«Инвестициялық жобаның «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысына қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық баға беру» мемлекеттік қызмет стандарты



бет1/2
Дата03.07.2016
өлшемі395.06 Kb.
#174376
  1   2


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы «___» ____________ № Қаулысымен бекітілді


«Инвестициялық жобаның «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысына қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық баға беру» мемлекеттік қызмет стандарты


  1. Жалпы ережелер




  1. Мемлекеттік қызмет атауы «Инвестициялық жобаның «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысына қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық баға беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

  2. «Инвестициялық жобаның «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысына қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық баға беру» мемлекеттік қызмет стандарты» (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен әзірленген.

  3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстандық индустрия дамыту институты» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетеді.




  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі




  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қызмет алушы қызмет көрсетушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейін құжаттар пакетін тапсырған сәттен – 24 (жиырма төрт) жұмыс күні белгіленеді:

  1. құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтуге берілетін ең көп уақыт – кемінде 30 минут;

  2. келген күні орында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге берілетін ең көп уақыт – кемінде 30 минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз жүзінде.

  2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі инвестициялық жобаның «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысына қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық бағалау қорытындысының көшірмесі және Инвестициялық жобаны мониторингілеу туралы келісім қорытындысы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдағыштағы дәлелденген жауап болып табылады.

  3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  4. Қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

  5. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы қызмет көрсетушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама;

  2. Бағдарламаға қатысу туралы өтініш және осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алу;

  3. осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоба паспорты;

  4. ерікті нысанда құрастырылған жоба бойынша слайд-презентация;

  5. инвестициялық жобаның консалтингтік компаниямен әзірленген кешендік жоспары немесе инвестициялық жобаның өтініш берушінің өзімен әзірленген консалтингтік компанияның сараптамалық бағасы бар кешендік жоспары;

  6. өтініш берушіге қызмет көрсететін банк(тер) тен кәсіпкерлік субъектісі міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы қол қойылған және мөрі бар анықтама түпнұсқасы;

  7. тиісті салық органынан салық берешегі мен міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдардың жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасы;

  8. акционерлік қоғамдар үшін соңғы қаржылық жылға (қызмет алушы құжаттар пакетін ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін ұсынған жағдайда, соңғы қаржылық жыл алдындағы қаржылық жылға арналған аудитор қорытындысының көшірмесі қоса берілуі мүмкін) аудиторлық қызметті жүзеге асыру лицензиясы бар аудитор қорытындысының көшірмесі (лицензия көшірмесі қоса беріледі);

  9. заңды тұлғаның құқықтық қабілетін растайтын құжат көшірмелері (жарғы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі, статистикалық карточка (болған кезде), лицензия және (немесе) патент, куәлік, сертификат, диплом, өтініш берушінің тауарды өндіру, қайта өңдеу, жеткізу және сату құқығын растайтын басқа да құжаттар (болған кезде жаңа жобалар үшін);

  10. қоршаған ортаға ықпал етуді алдын ала бағалаудың мемлекеттік экологиялық сараптамалық қорытындысы («ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» құралын алу кезінде).

Құжаттар пакеті қағаз және электрондық тасымалдағышта: мәтіндік құжаттар Word-форматты файлдарда, есептері бар кестелер Excel-форматты файлдарда ұсынылады.

Құжаттар пакеті бір папкаға жиналып, барлық құжат парақтары нөмірленуге тиіс, бір парақтан асатын құжаттар тігіліп, қызмет көрсетушінің мөрімен бекітілуге және ол қызмет көрсетушінің қолымен расталуға тиіс.

Инвестициялық жобаның кешендік жоспары нөмірленуге, түптелуге, тігілуге, тігілген және нөмірленген парақ сандары жөнінде жазба жасалған қағаз пломбамен бекітілуге, сондай-ақ оған қызмет көрсетушінің бірінші басшысының мөр баспа-таңбасы бар қолы қойылуға тиіс. Қол мен мөр баспа-таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжат парағына қойылуға тиіс. Инвестициялық жобаның кешенді жоспары консалтингтік компаниямен әзірленген жағдайда, инвестициялық жобаның кешенді жоспарына консалтингтік компанияның басшысы кешендік жоспардың титул парағына мөр баспа-таңбасы бар қолды қояды. Қызмет алушы инвестициялық жобаның кешенді жоспарының түпнұсқасымен бірге оның бірінші басшының қолымен және қызмет алушы мөрінің бастап-таңбасымен куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс.

Инвестициялық жобаны қарауға берілетін өтінішке қызмет алушының атынан құжаттарға қол қою өкілеттігі берілген адам қол қоюға тиіс. Құжаттарға сенімхат арқылы қол қойылған жағдайда, соңғысы құжаттарға тігілуге тиіс.

Жоба қызмет алушысы барлық бастапқы құжаттардың толықтығы мен дұрыстығына, сондай-ақ ұсынылған құжаттарда көрсетілген барлық есептердің нақтылығы мен негізділігіне жауап береді.

Инвестициялық жобаның кешенді жоспары Бағдарлама әкімшісі бекіткен Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесіне сәйкес әзірленеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жеңілдіктер көзделмеген.


  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

  1. осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған;

  2. қызмет алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 Қаулысымен бекітілген мынадай критерийлерге сәйкес келмейді:

осы Бағдарламаның 4-қосымшасына сәйкес, Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырады және (немесе) жүзеге асыруды жоспарлайды;
машиналар мен жабдықты жөндеу және орнату бойынша қызметтерді көрсету саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, осы Бағдарламаның 5-қосымшасында ұсынылған өнімді шығаруды жүзеге асырады және (немесе) жоспарлайды (ЭҚТЖ коды 33);
қаржылық тұрақты (банк(тер) немесе банк(тер) филиал(дар)ы алдындағы міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы және салық берешегінің және т.б. болмауы); инвестициялық жобаның кешенді жоспары бар (инвестициялық жобаның кешенді жоспары өтініш берушінің өзімен немесе Бағдарлама әкімшісі бекіткен тізбеден консалтингтік компанияларды тарту арқылы әзірленуі мүмкін).


  1. Мемлекеттік қызмет көрсетімдері мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, қызмет көрсетушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі




  1. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану бойынша түсіндірмелерді, сондай-ақ шағымды дайындауға көмек көрсетуді Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің мамандары Астана қаласы, «Транспорт Тауэр» ғимараты, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, № 1711 кабинет, 8 (7172) 24-14-07 телефоны бойынша жүзеге асырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген немесе дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайында орналасқан Комитетке ерікті нысанда қағаз тасымалдағышта беріледі немесе қызмет алушының заңмен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Қабылданған шағым Комитет кеңсесінде тіркеледі. Шағымның қабылданғанын шағымды берген қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні, шағымға жауап алу мерзімі мен орны, шағымды қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетілген талон растайды.

Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен көзделген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері есебінен өзге талаптар




  1. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 Қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасына қатысуға өтініш берген заңды тұлғаларға – кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі – қызмет алушы) көрсетіледі.

  2. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына жататын адамдарға мемлекеттік қызметті көрсету мүмкіндіктің болмауы немесе қызмет көрсетушіге келе алмауы есебінен сенімхат бойынша немесе 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 25, «Аңсар» бизнес орталығы, 1310-кабинет мекенжайы бойынша пошта байланысының көмегімен қажетті құжаттар пакетін ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Қызмет көрсетуші интернет-ресурсының мекенжайы www.kidi.kz, www.productivity.kz, www.mint.gov.kz.

  3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: (1414) не мына телефон нөмірлері бойынша: 8 (7172) 796472, 796491, 796459, факс (7172) 796497.

  4. Мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қызмет алушыға арналған қысқаша ақпарат осы стандарттың 6-қосымшасында көрсетілген (Мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қызмет алушының жаднамасы).

«Инвестициялық жобаның

«Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысына қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық баға беру» мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша


Кәсіпкерлік субъектісінің

САУАЛНАМАСЫ

 

(кәсіпорынның толық атауы)



________________________________________________________________________________

Заңды мекенжайы: _________________________________________________________

(индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше)

Бірінші басшы (Т.А.Ә., лауазымы, пошталық мекенжайы және жұмыс телефонының нөмірі):_______________________________________________________________________

Құрылған жылы: ____________________________________________________________

Сала: ___________________________________________________________________

Қызметтің негізгі түрі (ЭҚТЖ коды көрсетілген):____________________________

Шығарылатын өнім номенклатурасы (КО СЭҚТН коды көрсетілген)______________

________________________________________________________________________________

Кәсіпорын қызметкерлерінің саны: _________________________________________

Кәсіпорынның белгіленген қуаттылығы:____________________________________________________________________

Қуаттардың жүктемелілігі (%): ________________________________________________

Өндірістік жабдықтың тозуы (%):____________________________________

Ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ долл./адам).: __________

Ағымдағы энергия тұтыну (кВт.сағ./теңге): ______________________

Жоба Мемлекеттік және/немесе Салалық бағдарламалар қатысушысы болып табыла(ды) ма (болып табылса, қандайда екендігін көрсетіңіз): ______________________________________________________

________________________________________________________________________________

Бағдарлама шеңберінде қандай мемлекеттік қолдау құралын пайдалану жоспарлануда (қажеттісін белгілеңіз )



  • инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу үшін төлем;

  • ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну;

  • инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шетелде арттыруға;

  • жоғары білікті және шетел мамандарын тартуға;

  • консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға;

  • басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттарды ұсыну.

Сауалнаманы толтырған байланысатын адам (Т.А.Ә., лауазымы, телефоны, электрондық мекенжайы):

________________________________________________________________________________
Сауалнаманы толтырған күні ____________

Қолы _______________

«Инвестициялық жобаның

«Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысына қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық баға беру» мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша
«Өнімділік 2020» бағдарламасына қатысу үшін берілетін

ӨТІНІШ

және мемлекеттік қолдау шараларын алу
(ұйым атауы)

«Өнімділік 2020» бағдарламасына қатысу және мынадай мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін қажетті құжаттар пакетімен осы өтінішті жолдайды: (қажеттісін белгілеңіз)


  • инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу үшін төлем;

  • ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну;

  • инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шетелде арттыруға;

  • жоғары білікті және шетел мамандарын тартуға;

  • консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға;

  • басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттарды ұсыну.

Жоба атауы:_________________________________________

Жоба мерзімдері мен құнының мазмұны, негіздемесі қоса берілген құжаттарда келтірілген. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.

Қосымша ___ парақта:


  1. жоба паспорты;

  2. жоба бойынша слайд-презентация;

  3. инвестициялық жобаның кешенді жоспары;

  4. кәсіпкерлік субъектісіне қызмет көрсететін банк(тер)тен кәсіпкерлік субъектісінің міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасы;

  5. тиісті салық органынан салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасы;

  6. соңғы қаржылық жылға аудитор қорытындысының көшірмесі (акционерлік қоғамдар үшін);

  7. құқық белгілейтін құжат көшірмелері;

  8. қоршаған ортаға ықпал етуді алдын ала бағалауға (ҚОЫБ) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы («ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» құралын алу кезінде).

_______________________________________

(өтініш берушінің атынан құжаттарға қол қою өкілеттігі берілген адамның лауазымы)

(М.О.)


____________________

қолы/тегі/               



«Инвестициялық жобаның

«Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысына қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық баға беру» мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша
ЖОБА ПАСПОРТЫ

(жобаға өтініш беруші толтырады)




    1. Кәсіпорынның толық атауы.

    2. Кәсіпорын басшысы (Т.А.Ә., лауазымы).

    3. Жоба басшысы (Т.А.Ә., лауазымы).

    4. Ағымдағы өндіріс сипаттамасы.

    5. Кәсіпорынның белгіленген қуаттылығы.

    6. Қуаттардың ағымдағы жүктемелілігі (%).

    7. Өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (%).

    8. Ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ долл./адам).

    9. Өндірістің ағымдағы энергия тұтынуы/энергияны жұмсауы (кВт.сағ./теңге).

10. Жоба атауы. Жобаға және оның жаңа, бірегей, бәсекелік және басқа басымдықтардан тұратын мақсаттарына қысқаша сипаттама. Өнімге қысқаша сипаттама, негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер.

11. Жоба жүзеге асырылатын орын.

12. Жобаның жалпы құны, мың теңге. Жобаның жалпы сомасынан меншікті қаражаттың үлесі, %. Жобаның ортақ инвесторлары және олардың қатысу көлемі.

13. Жобаны жүзеге асыру мерзімі (ай).

14. Өнімді өткізу нарығы.

15. Күтіліп отырған еңбек өнімділігінің (мың теңге/адам және мың АҚШ долл./адам) және энергия тиімділігінің ұлғаюы (кВт.сағ/теңге).




_______________________________________

(өтініш берушінің атынан құжаттарға қол қою өкілеттігі берілген адамның лауазымы)

(М.О.)


____________________

қолы/тегі/               


«Инвестициялық жобаның

«Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысына қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық баға беру» мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша


Бағдарлама қатысушыларына арналған экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚТЖ

коды


Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.07

Минералды су және басқа алкогольсіз сусындарды өндіру

Тау-кен өнеркәсібі

09

Тау-кен өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер

09.1

Мұнай мен табиғи газды өндіру саласындағы техникалық қызметтер

09.10

Мұнай мен табиғи газды өндіру кезіндегі техникалық қолдау

09.9

Тау-кен өнеркәсібінің және жер астын өңдеудің өзге салаларын техникалық қолдау

Жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндірісі

15

Былғары және оған жататын өнімді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тоз ағашы бұйымдарын өндіру, сабаннан бұйымдарды және тоқуға арналған материалдарды өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін шығару

31

Жиһаз жасау

Химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп

19.20

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

20

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіру

22

Резина және пластмасса бұйымдарын өндіру

Құрылыс материалдарын және өзге металл емес минералдық өнімді өндіру

23

Өзге металл емес минералдық өнімді өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өнеркәсібі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнімді өндіру

27

Электр жабдықтарын жасап шығару

28

Басқа санаттарға кіргізілмеген машиналар мен жабдықтарды жасап шығару

29

Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді жасап шығару

30

30.4 басқа өзге көлік құралдарын жасап шығару

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

33.1

Дайын металл бұйымдарын, машиналар мен жабдықтарды жөндеу

33.2

Өнеркәсіп техникасы мен жабдықтарын құрастыру

Өнеркәсіптің басқа салалары

32

Өзге де дайын бұйымдарды өндіру

35.11

Электр энергиясын өндіру

38.21

Зиянсыз қалдықтарды өңдеу және жою

38.32

Сұрыпталған материалдарды пайдаға асыру

Көлік және қоймалау

50

Су көлігі

51

Әуе көлігі

52

Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі

Ақпарат және байланыс

61

Байланыс

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да ілеспелі қызметтер

«Инвестициялық жобаның

«Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысына қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық баға беру» мемлекеттік қызмет стандартына

5-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет