір сүрген ғасыр-(Б.д.д.6ғасыр)
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
”КӨКПАР”
1.Турға төрт адам қатысады.
2. Қатысушыларға мәдениеттану пәні бойынша 4 тақырып берілген. «Салт-дәстүр», «Мемлекет», «Тұлғалар», «Еркін тақырып» Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша бағаланатын сұрақ жасырылулы. Оған сәйкес 10;20;30;40 балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны – 4. әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.
5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған мөлшерде ұпайға ие болады.
6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде қол көтеру арқылы дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға беріледі.
Cалт-дәстүр
10. Қазақ жастарының сүйіп ойнайтын ойыны, бұл ойын ауыл сыртында кешкі мезгілде ән-күй
құшағында өткізілген.Бұл қандай ойын (Алтыбақан)
20. Ауыл адамдарының бір-біріне сатусыз көмегі (Асар)
30. Отбасылық қымбат заттардың біреуге белгілі бір уақытқа сақтауға берілуі. Оны сақтау үлкен
адамгершілік белгісі ретінде саналған (Аманат)
40. Садақтан немесе мылтықтан атпен бар пәрменімен шауып келе жатқан күйде тігілген тиынды
атып түсіру ойыны? (Жамбы ату немесе Алтын қабақ деп атайды.)
Тұлғалар
10. «Қазақ вальсінің каролі» (Ш.Қалдаяқов)
20. «Алгебраның атасы» ( Мұхамед Әл-Харезми)
30. Еділ батырды европалықтар қалай атаған (Аттила)
40. Түркі сақ халықтарының әйел патшасы ( Томирис)
Мемлекет
10. Әлемдік билікке ұмтылған ең алғашқы мемлекет?- (Ежелгі Мысыр)
20. Шумер-Аккад өркениетінің мұрагері-? (Вавилон)
30. «Дон Кихот»шығармасының авторы Сервантестің отаны. ( Испания)
40. Ең алғашқы медициналық еңбектердің, жыл күнтізбесінің авторы атанған ел (Шумер)
Еркін тақырып
10. Исламның қасиетті кітабы? (Құран)
20. 1879жылы алғаш рет қазақ тілінде орыс алфавитімен Ы.Алтынсариннің жазған оқулығы-
(Қырғыз хрестоматиясы)
30. Қайта өрлеу дәуірінде өнердің қандай түрі үстем болды? ( Көркем сурет)
40. Орталық Азиядағы түрік тілдес халықтардың бір ұлт есебінде,бір мемлекет болуға ұмтылу
идеясын кім ұсынды. ( Мұстафа Шоқай)
VII.Қорытындылау
Оқушылар пікірлерін тыңдау және талдау. Пікір айту. Сайыстың қорытындысын шығару үшін
әділқазы мүшелерін ортаға шақырамыз. Сайыскерлердің білімдерін бағалау.
VIII.Жеңімпаздарды марапаттау.
Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау және бағалау
1
|
Ең сауатты оқушы
|
2
|
Ең білімді оқушы
|
3
|
Ең ақылды оқушы
|
4
|
Ең дарынды оқушы
|
5
|
Ең ізденімпаз оқушы
|
6
|
Ең талапты оқушы
|
7
|
Ең сабырлы оқушы
|
IX. Рефлексия
-
Менің сабақтағы көңіл-күйім?
-
Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім?
-
Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны?
-
Маған бүгінгі сабақтан ұнамағаны?
Достарыңызбен бөлісу: |