1 Internet технологиялар даму үдерісінің теориясы
1.1 Internet технологиялары
Техникалық көзқарастан Internet — әр түрлі хаттамалар бойынша жұмыс істейтін, мүмкіншілігі бар барлық компьютерлерді байланыстыратын, мәліметтерді физикалық түрде өткізетін ашық желілердің барлық түрлері бойынша компьютерлік желілердің бірігуі. Интернеттегі компьютерлердің көбісі ТСР/IP хаттамасымен байланысқан. Internet – бұл бүкіл жер шарын қамтитын желілер желісі деп айтсақ та болады. Олар әртүрлі статистика жүргізу үшін, немесе сайттарының рейтингісін көтеру мақсатында қолданыс көрсеткішінің есебін жүргізеді. Интернет-технологиялар қазіргі заманда компьютерде ақпаратты тасымалдау мен өңдеу аймағындағы ең дамып келе жатқан және қолайлы мүмкіндік болып табылады. Осы бағытта пайдаланылатын Қолданбалы бағдарламалар саны күннен күнге артуда. Интернет бұл әр түрлі ақпарат көздеріне қолайлы жол, мысалы, өз алдына оқу, интернет-дүкендер, интернет-банкинг және басқалар. Бұл қосымшалар желілік компьютерлер технологияларына негізделген. Қолданушылардың интерактивті байланысын қамтамасыз етеді. Интернет қосымшаларды жасау ақпаратты технологиялар облысындағы мамандардың кәсіби тәжірибиелерінің ажырамас бөлігі.
Ақпараттық ағымдармен толық қамтамасыз болу үшін, жобаларды тез және тиімді жасауға мүмкіндік беретін заманға сай технологиялық шешімдерді қолдану керек.
Көптеген web-дизайнерлердің ойынша web-дизайнның негізгі мәселелерінің бірі – HTML мен сценарийды әрқайсысы әртүрлі қолдайтын броузерлер мен платформалардың болуы. Әрбір жаңа броузерлерді шығару, олардың сипаттары және мүмкіндіктерін жақсартады, бірақ бұл бұрынғы шығарылғандар нұсқалары жоғалады деген сөз емес. Біреулер өзінде барын қанағат тұтса, ал басқалары компьютерлік фирмалар мен мекемелер олар үшін таңдап берген броузерлермен жұмыс істейді.
Web-дизайнда қатал ережелер жоқ. Негізгі міндет – парақтағы мәліметтерді мүмкіндігінше көп тұтынушылардың пайдалануы, және де оларды жетілдіре түсу үшін нақты негіздегі жаңа технологияларды қолдана отырып тәжірибелер жасап сынақтан өткізу. Дизайнерлік шешімдердің негізі көпшілік көңілінен шығу және сайттың пайдалануын нақты айқындау.
Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer броузерлері. Қазір қолданушылар арасында негізінен екі броузер басымдылыққа ие: Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer. Олар барлық нұсқаларын ескергенде қазіргі күнде қолданылатын броузерлердің 90% жуығын пайдаланады.
Бұл екі броузер пайдаланушылар арасында өзара басымдылыққа таласуда. Олардың өзара таласуының нәтижесі HTML фирмалық коллекциясын тудырды, және де өзара үйлесімсіз әртүрлі технологияларды (айналымнан шыққан Dynamic HTML, және де JavaScript пен Cascading Style Sheets – үлгілердің касскадтық кестелері) пайда қылды. Екінші жағынан Netscape және Microsoft араларындағы бақталастық web ортасының жедел дамуына әсер етті[1].
Көптеген web-авторлары өз жұмыстарын Navigator және Internet Explorer жүйелеріне бағыттайды, себебі олар пайдаланушылар арасында кең тараған. Олардан басқа да бірнеше броузерлер бар екенін естен шығармаған дұрыс.
Macintosh компьютерлері үшін жасалған Internet Explorer 4.0 нұсқасында windows үшін жасалынған функциональдық мүмкіндіктердің көпшілігі жоқ, сондықтан 4.0 нұсқасының кейбір ерекше мүмкіндіктері пайдаланушыларға жетіспейді.
Кейбір құжатталған айырмашылықтар мен кемшіліктер: іштестірілген қаріптардың қолдауының болмауы; CSS фильтрлерінің қолдауы және өтулердің (мәтін элементтерінде пайдаланылатын объектілер беретін көлеңкелерді бақылаудың әсері болмауы); мультимедианы (авторлық мультимедиялық программалар ортасысындағы құрылатын өтулер мен анимациялар әсерлері) басқару элементтерін басқарудың болмауы; DHTML-ді іске асыру мәселелері.
America Online броузерлері. America Online (AOL)-ді пайдаланушылар келесі жеті броузерлердің (платформаларға және AOL нұсқасындағы программалық қамтамасыздандыру (пқ) ) бірін қолданады, олардың кейбіреулері HTML-дің ең аздаған ғана қолдау мүмкіндіктерін пайдаланады.
Қазіргі технологиларда America Online соңғы нұсқасы – бұл нұсқа 3. 0 және Microsoft Internet Explorer 3.0 броузерінің жетілдірілген нұсқасын пайдаланады. Бірақ бұл нұсқаға және де MS Internet Explorer 3.0 стандарт нұсқасына көп сене беруге болмайды. Көптеген Web құраушылар өз сайттарын (басқа негізгі броузерлердің көбінде өте тамаша жұмыс істеген) көріп бірнеше рет өкінішке келді, себебі олар AOL жүйесінде жұмыс істегенде өз броузерінің бейнеленгенін көрді.
1.2 Internet технологияны өңдеу ерекшеліктері.
Алғашқы компьютерлер арқылы мәлімет айырбастау 50-жылдарда-ақ басталған және ол тәжірибелік мағанада болған. Тек 60-шы жылдардың аяғында АҚШ-тың қорғаныс министірлігінің өңдеу агентінің қаражатында бірінші ұлттық масштапқа желі құрылды. Бұл желі бірінші ғылыми зерттеулер білім орталықтарын біріктірді. Оның басты мақсаты – ғылыми техникалық жобалармен жұмыс істейтін ұжым топтарын бағыттау және негізгі жұмысы электрондық почта мен ғылыми, жобалы қарастыру құжаттық файылдарды алмастыру.
ARPANET ЖЕЛІСІ 1969 ЖЫЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ. Сол уақытта желіге кіретін аздаған түйіндесу жүйелері, белгіленген желілер арқылы байланысқан. Ақпаратты қабылдау және жолдама ұмыстары, түйіндесу жүйелерінде орналасқанкомпьютерлердегі бағдарламалар қамтамасыз етіледі.
Желі жаңа түіндесу жүйелерінің қосылуы арқылы ұлғаяды, ал 80 жылдардың басында едәірүлкен түйіндесу жүйелерінде аймақтық желілер ARPANET-тің алпы архитектурасын біраз төменгі деңгейде қаталайды.
Есептеу құралдарының ішінде әрдайым аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандырудың бірлік принципі кіреді. ARPANET-тің ұлғаюы аппараттық жүйелерді және торларды қосу арқылы атқарылған уақытта, Интернет 1983 жылы ЖАСАЛҒАН. Осы жылы компьютерлік байланыстың бағдарламалық қамтамасыздандырылуы революциялық өзгеріске ұшырады. Интернеттік жасалған күні ТСР/ІР протоколының стандартизациялау күні болып есептеледі. Осы ерде ТСР/ІР-дің желілік протокол емес, екі протокол екенін айтып кеткеніміз жөн, олар әртүрлі деңгейде жатыр, басқаша айтсақ бұл құжаттың тіркесуі ТСР құжаты – тасымалдаушы деңгейінің құжаты. Ол мәліметтік тасымалдамасын басқарады. ІР құаты мекен-жай. Ол желілік деңгейге атады және мәліметтік қайда тасымалданып жатқанын белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |