Аграрлық Өндіріс: даму мәселелері тұрғанбаев Мұқанбетқали Әбдіқадірұлы



Дата13.06.2016
өлшемі62.19 Kb.
#132876
АГРАРЛЫҚ ӨНДІРІС: ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тұрғанбаев Мұқанбетқали Әбдіқадірұлы

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ. Жұбанов атындағы

Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, Ақтөбе қ.
Аннотация

В статье рассматриваются вопросы совершенствования аграрного производства.


Annotation

The article analyses the problem industrial evolution agricultural production.


Аграрлық қайта құруларды жүргізу, стратегия мен тактиканы негіздеу кейін оларды тиімді жүзеге асырудың қағидаттары мен механизмдерін жасауға мүмкіндік беретін аграрлық қатынастардың теориялық негіздерін терең әрі жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Аграрлық мәселелер қазіргі экономикалық теорияда маңызды орын алады. Ғылыми талдауды аграрлық қатынастардың, аграрлық саясаттың мәніне деген теориялық көзқарастардың тұтас бір жүйесін қалыптастыруға және осыдан туындайтын ауыл шаруашылығы дамуы жолдарының нақты мәселелеріне бағыттау әр түрлі тұжырымдамаларды салыстырмайынша мүмкін емес. Салыстырмалы талдау олардан оң аспектілерді бөліп алып, айқын қажетсіздерін анықтауға мүмкіндік береді.

Аграрлық секторда жүргізіліп жатқан қайта құрулар нарыққа бағытталған сектор жасауға, оның жаңа макроэкономикалық жағдайға бейімделуіне бағытталған, яғни өтпелі кезеңнің үрдістерімен негізделген.

Аграрлық сектордағы экономикалық процестерді мемлекеттік реттеу ауыл шаруашылығының және онымен байланысты салалардың дамуын анықтайтын аграрлық қайта құрулардың міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенін реттеу аграрлық саланы, аграрлық әлеуетті қоғам мүддесіне сай пайдалану кезіндегі оның ерекшелігін ескере отырып, толыққанды ұдайы өндіру қажеттігінен туындайтынын зерттеулер көрсетті.

Транзиттік экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің дағдарысқа қарсы, қаржылық, салықтық және бағалық шаралар арқылы жүргізілетін экономикалық әдістері ерекше маңызды болып табылады. Қазіргі уақытта экономиканың аграрлық секторын қолдауды, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің әлсіреуіне жол бермей отырып, Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастарға белсенді қатысуы үшін ДСҰ тәртіптері рұқсат беретін шаралар пайдасына бағыттау жүзеге асырылуда.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қаржыларының жетіспеушілігі жағдайында өндірісті дамытудың маңызды көзі республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік қаржыландыру болып табылады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын мемлекеттік қаржыландыру жүйесі олардың дамуына мемлекеттік республикалық және аймақтық мақсатты бағдарламаларға қатысу арқылы нысаналы ықпал етудің кешенді шаралар жүйесін құрайды. Бұл ауылда мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға және отандық тауар өндірушілерді қолдауға байланысты әртүрлі бағыттар бойынша қаржы ресурстарын ұтымды жинақтауға мүмкіндік береді.

Мұндай қолдаудың негізгі міндеттері:


  • елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • табиғат ресурсы ретінде жерді сақтау және ауылдың әлеуметтік сферасын

дамыту болып табылады.

Қәзіргі кез келген елде ұлттық экономиканың дамуы үшін мемлекет өте маңызды рөл атқарады. Бүгінгі күні мемлекетке байланысты емес нарықтық экономиканың нақты болуы мүмкін емес.

90-шы жылдардың басынан жүргізіліп келе жатқан аграрлық реформа мынадай бірқатар мәселелерді шешуге тиіс еді:

а) экономикалық салада – мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, елдің азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылық шикізатына деген қажеттерін нарықтық жағдайда қамтамасыз ететін тиімді, тұрақты агроөнеркәсіп өндірісін қалыптастыру;

б) әлеуметтік салада – ауылды кешенді қайта құру үшін жағдайлар жасау, ауыл мен қала халқының өмір деңгейлеріндегі алшақтықты жою;

в) экология саласында – экологиялық жағынан таза азық-түлік өндірісін қамтамасыз ету.

Алайда, нарықтық қайта құруларға бағыт ұстай отырып, мемлекет ауыл шаруашылығындағы экономикалық процестерді реттеуге толық көңіл бөлмеді, салдарында 90-шы жылдардың басында басталған реформалар күткен нәтижелерге әкелмеді.

Сондықтан мемлекеттің басты міндеттерінің бірі даму деңгейіне елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету байланысты болатын экономиканың аграрлық секторын жан-жақты қолдау болып табылады.

Қазіргі жүйе агроөнеркәсіп кешенінің тиімді жұмыс жасау талаптарына жауап бермейді. Ауыл шаруашылығына орасан зор қаржылық және экономикалық қолдау көрсетілетін АҚШ пен Европаның дамыған елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда мемлекеттік қолдау анағұрлым төмен, ал ол аграрлық экономиканың өсу қарқындарына, еңбек өнімділігінің деңгейіне ықпал етуде.

Бұл жерде айта кететіні, мемлекеттік қолдау дотациялар мен субсидиялар арқылы бюджеттік қаржыларды шаруашылықтар арасында бөліп қана қоюмен шектеліп қалмай, оларды одан әрі дамуға ынталандыруы қажет. Кез келген мемлекеттік қолдаудың шектеулері болуы тиіс: жоғарғы (бір шаруашылыққа берілетін қаржылардың ең жоғарғы мөлшері) және төменгі (шаруашылық өнімі өндірісінің төменгі мөлшері). Бұл бюджеттік қаржылардың негізсіз жұмсалуына жол бермей, олардың іріктелініп, нақты бағытталынып берілуін қамтамасыз етеді. Бір ауыл шаруашылық кәсіпорнына келетін бюджеттік қаржылардың жоғарғы мөлшерінің шектелмеуі олардың негізгі бөлігінің ірі, жай-күйі жақсы кәсіпорындарға бұйыруына әкеледі. Екінші жағынан, мемлекеттік қолдау мөлшерінің төменгі шектері де болуы қажет. Айталық, егер бөлінген барлық бюджеттік қаржылардың сомасы өнімді өткізуден түскен түсімге қатысты 100 пайыз құраса немесе одан асып түссе, онда мұндай мемлекеттік шаралардың ынталандырушы мағынасы жойылады. Нарықтық белгілер мен ынталандырулар бұзылады, ал бұл бәсекені төмендетіп, экономикаға залалын тигізеді.

Сонымен, мемлекеттік қолдаудың қалыптасқан жүйесі шаруашылықтарды өндірістің тиімділігін арттыруға жеткіліксіз ынталандырады.

Сонымен бірге мемлекеттік қолдау қаржыларын бөлгенде аймақтардың аграрлық құрылымын ескеру қажеттігін де атап өткен жөн. Осы фактор қаншалықты толық ескерілетін болса, аймақтардың дамуы мен оларды қолдауға бөлінетін мемлекеттік қаржылар соншалықты нақты, негізделген әрі тиімді болады.

Біздің ойымызша, экономиканың аграрлық секторындағы жаңғыртулар, ең алдымен, мыналарды қамтуға тиіс:


  • ауылдың әлеуметтік дамуын;

  • елдің барлық аймақтарында тиімді аграрлық саясатты жүзеге асыруға

мүмкіндік беретін Қазақстанның біртұтас экономикалық кеңістігін құруды;

  • өнімнің тиімді сатып өткізілуін қамтамасыз ететін аграрлық нарықтың

бірыңғай нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыруды;

  • аграрлық қайта құрулар стратегиясын жүзеге асыруды мемлекеттік

реттеу мен бақылауды күшейтуді;

жасау арқылы ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа салалары өнімдері арасындағы баға теңдігін қамтамасыз етуді;

  • нарық жағдайында ауыл шаруашылығының тиімді жұмысын қамтамасыз

ете алатын менеджер мамандарды даярлауды;

  • отандық агроөнеркәсіп кешен өнімінің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз

етуді.

Сонымен, аграрлық өндірістің тиімді дамуын жеделдететін елдің аграрлық секторындағы қайта құрулардың мынадай басты өзекті проблемаларын атауға болады:



  • дамудың инновациялық жолына көшіру және жаңғырту негізінде

агроөнеркәсіп өндірісінің бәсеке қабілеттілігін арттыру;

  • экономиканың агроөнеркәсіп секторын дамытуда мемлекет рөлін

күшейту;

  • ауылдың әлеуметтік дамуы;

  • қазақстандық аграрлық экономиканың дүниежүзілік жүйеге белсенді

интеграциялануы.

Қазіргі жағдайда дүниежүзілік нарыққа шығарылатын азық-түлік өнімінің бәсеке қабілеттілігін арттыру мәселесі алдыңғы қатарға шығып отыр. Ал бұл мәселені шешу агроөнеркәсіп өндірісін жаңғыртпайынша мүмкін емес. Аграрлық өндірістің бәсеке қабіліттілігін арттыру мемлекеттің аграрлық саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады. Агроөнеркәсіп өндірісінің бәсеке қабілеттілігі, ең ақырында, оның ішкі және дүниежүзілік нарықтардағы табысын анықтайды.


Әдебиет:

  1. Сарайкин В. О совершенствовании государственной поддержки сельского хозяйства // Международный сельскохозяйственный журнал.-2013. - №1.

  2. Муканова А. Новые перспективы открывает «Агробизнес-2020» // Казахстанская правда.- 2013. - 15 февраля.

  3. Кухарский М. Стимулов станет больше // Казахстанская правда.- 2012. - 19 ноября.

  4. Бондин И., Цвиркун Е. Активизация обеспечения инвестиционно-инновационных процессов в сельскохозяйственном производстве // Международный сельскохозяйственный журнал.-2013. - №2.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет