Қырғыз селолық округінің әкімі О.Қыстаубаевтың атқарылған жұмыстар мен міндеттер туралы есебі



Дата17.07.2016
өлшемі25.19 Kb.
#205681
Қырғыз селолық округінің әкімі О.Қыстаубаевтың атқарылған жұмыстар мен міндеттер туралы есебі

Қырғыз селолық округі Қарқаралы ауданының ең ірі елді мекендерінің және халықтың көп шоғырланған аумағы болып саналады. Селолық округ 137991 га аумақта орналасқан. Округ құрамында 5 елді мекен, 10 қыстақ бар. Бүгінгі күнге 2000 - нан астам адам тұрып жатыр. Ауыл халқының 53% экономикалық белсенді тұлғалар санатына жатады. Сонымен бірге 1 орта , 1 негізгі, 1 бастауыш мектептерінде 380 астам оқушы оқиды. Округте 1 клуб, 2 кітапхана , 1 ОДА, 4 медпункт , АТС, пошта бөлімшелері , 18 дүкен, 1 наубайхана, дәріхана,шаштараз, тойхана қызмет көрсетуде.

«Арқа», «Берік», «Аслан» шаруа қожалықтары егін шаруашылығымен айналысып мол астық өндіруде.2013 жылы егін шаруашылығымен айналысатын 4 шаруа қожалығы 13 911 га жерге егін, оның ішінде 1 550 га арпа себілген еді. 14700 тн астық алынды, орташа түсім 10,6 ц/га айналды.

Мал шаруашылығын дамытудағы басты бағыт – ол мал басын асылдандыру. Бұл бағытта мал асылдандырумен шұғылданып отырған «Берік» ,«Асылан», «Рашида», «Бірлік» шаруа қожалықтарын атап өтуге болады. Ендігі жерде назар аударатын мәселе халықтың жеке меншік малын асылдандыру. Келесі жылы шаруа қожалықтары басшыларымен келісіп, асыл тұқымды бұқаларды халықтың табынына қосу.

Халықтың әлеуметтік жағдайы әрқашан басты назарда. Округ аумағында 2 жанұя 5 адам атаулы әлеуметтік жәрдемақы және 18 жанұя балалар жәрдемақысын алды. 2013 жылы 3 жанұя материалдық көмек алып отыр. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 8 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Медицина саласындағы басты бағыт – халықтың денсаулығы. Амбулатория ұжымы басқа ғиамаратқа көшірілді. Қарағанды қаласынан «Саламатты Қазақстан» атты диагностикалық емдеу автопоезы қызмет көрсетуде. Жыл ішінде 31 бала туып, 9 адам қайтыс болған. Осыған байланысты халықтың демографиялық өсу байқалуда.

Әр есепті кездесуде біраз тілек- өтініштері түседі. Оның бірі Бүркітті ауылындағы спорт кешені. Биылғы жылы маусым айында ауылға облыс әкімі Б.Т. Әбдішев ауылға келіп, спорт кешенінің жағдайымен танысып өтті. Осы мәселе бойынша қажетті мекемелерге тапсырма берілген еді. Кәзіргі уақытта спорт кешені құрылыс сараптамасынан өткізіліп, қажетті жобалық- сметалық құжаттар дайындалуда.

Ендігі мәселе мәдени саласында шешілмей жатқан мәселелер бар. Оның бірі Борлыбұлақ ауылындағы клуб ғимараты. Әр түрлі мәселелерді алдыға қойып, аудандық мәдениет бөлімі осы мәселені шешуде кейінгі қалып отыр.Бұл мәселенің шешуі мәдениет бөліміне балансқа беру және қажетті күрделі жөндеу жүргізу.

Бүркітті ауылының клуб үйінің материалдық техникалық жағдайы біршама жақсарды. Көрермен залының едені ауыстырылып,.қажетті жиғаздар алынды.

«Бизнес Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында округ аумағында 6 шағын бизнес өкілі ашылып, 2 жеке кәсіпкер 1,5 млн теңге бизнес ауқымын кеңейту мақсатында несие алды.

2013 жылы «Аймақтарды дамыту» республикалық бағдарламасы бойынша 1 млн 467 мың теңге қаражат бөлінген еді. Бұл қаражат ауыл ішіндегі асфальт жолдарын ағымдағы жөндеуге жұмсалды. Сонымен қатар ауылдың кіреберіс жолы да ағымдағы жөндеуден өтті. 2014 жылға осы бағдарлама аясында 1 млн 824 мың теңге бөлініп ,ол қаражат ауыл ішін жарықтандыруға жұмсау көзделіп отыр.

Тағы бір мәселе, тозығы жеткен электр желілерін айырбастау. Бұл мәселе де аудандық бағдарламаға кіріп отыр. Келесі жылдары өз шешімін табады деп сенеміз.



Ауылда «Нұр – Отан» бастауыш ұйымы, кәсіподақ ұйымы,ардагерлер кеңесі бар. Осы қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыру қажет.

Округтегі Бүркітті, Борлыбұлақ елді мекендерінде орналасқан, №20 орта мектеп, №42 негізгі мектептерінде 310 оқушы оқиды, оларға 47 мұғалім сабақ береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет