Павлодар 2023
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Павлодар педагогикалық университеті
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
БАЯНДАМА
Тақырыбы: В.фон Гумбольдтың тіл концепциясы
Пән: Жалпы тіл білімі
Орындаған: Жанболат Назерке ҚТӘ-41
Қабылдаған: Сарыбаева Баян Жумашевна
Мақсаты: Концепция сөзінің мағынасын ашу, Гумбольдтың зерттеулеріне шолу жасау. Гумбольдтың тілдік концепциясын саралау. Теориялық тұрғыдан тақырыпты жан-жақты қарастыру.
Дамытушылығы: Тіл абстрактілі, жалпылама ойлауды және адам танымының деңгейін жүзеге асырудың таптырмас шарты болып табылады.
Жұмыстың ұстанымдары: жүйелілік, теорияның практикамен байланысы, түсініктілік.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, саралау, дәлелдеу, өз ой тұжырымымды жасау.
Жоспар:
Кіріспе
Тіл білімі және В.фон Гумбольдт
Негізгі бөлім
1. В.Гумбольдтың тіл туралы ілімі
2. В.Гумбольдт тұжырымдамасы
Қорытынды
Глоссарий
Тест
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тіл білімі және В.фон Гумбольдт
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Тіл бұл мәдениеттің өзара әсері мен арақатынасы, тілдегі рухани және материалдық құндылықтардың көрінісі. Айтылған ой жайында В.фон Гумбольдтің: “Тіл –халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген тұжырымы – жаңа ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны немесе қағидасы. Соның негізіндегі адамзаттың дүниені тану мен ойлау Тіл білімінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш рет ғылыми теориялық деңгейде В.фон Гумбольдт зерттеді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:. Менің зерттеу нысаным Гумбольдтың тіл концепциясына қатысты болғандықтан, қазіргі кездегі осы мəселенің көтерілу барысын, зерттеушілердің пікірлерін ескеру, талдау, зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім, әр бөлім жеке тақырыптардан тұрады. Жұмыс соңында қорытындымен қатар пайдаланылған әдебиеттер тізімі, глоссарий және тест берілді.
Тіл білімі ойлау ғылымдарымен қатар, лингвистика пәнінің табиғатымен түсіндірілетін, даму барысында философиямен де тығыз байланысқа түсетін танымдық салалардың қатарына жатады.
Тіл - абстрактілі, жалпылама ойлауды және адам танымының рационалды деңгейін жүзеге асырудың таптырмас шарты болып табылады.
Вильгельм фон Гумбольдт - Германияның ұлы тұлғаларының бірі, жалпы тіл білімі мен тіл философиясының негізін қалаушы болып саналады. Көрнекті неміс ойшылының зерттеу нысаны тек қана тіл білімі емес, одан бөлек, философия, әдебиеттану, классикалық филология, өнер теориясы, мемлекет құқығы сынды салаларды қамтыды.
Оның тамаша білімі және материалдық әл-ауқаты оған монархтармен және көрнекті саяси қайраткерлермен ғана емес, ғалымдармен, жазушылармен және ақындармен, соның ішінде Гете, Шиллермен тығыз достық қарым-қатынаста болуына ықпал етті.
В.Гумбольдт лингвистер арасында бірінші болып өзінің тұжырымдамасын саналы түрде лингвистикалық принципке негіздеді: "Тіл өлі өнім ретінде қарастырылмауы керек. Ол шығармашылық процесс ретінде қарастырылуы керек".
Тіл білімі тарихында алғашқылардың бірі болып Гумбольдт тілдің жүйелік сипатын негіздеді. Гумбольдт "тілде жеке ештеңе жоқ, оның әрбір элементі бүтіннің бір бөлігі ретінде ғана көрінеді" деген қорытындыға келеді.
Гумбольдт тіл арқылы "ең жоғары және ең терең салалар мен барлығын зерттеуге" болатынына сенімді болды. Ол тілдерді салыстырудың мүлдем жаңа формасы туралы ой қозғады. Гумбольдт салыстырмалы тіл білімінің алдында тұрған міндетті былайша тұжырымдады: "Ең бастысы осында... тілге, оның шығу тегінің тереңдігіне және оның әрекет ету аясының кеңдігіне шынайы және лайықты көзқарас".[1] Дәстүрлі тәсілден алшақтап, тіл генезисі мәселесін философиялық тұрғыдан (Гердерден кейін) түсінген Гумбольдт болды.
Достарыңызбен бөлісу: |