Реферат Тақырыбы: «Портфолио»



бет1/4
Дата25.11.2022
өлшемі28.29 Kb.
#465750
түріРеферат
  1   2   3   4
Шырын портфолио бағ


Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігі 
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Филология” факультеті
Қазақ тілі мен әдебиет” кафедрасы
Реферат


Тақырыбы: «Портфолио» əдісі жəне жəне оның шығу тарихы
Қабылдаған: Бескемпірова Г
Тобы: Фи-20-1к1
Орындаған: Мекенбай Ш.К
Шымкент 2022
Жоспар:
1. Оқушы портфолиосы
2. «Портфолио» əдісі - оқытудың ең нəтижелі əдісі.
3. Портфолио – оқушының жұмыстары мен жетістіктерінің айғағы
4. Портфолионың қызметтері
Пайдаланылған әдебиеттер

Оқушы портфолиосы
Мектеп оқушыларына ақпараттық және коммуникациялық технологияларды игерту қазіргі заманда әрбір жеке тұлғаның оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге әрбір адам үшін қажетті шартқа айналуда. Мектеп оқушыларын, еліміздің болашақ кәсіби мамандарын заман талабына сай тәрбиелеу және оларға жаңаша көзқарас қалыптастырып, шапшаң шешiм қабылдауға бейiмделудi үйрету - ұстаздар алдында тұрған үлкен міндет. Мектеп қабырғасындағы оқушылардың алған білімдері, жоғарғы оқу орындарындағы кәсіптік дайындық – маманның өз жұмысына деген шеберлігін қалыптастыруға үлкен ықпалын тигізеді. Педагог ғалым А.Дистервергтің “Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді“ дейтін қанатты сөзі, мұғалімнің негізгі мақсаты оқушының өз бетімен іс-әрекетін дамытуға бағытталуы тиіс екендігіне көз жеткізеді. Баланың жан жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамның қабілетіне қарай жүргізілетін шығармашылық әрекеттерінің толық іске асырылуы тек оқытудың негізгі кезеңдерін толық меңгерген ұстаздың көмегімен іске асатыны баршаға мәлім. Ғылым мен техниканың күн сайын жаңара жаңғырып дамуында күнделікті оқушыға жүргізілетін әрбір пәннің, әрбір сабақтың алар орны ерекше. Ендеше, оқушылардың сабақ барысында белсенділігін көрсетуіне, өзіндік шығармашылық iс-әрекетін дамытуына мұғалімнің шеберлігі аса қажет. Оқушылардың шығармашылық әрекеті – күнделiктi оқу жұмыстарында оқу-танымдық тапсырмаларды жүйелi пайдалану, оқушының жеке ерекшелiктерiне сай оқытудың дәстүрлi емес формаларын пайдалану арқылы бiрте-бiрте қалыптасатын күрделi үрдiс. Шығармашылық iс-әрекет күрделi процесс болғандықтан, мұғалiм мен оқушының бiрлесiп жасайтын сапалы әрекетiн керек етедi. Білім беруде, білім мазмұнын оқушының толық меңгеруінде оқытудың педагогикалық жаңа технологияларының алатын орны ерекше. Қазіргі компьютер мен интерактивті бағдарламалық әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушылардың қарым-қатнастық формаларын өзгертіп, мұғалімді ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушы жастардың білімге деген ынтасын арттырып, оқушылардың өздігінен жұмыс жасап, көп ізденулеріне бағыттайды. Оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді қажет етеді. 
Ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңінде, оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары негізінде «оқушы портфолиосы» ұғымы пайда болуда.
Интернет беттерінде, кейбір әдебиеттерде: «Оқушы портфолиосы - оқушының барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның білім-біліктілігінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы» деген анықтама берілуде. Оқушы портфолиосы - оқушының жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері. «Портфолио» термині - педагогика саласына саясат пен бизнестен келген сөз. Портфолио оқушының оқу-танымдық іс-әрекет өнімдерімен жұмыс жасау технологиясын, формасын, ұйымдастыру үрдісін қарастырады. Өзінің іс-әрекеттер нәтижелеріне баға беруге, оларды талдауға және жеке субъективтік позициясын саналы түсінуге арналған. Ең алдымен оқушы портфолиосының түрлеріне тоқталайық:
Мақсаты бойынша:

  • жекеменшік портфолио (өзі үшін арналған);

  • есептік (басшылық үшін); 

  • жобалық (ұжым мен ұйым дамуы үшін);

Мазмұны бойынша:

  • жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы);

  • рефлексия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау); 

  • проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті шешімдер);

  • тақырыптық (негізгі пәндер бойынша маңызды жұмыстар).

Оқушы портфолиосының негізгі функциялары:



  1. Жинақтаушы: оқушы жұмыстарының жиынтығы. 

  2. Үлгілеуші: оқушының жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы.

  3. Рефлексия-шығармашылық: түрлі технологиялар мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет