Қысқа мерзімді жоспар



Дата06.01.2020
өлшемі130.09 Kb.
#447790
түріСабақ
1 Үшбұрыштың тамаша нүктелері Сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1A Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу



Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смайлова М.Т., Кошанов Р.М.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үшбұрыштың тамаша нүктелері

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.1 Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін білу.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін біледі және есеп шығару барысында оларды қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

  • медиананың қасиеттерін біледі

  • биссектрисаның қасиеттерін біледі

  • биіктіктің қасиеттерін біледі

  • ортасызықтың қасиеттерін біледі

  • ортаперпендикулярдың қасиеттерін біледі

Қолдану

  • медиананың қасиеттерін қолдана алады;

  • биссектрисаның қасиеттерін қолдана алады;

  • биіктіктің қасиеттерін қолдана алады;

  • ортасызықтың қасиеттерін қолдана алады;

  • ортаперпендикулярдың қасиеттерін қолдана алады.




Тілдік мақсат


Оқушылар үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың анықтамаларын ауызша айта алады, олардың қасиеттерін қолданып шығарылатын есептерді түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

Медиана

Биіктік

Биссектриса

Орта препендикуляр

Орта сызық

Қиылысу нүктесі

Тамаша нүктелер

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Үшбұрыш медианасы дегеніміз—...;

  • Үшбұрыш медианасын тұрғызу үшін…….;

  • Үшбұрыш биссектрисасы дегеніміз— ...;

  • Үшбұрыш биссектрисасын жүргізу үшін…….;

  • Үшбұрыш биіктігі дегеніміз—... ;

  • Үшбұрыш биіктігін тұрғызу үшін…….;

  • Орта перпендикуляр  (немесе медиатриса) дегеніміз —....

Құндылықтарды дарыту

Құрмет құндылығы бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығы жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы;

еңбек және шығармашылық құндылығы өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады



Пәнаралық байланыс

Сәулет өнерінде

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану. Презентация

Бастапқы білім

Үшбұрыш. Үшбұрыш орта сызығы.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Ресурстар

Сабақтың

басы


2 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.



Слайд -1-2

Сабақтың ортасы

10 мин


20 мин

Жаңа материалды меңгеру

Үшбұрыш элементтерін еске түсіреміз (төбелері, қабырғасы, бұрыштары)

Бұлардан басқа үшбұрышта қандай кесінділер болады?


  • Үшбұрыш медианасы — төбесі мен оған қарама-қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді.

- Үшбұрыш биссектрисасы— бір төбесінен шығып, шыққан төбедегі бұрышты қақ бөліп, оған қарама-қарсы жатқан қабырғаны қосатын кесінді.

- Үшбұрыш биіктігі — төбесінен қарам-қарсы жатқан қабырғасына түсірілген  перпендикуляр.

- Орта перпендикуляр  (медиатриса) —берілген кесіндіге перпендикуляр және кесіндінің ортасы арқылы өтетін түзу.

Практикалық жұмыс

Тапсырма жұппен орындалады, мұғалім көмекті қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетеді. Әрбір тапсырма орындалып болған соң оқушылардың алған нәтижелері тыңдалып, тақтада қорытынды жасалынады.



1 тапсырма.

АВС үшбұрышын салып,АN, ВK,СM медианаларын жүргізіңіздер.



АN, ВK,СM медианалардың қиылысу нүктесін D деп белгілеңіз. Медианалардың қиылысу нүктесі тірек нүктесі деп аталады. Медианалардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.



2 тапсырма.

АВС үшбұрышын салып, АN, ВM,СK биссектрисаларын жүргізіңіздер.

АN, ВK,СM биссектрисаларының қиылысу нүктесін О деп белгілеңіз. О нүктесі АВС үшбұрышына іштей сызылған шеңбердің центрі болады.

Биссектрисалардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.




3 тапсырма.

АВС үшбұрышын салып, АG, ВH,СE биіктіктерін тұрғызыңыздар.

АG, ВH,СE биіктіктерінің қиылысу нүктелерін F деп белгілеңіз. F нүктесі АВС үшбұрышының ортоцентрі болады.

Биіктіктердің дұрыс салынғандығын тексеріңіз.





4 тапсырма.

АВС үшбұрышын салып, орта перпендикулярлар жүргізіңіздер. Орта перпендикуляр  (орта перпендикуляр немесе медиатриса) —берілген кесіндіге перпендикуляр және кесіндінің ортасы арқылы өтетін түзу.



Орта перпендикулярлардың қиылысу нүктесін О әрпімен белгілеңіз.

Орта перпендикулярлардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.



Слайд 3-6

Слайд 7-17


Қосымша 1



10 мин

Бекіту тапсырмаларын орындау

Оқушылар тапсырмаларды орындайды, жұпта тексеру жүргізеді.

1) DEF үшбұрышында, EM медиана. DE=11,4 см, MF=4,6см. DEF үшбұрышының периметрі 27 см болса, EF-ті табыңыз

Жауабы: 6,4

2) KLM үшбұрышында LN кесіндісі - KM қабырғасына жүргізілген биіктік. KLN және MLN бұрыштарының биссектрисалары сәйкесінше LE және LF. Биссектриса мен биіктіктің арасындағы бұрыштар сәйкесінше 220 және 160 болса, KLM бұрышын табыңыз

Жауабы: 760

3) Табаны DF болатын DEF теңбүйірлі үшбұрышы берілген. Егер EMF үшбұрышының периметрі 65см, ал DEF үшбұрышының периметрі 100см болса, ЕМ медианасын табыңыз.

Жауабы: 15см




Қосымша 2

Сабақтың соңы

3 мин



Рефлексия

  • Мен бүгін мынаны білдім…

  • Мен мынаны байқадым…

  • Маған мыналар қызық болды…

  • Мен мыналарды тағыда тыңдағым келеді…

  • Тапсырманы орындауда маған мыналар көмектесті…

  • Мені мыналар таң қалдырды…

  • Менің мыналарға қызығушылығым оянды…

Үй тапсырмасы

Анықтамалар мен сызбаларды қайталау



Слайд 18

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Мұғалім жекелеген оқушыларға қолдау көрсетеді.


Өзін-өзі, өзара бағалау жүргізіледі.

Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет