Қыздар жиналысының хаттамасы 2023-2024 жыл
Хаттама №2
28.11.2023 ж Сағат 13.00
С.Сейфуллин атындағы жбб мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жалпы қыздар жиналысы болып өтті.
Қатысқандар: 5-7 сынып қыздары ,сынып жетекшілер,Жауқазын қыздар ұйымының жетекшісі: Ү.Мырзабаева
Күн тәртібінде қаралатын мәселе:
1.Үлгілі үйдің қыздары баяндама
2.Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ 7 «А» сыныбы
3.Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды:
1. Жауқазын қыздар ұйымының жетекшісі: Ү.Мырзабаева Үлгілі үйдің қыздары тақырыбында қысқаша баяндама жасады.
Қыз бала тәрбиесіндегі ананың орны ерекше деген пікірге сіздің көзқарасыңыз?
Мектеп, ата-ана және жүрген ортасының қыз балаға әсері қандай?
* Қыз бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың?
* Қыздарға байланысты қандай мақал-мәтел білесіңдер? Қыздармен кішкене пікірталас өткізді.
2 мәселе бойынша: Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ деген тақырыпта 7 «А» сыып оқушылары өздерінің дайындап келген жұмыстарын көрсетті.
7 «А» сыныбының қыздары өздері дайындап келген видеороликтерін көрсетіп,баяндама жасап,сол бойынша сұрақтар қойып,пысықтап алды.
3.Әртүрлі мәселелерге тазалық,гигиена ,форма,қыздардың өрескел қылықтары туралы айтылып,сол қыздармен жұмыс жүргізілді.
Қаулы:
1.7 «А» сыныбының дайындап келген «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» деген тақырыптары бойынша жүргізілген жұмыстары өте жоғары деп бағалансын.
2.Мектеп қыздарының сабақтан қалмауын, тәртібін, қыздардың жүріс – тұрысын, жеке бас гигиенасын қадағалауы қыздар ұйымының төрайымы: Исанғали Аянаға жүктелсін.
Жауқазын қыздар ұйымының жетекшісі: Мырзабаева Ү
Хатшы: Қанхожаева А
Достарыңызбен бөлісу: |