ТАҚЫРЫП
: ҚОҒАМНЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТЫ
Орындағандар
:
Төлеутай Аружан
Тағыберген Айса
Төлендіқызы Жадыра
Тайпова Гүлдана
Төлеутайева Мадина
Құмыролла Құрманғазы
МФК: 213
ЖОСПАР
:
1. Қоғам
2. Қоғамдық қатынастардың ерекшелігі
3. Әлеумет
4. Әлеуметтік әдіс
5. Әлеуметтік бағыт
6. Қоғамдық бағыт
7. Қортынды
ҚОҒАМ
Қоғам – жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ,
белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас,
өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар
мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал
ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең
маңызды ұғымдардын бірі болып
табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе
оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық
және саяси институттары мен анық шекаралары
бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын
мағынасында пайдалану бірқатар қиындықтар мен
кикілжіндер туғызып отыр
Қоғамдық қатынас мынадай
ерекшеліктерімен сипатталады:
1)
қоғамға қажетті қатынас түрлері
болады;
2) субъект (жеке адам, адамдар) топтық
сипатта болады;
3) қоғамның объективтік сипаты
болады, яғни қоғам адамдар сол
қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған
қарамастан өмір сүреді.
ҚОҒАМДЫҚҚАТЫНАСТАРДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІГІ
ӘЛЕУМЕТ
Қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде
жамағат, қауым, жұртшылық
мағынасында қолданылған ұғым. Ол
отбасынан, ағайын, туыс, жекжат-
жұраттан бастап, ел-жұрт мағынасына
дейін қамтиды. Мысалы, халық ауыз
әдебиетінде жиі кездесетін “Алқалаған,
әлеумет, Сөзіме құлақ салыңыз” дегенде
әлеумет ұғымы ағайын мәніне жақын
болса, “Әлеумет, көрдің, міне, жаңа
заңды” (К. Әзірбаев) деген өлең
жолында — бұқара, жұртшылық мәніне
ие болып тұр. Әлеумет ұғымының қазіргі
заманғы мағынасы қоғам, қауым,
қауымдастық сөздерінің ғылыми
ұғымдарымен мәндес.
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ
Қоғамдағы сапалы жаңа әлеуметтік
қатынастардың, институттардың,
нормалар мен құндылықтардың пайда
болуына әкелетін өзгерістер.
Қоғамдық дамуға белгілі бір белгілер
тән: қайтымсыздық, бағыттылық және
заңдылық. Қайтымсыздық – сандық
және сапалық өзгерістердің
жинақталу процестерінің тұрақтылығы.
Бағыт – жинақтау жүретін сызықтар.
Жүйелілік – өзгерістерді жинақтаудың
қажетті процесі.
ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТ
Тілді ең алдымен әлеуметтік құбылыс,
адамдардың қоғамдық жағдайы,
қызметі, білімімен тағы басқа
байланысты қарым-қатынас құралы деп
түсіндіретің ағымдар мен мектептердің,
жеке көзқарастардың жиынтығы. Осы
тұрғыда әлеуметтік тіл білімі әлеуметтік
бағытка қатысты болып келеді. Бірақ
«Әлеуметтік бағыт» термині көбінесе жас
грамматизмнің индивидуалды
психологизміне, сондай-ак идеалистік
неофилологияға қарама-қарсы
әлеуметтік құбылыс ретінде шетел тіл
білімінде қолданылған
ҚОҒАМДЫҚ БАҒЫТ
Бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың
жиынтығын және олардың
арасындағы екі жақты қатынасты
айтамыз. Біріншісі, қоғам – адамның
өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ,
адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам
жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол
сол жеке адамдардың өзара
қатынасын көрсетеді. Жеке адам
қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол
сонымен қатар бірнеше ұжымдардың
мүшесі болады
ҚОРТЫНДЫ
“Қоғам” аталатын адамдар қауымының күрделілігі, көп
қырлылығы, сонымен қатар тұтастығы оны әлеуметтік жүйе
ретінде қарастыру қажеттігін алға тартады. Қоғам бір текті
емес: оның алуан реттегі, әрқилы сипаттағы әлеуметтік
құбылыстар мен процестердің бірсыпырасын қамтитын
өзіндік түзілімі мен құрамы бар. Әлеуметтік жүйенің
құрамдас элементтері адамдар, әлеуметтік байланыстар
мен іс-әрекеттер, әлеуметтік қарым-қатынастар мен өзара
әрекеттесулер, әлеуметтік
институттар
мен
ұйымдар
,
әлеуметтік топтар, қауымдар, әлеуметтік нормалар мен
құндылықтар т.б. болып табылады. Олардың әрқайсысы
өзара тікелей байланыс құрып, қоғам өмірінде ерекше
орын алады әрі өзіне лайықты рөл атқарады. Осы орайда,
ең алдымен, қоғамның құрылымын анықтап, оның
маңызды элементтерін ғылыми тұрғыдан саралау, сондай-
ақ әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылатын қоғам
өміріндегі олардың орны мен рөлін, өзара байланыстары
мен әрекеттесулерін түсіндіру
социология
ғылымының
басты міндеті. Өзінің құрылымы арқасында ғана қоғам
емін-еркін, бейберекет жиылған тобырдан да, өзінің жөнге
салынған құрылымы бар өзге әлеуметтік құбылыстардан да
мүлдем ерекше тұрады, демек, басқаша сапалық
қасиеттерге ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |