Презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату



бет1/4
Дата26.05.2024
өлшемі24.56 Kb.
#501893
түріПрезентация
  1   2   3   4
ІV нұсқа


Сыныбы:
ІV нұсқа
Пәні: қазақ тілі
Бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис
Оқу мақсаттары:
8.2.3.1 Мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
8.3. 4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе);
8. 4. 4. 1 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану
Оқылым
Ғарышкер Айдын Айымбетов Қарағанды облысына сәтті қонды

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Жерге оралды – бүгін таңғы сағат 06.51-де капсула Қарағанды облысына қонды, – деп хабарлайды тілшісі оқиға орнынан.Экипаж құрамында Геннадий Падалки (Ресей), Андреас Могенсен (Дания) және қазақстандық Айдын Айымбетов бар


ғарыш кемесі Жезқазған қаласының шығысынан 146 шақырым жерге қонды.
Ғарышкерлер капсуладан шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың қан қысымдары жақсы. Ғарышкерлер шай ішіп, апорттан дәм татты. «Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Жоспарланған тәжірибелердің барлығын орындадым. Тағы бір рет ұшуға дайынмын», – деді қазақстандық ғарышкер тілшілерге.
Айдын Айымбетовті Жерде туыстары қарсы алды. Айта кетейік, бірнеше сағаттан кейін ғарышкерді Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды, сондықтан да ол Астанаға кетеді. Ал бірнеше күннен кейін Қарағандыда ғарышкерлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтуі мүмкін.
Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ФГ » тасымалдаушы зымыраны ғарышқа ұшты. 4 қыргүйекте «Союз» ХҒС-мен автоматты режимде түйісті. Айдын Айымбетов ғарыштағы әсерімен «Twitter» арқылы бөлісіп отырды. Ол оқырмандарына видео мен суреттер жолдады.
Кестені толтырыңыз.





Мәтіннің жанры қандай?

Мәтін қалай ресімделген?

Басқа қандай жанрлық
ерекшеліктер байқалады?




















































Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет