Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
РЕФЕРAТ
Тaкырыбы: Оқушыларға өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету әдістемесі.
Орындaғaн: Сәт Назерке
Топ: 1301-31
Қaбылдaғaн: Ергашова Ж
2023 жыл
Мaзмұны
Жоcпaр
I. Кiрicпе
II.Негiзгi бөлiм
2. Оқушыларға өзге тілден енген сөздерді үйретудің маңызы
2.1 Қазақ тілінің сөздік қорына еніп жатқан кірме сөздердің ерекшелігі
2.3 Оқушыларға өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету әдістемесі.
III.Қорытынды бөлiм
VI. Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тiзiмi
Кiрicпе
Әлемдегі кез келген тілдің сөздік құрамы, өздерінің ежелден келе жатқан төл сөздерінен және басқа халықтардың тілдерінен енген кірме сөздерден тұратындығы белгілі жәйт. Халықтардың тарихи, экономикалық және мәдени байланыстары, өмірдің түрлі саласындағы құбылыстар тілдің сөздік қорына ықпал етіп, түрлі оқиғаларға байланысты сөздерді куә етіп қалдырып отырады. Сол секілді халқымыздың басынан кешірген сан қилы тарихи фокторлардың тілімізге тигізген әсері де әр түрлі болған. Түркі тіліне араб элементтерінің енуіне түркілердің ислам дінін қабылдауы едәуір әсер еткендігі сөзсіз. Ислам дінінің түркі топырағына жетуі VIII ғасырда басталғанымен оның кең етек жаюы X ғасырда Қараханиттер мемлекетінің тұсында болды. Бұл дәуірде Таяу және Орта Шығыс халықтарының мәдени өмірінде араб тілі халықаралық тіл қызметін атқарған болатын. Яғни, бір кездері Батыс Европа халықтарына латын тілі қандай қызмет атқарса, шығыс халықтары үшін де араб тілі сондай болды. Ал парсы сөздері түркі тайпаларының тіліне араб сөздерінен әлдеқайда ертеректе ене бастағанын тарихи деректер көрсетеді. Б.з.д. VI-IV ғасырларда Қазақстан территориясын мекен еткен сақ тайпаларының солтүстік тобы түркі тілдерінде сөйлесе, оңтүстік тобы көршілес тайпалармен иран тілі арқылы қарым-қатынас жасаған. Мәдениеті мен өнері дамудың біршама жоғары сатысына жеткен сақ тайпалары Персиямен тығыз қарым-қатынаста болған. Сондай-ақ VII-VIII ғасырларда Зеревшан, Қашқадария ойпатын мекендеген соғды тайпалары да түркі тайпаларымен қоян-қолтық араласып тұрған. М. Қашқари да Шығыс Түркістанның оңтүстігі мен Талас, Шу ойпаттарын мекен еткен соғдылардың екі тілде сөйлейтіндігін атап көрсеткен. Сонымен қатар Тараз бен Аққаланың (Сайрам) тұрғындары секілді Баласағұн қаласының тұрғындары да соғды және түркі тілдерінде сөйлейтіндігін айтады. Демек бұл тарихи деректер парсы сөздерінің түркі тілдеріне ене бастауы араб сөздерінен бұрын болғандығын растайды. Сондай-ақ түркі тілдеріндегі парсы тілінен енген сөздердің дені діни ұғымнан гөрі егін, су шаруашылығына, сауда-саттыққа, құрылыс істеріне, тұрмыстық салт-санаға, әдебиет пен өнерге байланысты. Тіптен ғалымдар парсы тілдерінде едәуір мөлшерде араб элементтерінің бар екендігін және оларды өз бойына әбден сіңіріп төл сөздеріне айналдырып жібергендігін, ал ол сөздердің түркі тілдеріне парсы тілі арқылы енгендігін де айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |