Қысқа тұйықталу токтарының есебі



Дата04.10.2023
өлшемі19.93 Kb.
#479728
ыс а т йы талу токтарыны есебі


Қысқа тұйықталу токтарының есебі

Қысқа тұйықталу (ҚТ) электрлік қондырғылардың токжүретін бөліктерінің изоляциясының бүлінуінен немесе қызметкерлердің дұрыс әрекет етпеуінен пайда болатын апатты режим болып табылады. ҚТ қабылдағыштарды үзбей электрмен қамтамасыз ету жүйесін бүлдіреді және жабыдықтардың бүлінуіне, өрт болуына алып келеді.


ҚТ токтары жұмысшы токтан барынша үлкен болғандықтан токөткізгіш бөліктерінде рұқсат етілмейтін динамикалық күш түсуіне, әсіресе электр жабдықтардың істен шығуына алып келеді. ҚТ кезінде электрмен жабдықтаудың үш фазалы жүйесінде немесе электрқондырғыларда фазалардағы токтардың шамалары артады. Сондай-ақ қ.т. түйіндеріне жақын жерлердегі жүйенің кернеудің шамасы барынша төмендейді.соған байланысты электр қабылдағыштардың қалыпты жұмысы бұзылады, кей жағдайларда объектіні электрмен қамтамасыз ету түгелімен бұзылады. Сондықтан электржабдықтарының істен шығуына жол бермес үшін электрмен қамтамасыз ету жүйесіндегі қ.т. токтарының шамасын дұрыс анықтап, қысқа тұйықталу токтарын шамасын есепке ала отырып қорғайтын электржабдықтар, қорғаныс апппараттарын және қ.т. токтарын шектеу құралдарын таңдайды.
Қысқа тұйықталу (ҚТ) түрлері мынадай болып бөлінеді:

  • үшфазалы (үш фазаның бір-бірімен бір қысқы тұйықталуы);

  • екіфазалы (екі фаза бір-бірімен қосылуы);

  • бірфазалы (бір фазаның нолдік сыммен тұйықталуы немесе жерге тұйықталуы);

  • Жермен екі рет тұйықталу немесе нейтральмен тұйықталу (екі фаза бір-бірімен және жермен қосылған).

Үшфазалы қ.т. симметриялы, себебі барлық фазалар бірдей жағдайда болады. Ал қалған қт.т түрлері симметриялы емес.
Барынша көп кездесетін қ.т. түрлері тікелей жерлендірілген бейтараптамасы бар желілер. Барынша аз кездесетін қ.т. түрі екіфазалы. Электржабдықтар параметрлерін тексеру немесе таңдай кезінде қ.т. есептік түріне үшфазалы қ.т. алынады
ҚТ тоғының термиялық әсер етуі
ҚТ тоғы, қондырғылардың жекелеген элементтері арқылы өте отырып, қосымша қызып кетуді туғызады және сонымен оның температурасының жоғарлауына алып келеді. ҚТ тоғының өтуі әдетте аз уақыт аралығында өтетін болғандықтан (бірнеше секундтан артық емес), әртүрлі тоқ өткізгіш бөліктері мен элементтерінде жұмыс режимі үшін орнатылған температураның кейбір жоғарлауы рұқсат етіледі.
Әрине, ҚТ кезіндегі температураның жоғарылауы анықталынған шектен шықпау қажет, өйткені керісінше болған жағдайда изоляция бұзылып және тоқ өткізгіш бөліктері бүлінуі мүмкін.


ҚТ кезіндегі элементтердің шекті температуралары, °С:
Мыс шиналары.................................................................................300
Алюминий шиналары......................................................................200
Қағазбен сіңірілген оқшау сымдар:
до 10 кВ............................................................................................200
20...220 кВ........................................................................................150
Кабельдер мен оқшаландырылған сымдар:
поливинилхлоридті және резеңке оқшаулауы..............................150
полиэтиленді оқшаулауы................................................................120
Алюминийлі оқшауланбаған сымдар..................................160-200
Қысқа тұйықталу тогының болу себептері:

  • электр қондырғылардың жеке бөліктерінде изоляцияның бүлінуі немесе тозуы салдарынан;

  • Электр жабдықтың оқшауламасының бұзылуы, оның ескіруі және оқшауламалардың бүлінуі (асқын кернеу мен асқын жүктелу салдарынан бүлінуінен);

  • Электрлік жүйедегі элементтердің механикалық бүлінуі (электр беріліс жүйесінің үзілуі, тіреудің құлауы);

  • Ток өткізу бөлшектердің құстардан және аңдардан оқшауланбауы (әуе желілерінде құстардың қысқа тұйықталу жасауынан);

  • қайта қосу кезінде оперативті пайдаланушының жіберген қателігі;

  • химиялық бүлінуі әсерінен;

  • ауа райының жағдайына байланысты әуе желі сымдарының бір-біріне тиуінен;



Қысқа тұйықталуды болдырмас үшін:

  • ҚТ-дың болу себептерін жою;

  • ҚТ-нан қорғайтын уақыт әсерін азайту;

  • Тез әсерге келетін ажыратқыштар пайдалану;

  • Генераторлардың кернеуін тез арада қалыпқа келтіретін АРН-ды (автоматическое регулирование напряжений) қолдану;

  • Қысқа тұйықталу токтарын дұрыс есептеу, және олардың шамалары арқылы қорғауыш аппраттуралар мен қысқа тұйықталу токтарын шектеуге арналған құралдарды дұрыс таңдау.

Қысқа тұйықталу тогын есептеу мыналар үшін қажет:

  • апаттық режим кезінде тұтынушылардың жұмыс шартын анықтау;

  • электр динамикалық және термиялық тұрақтылығына байланысты аппараттар мен өткізгіштерді таңдау;

  • релелік қорғаныстың және автоматиканың жобалануы мен құрылымы;

  • электрлік байланысу сұлбасын таңдау және оған баға беру;

  • қорғаныс құрылғыларын тексеру және жобалау;

  • электр беріліс желісінің байланыс желісіне әсерін анықтау;

  • жерге тұйықталу бейтарабының санын және олардың электр станциясында орналасуын анықтау;

  • апатты анализдеу.

ҚТ токтарын есептеу мақсаты
Токтардың ҚТ есептеу апатты режимдерде тұтынушылардың жұмыс жағдайларын анықтау, электр аппараттарын, шиналарды, оқшаулағыштарды, күш кабелдерін таңдау, релелі қорғау және автоматика құрылғыларын жобалау және реттеу, жерге тұйықтауды жобалау, кернеуліктен қорғау үшін ажыратқыштардың сипаттамасын іріктеу үшін жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет