Тіл Саясатының Тіл Мәдениетіне Ықпалы, Интерференция Нұрлан Жансерік, Саттархан Диас, Мұхамбетқали Жасұлан, Боранбаева Анель
Тексеретін: Медешева Изатхан
12 топ
Maqsut Narikbayev University Астана 2024
Кіріспе
Қазіргі таңда әлем бойынша жаһанданудың қарқынды дамуы қостілді саясаттың таралуына тікелей әсер етуде. Бұл қостілді саясатты Канада, ТМД елдері, Еуропа елдері ұстанады. Тіл саясатының көмегімен осы үдерістерді байқайоаламыз. Соның әсерінен әрбір елдің тілдік мәдениетіне ықпалы өте жоғары. Іс жүзінде аталған факторлар Қазақстандағы қостілділікті анық көрсетеді.
Тіл саласы әлемдік мәселенің бірі болғандықтан, бұл салада көптеген терминдер бар. Оның қатарына экстралингвистика, психолингвистика, социолингвистика және т.б. Тіл мәселісі адам тарихында бірлесе жүргендіктен, бұл мәселені зерттеумен тіл мамандары айналысқан. Әрбір маман әртүрлі уақытта өз ойы мен теорияларын ұсынған. Мысалы 1953 жылы У.Вайнрайхтың “Тілдік қатынастар” еңбегі жарық көргеннен соң, интерференция ұғымы ғылымда кеңінен қолданыла бастады. У. Вайнрайх өз еңбегінде интерференция терминіне анықтама берді.
Э. Хаугеннің пікірінше “Интерференция-екі тілдің лексика немесе грамматикасында элементтер ұқсас болған жағдайда, қостілді адам бір тілдегі сөзді екінші тілде байқамай қолдануы.” (Хауген 1972, 69-70б)
Негізгі бөлім
Интерференция - бұл көбінесе билингвизм мен мультилингвизм орын алған қоғамда бір тілдің екінші тілмен ассимиляцияға түсіп, екінші тілдің жойылуына немесе өзгеріске түсуіне әкеледі. Бұл құбылыс түрлі мәдениет, тілдік қатынастар және көптілділік әсерінен пайда болды. Жалпы ұлттар арасындағы қарым-қатынас тіл арқылы жүреді. Әрбір заманда өзінің басым тілдері болған. Мысалы орта ғасырда Ұлы Жібек Жолы арқылы өту үшін қыпшақ тілін білу маңызды болды. Ал жаһандану заманында ағылшын тілі кеңінен қолданылуда. Тіпті халықаралық ұйымдар мен елдер арасындағы келісімдер ағылшын тілінде өтеді.
У.Вайнрайхтың пікірінше интерференциясының пайда болуы екі тілдік топтың қарым-қатынасымен немесе екінші тілді үйрену үдерісімен тығыз байланысты. Вайнрайх интерференцияның екі түрін көрсеткен болатын: “Субординативті интерференция” және “Координативті интерференция”.
Субординативті интерференция - бір тілдің екінші тілге ықпалы. Ол бірінші тілдің басымырақ болуы немесе маңызды орын алуы. Басқа тілді меңгеруі тек өз ана тілі арқылы жүретін адамды мысалға алсақ болады. Яғни, ойлауы тек алғашқы меңгерген тілінде ғана болады. Мысалы Олжас Сүлейменовтен “Қай тілде ойлайсыз?” деп сұрағанда, орыс тілінде ойлайтынын ашып айтқан болатын.
Координативті интерференция - билингвисттің екі тілді жетік білуі. Яғни, басым тілдің болмауы. Өз ойын екі тілде де толық әрі нақты жеткізе алуы. Тілді меңгеру дәрежесі екі жақта да бірдей. Мысалы Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, билингвизм жоғары дәрежеде.
Э.Хаугеннің пайымдауынша интерференция деген бір тілдің элементі екінші тілге қабаттасуы. Бұл сөйлеу барысында бір тілдің сөзін екінші тілде қолдануы.
Хаугеннің пікірі мен Вайнрайхтың ұсынған теориясын салыстырсақ, Вайнрайх интерференцияны бірнеше тілдің әсерінен туындайтын әрбір тілдің нормаларынан ауытқуы деп анықтаса, Хауген интерференцияны екі тіл жүйесінің жартылай ұқсастығы немесе қабаттасуы деп сипаттайды. Екі ғалым да интерференцияның негізгі себебі ретінде тілдік байланысқа назар аударады, дегенмен Вайнрайх тіл жүйелеріндегі нормативтік ауытқуларға көбірек көңіл бөледі, ал Хауген байланысқа және кейінгі араласуға әсер ететін тарихи, әлеуметтік және мәдени факторларға көбірек көңіл бөлуі мүмкін. Бірақта бұл екі ойдың ұқсастығын Хаугеннің пікірінен және Вайнрайхтың Субординативті интерференция тұжырымдамасынан көре аламыз. Бұл үдеріс Қазақстанда үлкен көрініс табады. Нақтырақ айтқанда, қазақ тілінде сөйлейтін адамның орысша сөздерді қолдануы қалыпты жағдайға айналды. Басым тіл қазақ тілі болса да , орыс тілінің сөздері қазақ тіліне еніп кеткен. Мысалы “Остановкада автобус күтіп тұрмын; Ертең экзамен тапсырамын; Надеюсь, енді қайталанбайды” Одан тыс қазақ тілінде шет тілден сөздердің алынуы көп кездеседі. Соның қатарына ғылыми бағыттағы және ауызекі бағыттағы сөздерді жатқыза аламыз. Қазіргі уақытта Ислам дінін ұстанатын адамдардың қазақша сөздерді араб сөздеріне алмастыруы жиі көрініс табады: Ифтар-Ауызашар; Сухур-Сәресі ; ИншаАлла-Алла жазса , Құдай қаласа.
Кітап оқу барысында ғылыми сөздердің басқа тілден енгенін көре аламыз. Мысалы грек, латын, ағылшын, орыс тілдерінен енген сөздер. Бұл сөздерді алудың бұрыс екені мәлім. Егер қазақ тіліне аудару барысында сөз өзінің түпкі мағынасын жоғалтса , терминді тікелей және өзгеріссіз ала берген жөн. Бірақ қазақ тіліндегі аудармасы дұрыс бола тұра, шет тіл сөзін қолдану тілдің деградацияға ұшырауына алып келеді. Осы үдерістер жалғаса беретін болса, қазақ тіліндегі сөз құру мүмкіндігінен айырылады және қазақтың қазақпен сөйлесу мүмкіндігі жоғалады. Бұл тілдік мәдениеттің жойылып, ұлттық идентификациясының құлдырауына және халықтың тарихпен сабақтастығының жойылуына алып келеді.
Айта кететін жайт, Жапонияның тілдік саясаты нық болғандықтан, халықтың 99 пайызы ана тілінде сөйлейді. Жапонияның мәдениетінің жоғарғы деңгейінің көрінісі - ана тілдің дәрежесін биікке қоюы. Осыдан ақ тіл саясатының тіл мәдениетіне тікелей ықпал ететінін байқай аламыз.
Біз Вайнрайхтың теориясын анықтау үшін сауалнама өткізуді жөн көрдік.
Сауалнамадан түйетініміз , студенттердің ойынша көптілді болу адамның мәдени қоғамда тәжірбиесін арттырып қана қоймай, мүмкіндіктерін де көбейтеді. Сонымен қатар, студенттердің өзге тілді үйрену интерференцияға ұшырайтыны жайында ойы екіге бөлінді. Бірақ сауалнама толтырушылар бұл жағдай орныққан күннің өзінде осы мәселені шешу жолдары бар деген позицияда қалып отыр.
Қорытынды
Қорытындылай келе, тіл саясатының тіл мәдениетіне ықпалы орасан зор екеніне көзіміз анық жетті. Қостілді саясатты ұстанатын елде тұрақты бір тілдің болмауы және қосымша тіл мен ана тілдің қабаттасуы қатты байқалады.
Қостілділік орныққан қоғамда жүргендіктен, бұл құбылыс бізге үйреншікті болып қалғандай. Бұның алдын алу үшін шара қолдану өте қажет деген ойдамыз. Себебі интерференция ана тілімізді өзгеріске ұшыратып, құлдырауына әкеліп соғады. Сондықтан интерференцияның алдын алу үшін тілімізді жан-жақты дамыту қажет. Қазақ тілінің ғылыми бағытта дамымағаны мәлім. Осы тұрғыда дамытып,ғылыми терминдердің өзге тілден енбей, қазақша болуын қадағалау керек.
Біздің ойымызша , тіл саясаты тіл мәдениетінің өзгеруінде маңызды рөл атқарады. Яғни мәдениеттің қоғамда сақталуы халықтың сана-сезімінен бөлек, биліктің ұстанатын қағидасына да тығыз байланысты.
Библиография
Байзақова В. (2014) Филология сериясы. Nº 3(149).
Ж. К. Ибраева, Г.С. Нәбиева, У. П.Риверс (2020) Филология сериясы. Nº3(179).
Алдаш А. (2016) А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының <Тілтаным> журналы
Вайнрайх, У. (1953). Языковая интерференция. В “Selected Papers of Uriel Weinreich” (стр. 1-7). Mouton de Gruyter.
Хауген, Э. (1972). The Ecology of Language. Stanford University Press.