Интернет. Интернетке тәуелділік

Дата18.03.2024
өлшемі0.66 Mb.
#495905
Интернетке тәуелділік

Интернет. Интернетке тәуелділік

Абдықұл Кәусар 6 «Д» сыныбы

Интернет-технологиялар қазіргі заманда компьютерде ақпаратты тасымалдау мен өңдеу аймағындағы ең дамып келе жатқан және қолайлы мүмкіндік болып табылады. Осы бағытта пайдаланылатын Қолданбалы бағдарламалар саны күннен күнге артуда. Интернет бұл әр түрлі ақпарат көздеріне қолайлы жол, мысалы, өз алдына оқу, интернет-дүкендер, интернет-банкинг және басқалар. Бұл қосымшалар желілік компьютерлер технологияларына негізделген. Қолданушылардың интерактивті байланысын қамтамасыз етеді. Интернет қосымшаларды жасау ақпаратты технологиялар облысындағы мамандардың кәсіби тәжірибиелерінің ажырамас бөлігі.

Психолог Дреп.М көзқарасы бойынша,басты тәуелділіктің 5 түрін осылайша жіктеген:
Әр түрлі вебсайттарды қолдану - ғаламтордан ақпараттар іздеу;
Вирттуалды әлемдегі достарымен сөйлесу - әлеуметтік желілерде көп хат алмасу;
Ойынға тәуелділік - компьютерлік ойындарды көп ойнау;
Ғаламторда ақша құрту/табу - ғаламтор желісі арқылы құмар ойындарын ойнау, ғаламтор арқылы сауда жасау;
Ғаламтор арқылы фильмдер қарау;

Интернетке тәуелділіктің денсаулыққа зияны

Британдық биологтар арнайы зерттеу жүргізе келіп, мынандай қорытынды жасап отыр: «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді». Өздеріңізге белгілі, жүйкеге салмақ түсуі дегеніңіз - ойлау қабілетінің төмендеуі, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы. Негізінен, компьютердің алдында отырып, жұмыс істейтіндердің шағымданатын сырқат белгілері екі топқа бөлінеді: 1. Көздің көру қабілетінің нашарлауы. 2. Бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы. Көру қабілетінің нәшарлауы оның бұлдырап, анық көрмеуі, өзіне түскен салмақтан күйген тәрізді ашып, қызаруы. Компьютерден шығатын электромагниттік сәуленің де адам ағзасына зиянды екендігі жөнінде көптен бері айтылып келеді.

Интернетке тәуелді болмаудың жолдары

Психологтар жасөспірімге білім алу уақытында сабаққа бару, сабақ уақытында сабақ оқу, ойын уақытында ойнау керектігін ұдайы жеткізіп отырған жөн дейді. Күнделікті жоспары бар жасөспірім ойын уақытында қалағанынша ойнасын. Сабақ оқу уақыты келгенде, сабағын оқысын.
Өзіңізге жаңа қызығушылық не хобби ашыңыз. Түрлі қауымдастықтар мен клубтарға барыңыз, спорт, музыка, би, ән айтумен және т.б. шұғылданыңыз. Досыңызы ертіп дене шынықтырумен айналысыңыз. Кинотеатрға, концертке барыңыз, кітап оқыңыз.
Білім деңгейіңізді көтеріңіз. Үйіңізде бұрыннан оқығыңыз келіп жүрген кітаптар бар шығар. Соларды оқуға кірісіңіз. Википедияның орнына энциклопедия оқыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет