Жаным дала көгінен арылмай, батпан зілдер басса да, жүр тарылмай. Шідерлеулі көңілді зулат, жырым, баяғының құс қанат тұлпарындай. Елтімейді қалғыған шаққа жаным



Дата30.06.2016
өлшемі41.95 Kb.
#168256





Жаным дала көгінен арылмай,

батпан зілдер басса да, жүр тарылмай.

Шідерлеулі көңілді зулат, жырым,

баяғының құс қанат тұлпарындай.
Елтімейді қалғыған шаққа жаным,

ұмтылыста, жүйткуде бақ, талабым.

Талма шақта талықсып кетсем, жырым,

Сен қақырат мәңгілік қақпарларын.
Жол-дария,тұрмайды ағын ұрмай,

Жоғалма, жыр, жылдарға тамырың жай,

дәуірлердің дауылы дақ салмаған

ата-мұра қобыздың сарынындай.
Фариза Оңғарсынова

Биылғы 2013 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында өз оқырмандарына жол тартқан «Дауа» кітабы – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың төл туындысы. Бұл жинақ таңдамалы өлеңдерден тұрады. «Дауа» кітабының негізгі мазмұндық идеясы – жастарға шығармашылық жол; яғни соның ішінде өзіндік ойымен өлең шығару дарындылығын пайдалану арқылы кез-келген жаман істерге, арам ниетке биәдеп қылықтарға, тіпті жазылмас дертке де қарсы тұруға үйрету.








Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары – шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат. Өзінің өлең-жырының көпшілігін ақын туған ауылына, жерлестеріне және барлық қазақстандықтарға арнады. Фариза Оңғарсынованың поэзиясы өз ұлтын құрметтеуге, оның дәстүрі мен мәдениетін сүюге шақырғандықтан, оның жырларында әлеуметшілдік пен азаматшылдық көріністері нанымды, салмақты орын тапқан. Оның өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді. Фариза Оңғарсынқызы бүгінгі күнге дейін Қазақстан поэзиясының дамуына өз үлесін қосып келеді, ол «Тұмар» республикалық әдеби-көркем журналының бас редакторы бола отырып, дарынды жас әдебиетшілерге қолдау көрсетеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Оңғарсынова Ф. Дауа [Текст]: өлеңдер/ Ф.Оңғарсынова.- Алматы: Атамұра, 2002.- 288 б.- (Атамұра кітапханасы).

  2. Оңғарсынова Ф. Мен саған ғашық емес ем [Текст]: лирикалық өлеңдер/ Ф.Оңғарсынова.- Алматы: Білім, 1999.- 152 б.

  3. Оңғарсынова Ф. Аударма [Текст]/ Ф.Оңғарсынова.- Алматы: Арман-ПВ, 2005.- 136 б.

  4. Оңғарсынова Ф. Сөз сыры [Текст]: жинақ/ Ф.Оңғарсынова.- Алматы: Арман-ПВ, 2005.- 152 б.

  5. Оңғарсынова Ф. Алғашқы сабақ [Текст]: өлеңдер/ Ф.Оңғарсынова.- Алматы: Арман-ПВ, 2005.- 152 б.

  6. Оңғарсынова Ф. Мен саған ғашық емес ем... [Текст]: өлеңдер/ Ф.Оңғарсынова.- Алматы: Жазушы, 2009.- 248 б.-( Қазіргі қазақ поэзиясы).

  7. Оңғарсынова Ф. Шілде [Текст]: таңдамалы өлеңдер/ Ф.Оңғарсынова.- Алматы: Жазушы, 1978.- 320 б.

  8. Унгарсынова Ф. Откровение [Текст]: лирика/ Ф.Унгарсынова .- Алматы: Қазақстан, 1998.- 320 с.

  9. Унгарсынова Ф. Алмазный клинок [Текст]: стихотворения и поэмы/ Авторизир. пер. с каз. Т.Фроловской.- Москва: Художественная литература, 1985.- 259 с.

  10. Унгарсынова Ф.Тревоги [Текст].- Москва: Молодая гвардия, 1979.- 79 с.

  11. Қазақ әдебиеті [Текст]: энциклопедиялық анықтамалық/ ред. М.Тәжин.- Алматы: Аруна Ltd, 2005.- 576 б.- (Мәдени мұра).

  12. Джуанышбеков Н. Фариза Онгарсынова [Текст]: очерк жизни и творчества. В помощь учителям казахской литературы, школьникам, студентам.- Алматы, 2004.- 28 с.

  13. Жазушылар әлемі [Текст]: фотоальбом/ құраст. Е. Жаппасұлы.- Алматы: Интерпринт, 2003.- 184 б.

  14. Тәуелсіздіктің нұрлы таңы [Текст]: азаттық поэзиясы/ құраст. Д.Махат.- Алматы: Раритет, 2010.- 240 б.

  15. Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен [Текст]:оқулық / С.Қирабаев.- Астана: Фолиант, 2002.- 504 б.

  16. Абдрахманов С. Жиырмасыншы ғасыр жырлайды [Текст]/ С.Абрахманов.- Алматы: Раритет, 2007.

  17. Т.1.- 504 б.- (Қазақ поэзиясының антологиясы).

  18. Өлең өлкесі [Текст]: қазақ табиғат лирикасының антологиясы.- Алматы: Жазушы, 2009.- 472 б.

  19. Екімыңжылдық дала жыры [Текст]/ ред. Ә.Нысанбаев.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2000.- 752 б.

  20. Жүрегімдесің, Қазақстаным = Казахстан в моем сердце [Текст] : өлең жинағы. Сборник стихов.- Алматы: Балалар әдебиеті, 2009.- 360 б.

  21. «Бір ел – бір кітап» акциясы [Текст]: зерттеу мақалалары/ құраст. Б.Қарағызұлы.- Астана: Хұснихат, 2009.- 224 б.- Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы.

  22. Жақыпов А. Сөз сарайы [Текст]: өлеңдер, естеліктер, көркем хаттар, тарихи әңгімелер/ А.Жақыпов.- Алматы: Атамұра, 2006.- 280 б.

  23. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы [Текст]: оқулық/ Ұ.Есенбекова.- Алматы: Дәуір, 2011.- 220 б.- (ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы).

  24. Толағай тұлға тарлан ед... [Текст]: Ә.Тәжібаев туралы естеліктер/ құраст. Г.Мырзахметова.- Алматы: Білім, 2008.- 296 б: сур.- (Әдеби мемуарлар).

  25. Октябрь шұғыласы [Текст]: ақындар жыр жинағы 1917-1987/ құраст. Б.Ысқақов.- Алматы: Жазушы, 1987.- 248 б.

  26. Оңғарсынова Ф. 25 желтоқсан – «Тұмар» журналының туған күні// Тұмар.- 2009.- №5.- б.6.

  27. Нұрғожаев Ж..Мұқағали мен Фариза// Мұқағали.- 2013.- № 3-4.- б.5-12.

  28. Оңғарсынова Ф. Қыз баланың тағдыры-ай...// Жұлдыз.- 2009.- б.34-36.

  29. Кемелбаева А. Фариза ақын: «Жерде мекен бар ма екен кең даладай»// Ақиқат.- 2012.- №11.- б.105-109.

  30. Бақытжанқызы Ж. Фариза өлеңдерінің көркемдік өрнектері // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2011.- № 10.- б. 134-136.

  31. Аяпбергенұлы Р.Фариза Оңғарсынова поэмалары// Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2002.- № 12.- б.53-62.

  32. Жұмамұратова С. Фариза өлеңдерінің тілдік ерекшелігі// Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте.- 2012.- № 2.- б.16-17.

  33. Фариза Оңғарсынова – 70 жаста. Өлең // Айгөлек.- № 12.- б.9.

  34. Нұрғожаев Ж. Мұқағали және Фариза // Егемен Қазақстан.- 2013.- 24 қаңтар.

  35. Шәріп А. Фариза феномені// Ана тілі.- 2010.- 21-27 қаңтар.

  36. Балтабекқызы Т. Фариза – ашылмаған сыр-қазына // Заң газеті.- 2009.- 11 желтоқсан.


Қолданылған әдебиеттермен 10 ОҒ 302, 109, 110 дәрістерде таныса аласыздар.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет