ФМБ НЗМ
Эссе
Тақырыбы:
Интернетті қолдану саласындағы
соңғы әлемдік үрдістер
Орындаған: Әбжанова Айназым Жаңажанқызы
Класс: 11"А"
Тексерген: Жұмабаев Қайрат Саматұлы
2014жыл, Ақтөбе қаласы
Интернетті қолдану саласындағы соңғы әлемдік үрдістер
Бұл эссені жазудағы басты мақсатым – соңғы жиырма жылдықта ғаламды жайлаған интернеттің соңғы үрдістерін анықтау. Сонымен қатар, осы эссемде әртүрлі елдердегі интернет қолданушылардың жас пен жыныстық ерекшеліктеріне қарай таралуын қарастырамын. Алға қойған мақсаттарымды орындау үшін, ең алдымен үрдіс деген терминге қысқаша анықтама беріп кететін болсам, Үрдіс дегеніміз әлемде болып жатқан барлық соңғы және жаңа жаңалықтар және мәліметтердің өсу көрсеткіші.Тарихқа көз жүгіртсек, алғашында интернет желісі лабораториялардың байланысы мақсатында қолданылғандығын білеміз. 1994 жылдан бастап кеңінен таралып, басқа да мақсаттарда миллиондаған адамдарды байланыстыру үшін қолданылған. Әртүрлі ақпарат көзі ретінде үйде, мектепте, жұмыс орындарында интернет желісі бола бастады. Әлеуметтік желі мен ұялы телефон интернет желісінің қолданылуын арттырды 2004 жылы құрылған уақыттан бастап Facebook әлеуметтік желісі бүкіләлемдік желіні 1000 миллион қолданушыға көбейтіп, соңғы әлемдік үдерісті көрсетті. (www.internetworldstats.com)
Соңғы мәліметтерге қарасақ, 1995-2010 жылдар аралығындағы интернет қолданысының өсуін біле аламыз. Жылдан жылға бұл көрсеткіштер өсіп келетіндігін байқаймыз. 1995 жылдан 650 миллион адамға дейін жетті. Ал 2010 жылы бұл көрсеткіштер шарықтау шегіне жетті яғни ең биік нүктесіне жетті. Бірақ бұл көрсеткіштер тоқтап қалған жоқ.
Интернетті қолданушылар саны күннен күнге қарқынды түрде өсіп келеді. 2008 жылы алынған мәліметтерге сүйенсек, ғаламторды қолданушылар саны интернет пайда болғаннан бергі небәрі 15 жыл ішінде, яғни 1995 жылдан 2010 жыл аралығында года 1 млрд. 650 млн. адамға дейін жеткендігі анықталған. Бұл статистиканың 2010 жылы шарықтау шегіне жеткендігін анық байқаймыз. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш мұнымен тоқтамайды, әрине, күннен күнге өсім көбейеді. Дегенмен, бұл өсу деңгейіне қарамастан ғаламтор желілері барлық аудандар мен қалаларда біркелкі орналастырылмаған. Барлық қолданушылардың жартысынан астамы Азияда орналасқан. Ал бұдан кейінгі орынға Австралия тұрақтаған.
Дегенмен, интернеттің пайда болуының кейбір жағымсыз әсерлері де бар. Сонымен қатар сауатсыздық та бүгінгі күні әлемді жайлаған дерт болып отыр. Әсіресе, сауатысыздық белең алған елдер Африка, Латын Америка, Оңтүстік Америка және Оңтүстік Азия елдері, тіпті Қытайда да сауатсыздық жоғарғы рейтингке ие. Берілген ақпараттардан Интернетті жоғары көрсеткіште қолданатын елдерде соғұрлым әлеуметтік және т.б мәселелер ушыға түседі деген қорытындыға келуге болады.
1-сурет:
Оны мына диаграммадан әр түрлі елдердегі интернетке тәуелділіктен көре аламыз. Ең жоғарғы көрсеткіш Швеция елін 64 % -ын құрап тұр. Ал төменгі көрсеткіш 1% Үндістан елінде. Бұл жерде интернеттің қаншалықты дамығандығын сонымен қатар, адамдардың ғаламторға деген тәуелділігін көре аламыз. Ал Қазақстан елі 5% көрсеткіште болып, интернетке тәуелділіктің төменгі дәрежесін көрсетеді.
Ұлттар арасындағы интернет қолданудағы айырмашылықтарға келер болсақ,яғни ғаламтордың негізгі қолданушыларының қатарын американдықтар,нақтырақ айтсақ еуропойттық нәсілдер құрайды екен. Ал, дін жағынан айырмашылықты қарастырсақ, христиан дінін ұстаушылар интернетті басқа дін ұстанушыларға қарағанда көп қолданады. Себебі, бәрімізге де белгілі әлім халқының екі миллиардтан астамы осы дінге бағынады, демек қаншалықты адам саны көп болған сайын, соншалықты қолданушылар да көп дегенді білдіреді.
Енді, әлемдегі интернетті қолданушылардың жыныстық айырмашылықтарын қарастырайық. Төмендегі суреттен қай жас аралығын алсақ та, ер адамдар интернетті әйел адамдарға қарағанда көп қолданатындығын көруге болады. Соның ішінде, атап өтетіндігі 25-34 жас аралығында интернетті қолданушылар саны әлдеқайда жоғары көрсеткішке ие, яғни әйел адамдар 15,3% , ал ер адамдар 23.7%-ды көрсетеді.
Келесі бір деректерге сүйенсек, алдағы уақыттарда интернетті қолдану тоқтап қалмақ емес. Күннен-күнге қолданушылар саны өсіп, олар планшеттер, смартфондар мен машинадағы интернет желілер, жалпы айтсақ жаңаша ттехнологияларды қолданбақ. Төмендегі графиктен 2012 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта ғаламтордың «жанкүйерлерінің» үш есеге дейін өсетіндігін байқаймыз (тігінен 1 айда қанша петабайт, көлдеңінен 2012 жылдан 2017 жылға дейінгі өсу көрсеткіші: күлгін түс- Орталық Шығыс және Африка, көк түс-Азия, қызыл түс-Солтүстік Америка, жасыл түс- Батыс Европа, ашық көк түс- Орталық және Шығыс Европа, сары-қоңыр түс- Латын Америка) ( http://motherboard.vice.com)
8-сурет
Қорытындылай келе, әлемдегі дамыған және дамушы елдердегі ғаламторды қолдану саласының үрдістерін қарастырып, әртүрлі сенімділігі жоғары дереккөздерден мәліметтер жинау арқылы алға қойған мақстыма жеттім. Интернетті қолданушылардың басым бөлігі жастардан, соның ішінде ер адамдардан құралған. Сонымен қатар, алдағы уақыттарда да интернетті қолдану жаңашылдыққа ие болуы мүмкін. Дегенмен, болашақта ғаламтордың үстінен басқа жаңаша технология шығып, оның орнын басатынына кім кепіл?! Бірақ ғаламтор адам өмірінде қатынас құралы ретінде пайдаланылып қала бермек. Менің ойымша, Адамдардың ғаламторды шектен тыс пайдалануы алдағы кезеңде үлкен регресске әкеледі. Себебі, халық әлеуметтік желі арқылы сөйлесе берсе, тіл және сөйлеу мәдениетінен айырылуы мүмкін. Бұл жолды болдыртпас үшін, яғни әлеуметтік желілердің адам миын жаулап алуын тоқтату үшін алдағы уақытта көптеген жұмыстар жасалуы керек. Менің ойымша, ендігі қағаз жүзіндегі бос сөзден, халыққа пайдасын тигізетін іске көшетін уақыт болған сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |