Қазақ елі
Біз «қазак» деген елміз
Біздің валюта –тенгеміз
Тату-тәтті біргеміз
Болашаққа сенеміз
Біздің қазақ халқымыз
Жақсы ел де жер де осындай
Жері қең елі тең
«қазақстан» деген осындай
Қыс
Қыстың ақ бояуы
Көрпеге жер оранды
Балалар ойнап далада
Сырғанаққа тояды
Ақ мамық қарды жер
Балалар ойнап күлуде
Мұзайдында сырғанап
Астана
Әсем қалам Астанам
Құтты болсын мерейің
Бұталарың бұйранып
Жайқалыпты гүлзарың
Әп-әдемі гүлдерің
Жап-жасыл да шөптерің
Қандай жақсы ұл-қыздар
Әсем қалам Астанам
Оралдым мен сайыстан
Оралдым мен сайыстан
Көп оқушы жарысқан
Жиналыпты түп-түптен
Келіпті тіпті алыстан
Мен де келдім «абайдан»
Қалаға жақын ауылдан
Жатқа айтып өлеңді
Абай атаның табынған
Ана туралы
Анам менің аймалаған күнім екен
Анам менің бауырымдағы гүлім екен
Анам менің ақ періштем ақ гүлім
Анам менің нұрын шашқан жұлдызым
Өз ойым
(Қ.Абай өлеңдерін айтуға келгенде)
Ең бірінші бақытым ата-анам барлығы
Ал екінші дендерінің саулығы
Үшіншісі достарым қуанышты көңілім
Ең бастысы бақытты өмірім елім
Тағы бір бақытым осында келуім
Абай өлеңдерін сіздерге айтып беруім
Абай өлеңдері көп-ақ
Білмедім қайсын жаттарын
Көп ойланып толғанып
Осыларға тоқтадым
Мен әлі өсермін асулардан өтермін
Абай өлеңдерін сіздерге әлі шертермін
Айтпаңыздар мәнер жоқ деп
Толқып тұрмын білемін
Өлеңдерін Абайдың шын жүректен сүйемін
Анашым
Жан анам,асыл анам,
Сені сағынып есіме алам
Сабақты жақсы оқып
Қуантса екен сені менің 5-тік бағам.
Мектебім
Мектебім менің мектебім
Сүйікті менің мекенім
Өзіңде өсіп ер жетемін
Тал шыбықтай өсемін
Әжемнің ақылы
«Ақылды бол» дейді әжем
Бұл сөзді мен түйемін
Сөзін бір жібермей
Саналы болып өсемін
Достарым
Әр адамның досы бар
Бірге ойнап журетін
Бірге күліп бақытты
Балалықты бөлетін
Арманым
Дәрігер болу арманым
Көп ойлап оны таңдадым
Науқасты емдеп жазамын
Аурусыз болар жан-жағын
Менің әжем
Әжем менің,ақ әжем,алтын әжем
Бір өзіңдей жан бар ма екен?
Әжелері жоқтарға жаным ашып,
Айтар едім сен туралы бәріне жайып
Оятасың таңертең еркелетіп
Дайындайсың шайымды ертелетіп
Мектеп ке де өзіңмен бірге барамын
Қалдырмайсың қасыңнан жетелетіп
Сағат
Мені күнде оятар,
Біздің үйде сағат бар.
Ерте тұр деп шырылдап,
Таң нұрында оятар.
Ана
Асыл анам, жан анам,
Сенсіз жоқ күн маған.
Күн нұрын төгесін сен,
Бақыт нұрын шашасын сен.
Ана туралы
Ана деген - әдемі жан ғой
Ана деген - өмірдегі жалғыз гүл ғой.
Ана деген - баланың жан бауыры ғой,
Ана деген - махаббаттың сәні ғоц.
Әке
Әке деген - асқар тау ғой,
Әке деген – мәңгілік қамқор жан ғой.
Әке деген – жанұяның басшысы ғой,
Әке деген- жүректің бауыры ғой.
Қыс
Қыс келді, алақай!
Далада қар, балақай!
Қар болса да ойнаймыз,
Шаттыққа да толамыз.
Мазмұны.
-
Қазақ елі
-
Қыс
-
Астана Оралдым мен сайыстан
-
Өз ойым (Қ.Абай өлеңдерін айтуға келгенде)
-
Ана туралы
-
Анашым
-
Мектебіме
-
Әжемнің ақылы
-
Дос
-
Арманым
-
Менің әжем
-
Сағат
-
Ана
-
Ана туралы
-
Әке
-
Қыс
Достарыңызбен бөлісу: |