Қ арағанды Медициналық Университеті
Морфология кафедрасы
Анатомия блогы
СӨЖ
Тақырыбы :
“ Ішектердің әр түрлі бөлімдерінің құрылымдық қызметтік байланысы.
Аш ішек пен тоқ ішек құрылыстарының айырмашылық белгілері.”
Дайындаған : Темур М.Т
Топ:1-002 ОМ
Тексерген : Коржумбаева Аққу Тәукеловна
Қарағанды 2024ж.
Жоспар :
1) Кіріспе............ (2)
2) Жоспар............ (2)
3) Негізгі бөлім.......... (4-7)
4) Қорытынды..............(8)
5) Пайдаланылғын әдебиеттер.......... (9)
Кіріспе
Ас қорыту жүйесі ( грекше: systema digestoria; грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды
Аш (ащы, жіңішке) ішек ас қорту жүйесін құратын ағзалардың ең ұзын және өте қозғалмалы бөлігі болып табылады. Ол асқазанның пилорикалық бөлігінен басталып, соқыр ішектен жоғары тұста (илеоцекальді бұрышта) тоқ (жуан) ішекпен жалғасады. Анатомиялық құрылысы мен физиологиялық қызметіне қарай аш ішектің он екі елі ішек, аш ішек және мықын ішек атты бөліктері ажыратылады. Кейінгі екі бөлігінің ұзындығы орта есеппен 5-7 м, ал диаметрі 3-5 см тең болып келеді. Он екі елі ішек пен аш ішектің шекарасы Трейц (Treitr) байламасымен белгіленеді, ал аш ішек пен мықын ішек арасында бұндай нақ анықталатындай анатомиялық шекара белгісі жоқ. Аш ішектің көптеген ілмектері ішек шажырқайымен іш қуысының артқы қабырғасына бекітілген. Шажырқай висцеральді ішастардың екі жапырақшасынан және олардың арасында орналасқан майлы жұмсақ клетчаткадан құралады. Аталған клетчаткада қан, лимфа тамырлары және нерв талшықтары өтеді.
Аш ішекке артериялдық қан жоғарғы шажырқай артериясынан (a. mesenterica superior) шығатын 18-24 қан тамыры тармақтары арқылы жетеді. Ол тармақтар шажырқай қабатында өзара байланысып (анастомоз) бірінші және екінші қатарлық доға құрады. Ішекке қан осы доғалардан шығатын тік қан тамырларымен жеткізіледі. Аш ішек парасимпатикалық және симпатикалық нерв жүйелерімен иннервацияланады.
Аш ішекте күнделікті қолданылатын тағамдар химиялық субстраттар мен әртүрлі ферменттердің әсерінен өздерінің түпкі заттарына, яғни белок, май, көміртекті суларға (углевод) дейін ыдыраудың күрделі процесінен өтеді. Аталған бөлшектерге дейін ыдыраған тағам ішектің шырышты қабаты арқылы организмге сіңеді (резорбция). Аш ішектің резорбциялық қасиеті организмнің ішкі тұрақтылығының (гомеостаз) белгілі деңгейде болуын қамтамасыз етудегі орны ерекше, сондықтан аш ішекпен байланысты аурулар (ішектің түйілуі, ішек жыланкөздері, ішектің бөлігін алып тастау т.б.) пайда болған жағдайларда метаболизм көрсеткіштерінің өзгеруі байқалады.
Тоқ (жуан) ішек соқыр ішектен және аш ішектің тоқ ішекке келіп жалғасатын жерінен (илеоцекальді бұрыш) басталады да, тік ішекпен аяқталады. Аш ішек сияқты тоқ ішектің де бірнеше бөліктерін ажыратады. Олар: соқыр ішек (соесит), жоғары бағытталған бөлік (colon ascendens), көлденең жатқан бөлік (colon transversum) пен төмен бағытталған бөлік (colon descendens), сигма тәрізді бөлік (colon sigmoideum) және тік ішек (rectum). Соқыр ішек пен тік ішек тоқ ішектің өзалды жеке бөліктері болып есептеледі Тоқ ішектің жалпы ұзындығы 180-200 см, ал диаметрі 5-6 см-ге тең. Оның бірнеше иілімдері бар. Біріншісі бауыр (flexura coli dextra), екіншісі көкбауыр (flexura coli sinistra) иілімдері және сигма тәрізді бөлігі мен тік ішек шекарасындағы иілім. Алғашқы аталған екі иілімдер тұсында тоқ ішекті бекітіп тұратын арнайы байламалар бар.
Тоқ ішектің бұлшық ет қабаты екі түрлі бұлшық еттерден қүралады. Біріншісі ішкі немесе циркулярлы және сыртқы бұлшық ет қабаттары. Сыртқы бұлшық ет қабаты ішектің ұзындығын бойлай орналасады. Бұл қабат ішектің сыртқы жағында үш жолақ тәрізді болып көрініп түрады (taeniae) және үшеуі соқыр ішектің күмбезінде, яғни оған құрт тәрізді өсіндінің жалғасатын жерінде түйіседі. Осы себептен аппендэктомия операциясының барысында өсіндіні табу қиын болған жағдайларда, әдетте, оны осы жолақтарды бойлай отыра олардың түйіскен жерінен іздейді. Ішкі жақта орналасатын бұлшық еттер (циркулярлы бұлшық еттер) ішектің белгілі бір аймақтарында қалыңдап физиологиялық қысқыштар (сфинктерлер) құрайды.
Тоқ (жуан) ішекті артериялдық қанмен жоғарғы және төменгі шажырқайлық артериялардың (аа. mesenterica superior et inferior) тармақтары (a. colica media, a. colica dexstra et sinistra, a. ileocolica m.6.) қамтамасыз етеді. Веналық қан аталған артериялардың жандарында орналасқан көктамырлар арқылы жүреді.
Лимфа сұйығының жүрісі, негізінен, төрт лимфа түйіндеріне қарай (эпиколикалық, параколикалық, аралық және орталық түйіндер) бағытталады.
Тоқ ішектің инненрвациясы симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Тоқ ішекте, негізінен, су сіңу процесі және аш ішекте ыдырағанмен, толық сіңбеген көректі заттардың одан әрі сіңуі жалғасады.
Жіңішке ішек- өзінің топографиялық орналасуына байланысты: ұлтабар- қалтқыдан бастау алады, жіңішке ішектің ортаңғы бөлігін құрайтын аш ішек және соңғы бөлігі мықын ішек. Ұлтабар мен аш ішек шекарасы он екі елі-аш ішектік иілім болып табылады. Олар толығымен ішастармен жабылған.
Тоқ ішек- жіңішке ішектің жалғасы және анусқа дейін созылады, асқазан-ішек жолында аяқталады. Тоқ ішектің ұзындығы шамамен 1,5м диаметрі 8-ден 4см-ге дейін өзгеріп отырады, біртіндеп тік ішекке жеткенде жіңішкеленеді. Оның орналасуына байланысты соқыр ішек, жиек, сигма тәрізді ішек, тік ішек, анус өзегі деп бөлінеді.
Ішектердің әр түрлі бөлімдерінің құрылымдық-қызметтік байланысы ретінде, жалпы ішектердің бірінен кейін бірі орналасуы миллиондаған жылдар бойына өткен эволюцияның результатында пайда болған идеальный механизм. Олардың атқаратын қызметі де, анатомиялық орналасуы да өте маңызды. Себебі, мысалы тоқ ішектің бастапқы бөлімдеріне су сіңірілуі, каловый массалар түзілуіне байланысты кең болуына байланысты, одан кейін жиек ішектің төмендеген бөлімінде осы каловый массалардың конструированиесы мақсатында оның жіңішкеруі өте маңызды. Сондай-ақ мысалы астың қорытылуы толықтай дерлік жіңішке ішекте бітуі өте маңызды, себебі, тоқ ішекте микрофлораның болуына байланысты, егер аш ішекте тамақ толық сіңірілмесе тоқ ішектегі қорытылмаған тамақ бактериялармен қорытылып дисбактериоз туындауына алып келеді.
Тоқ ішек пен жіңішке ішектің анатомиялық айырмашылықтарын білу өте маңызды, себебі, құрсақ ағзаларына операция жасаған кезінде оларды ажырата білу өте маңызды, және сондай-ақ олардың бөлімдерін ажырата білген дұрыс.
Олардың негізгі айырмашылықтары ретінде:
1. Тоқ ішектің диаметрі жіңішке ішектігіне қарағанда үлкен, тек тоқ ішектің дистальді бөлімдерінде кішірейеді. Тоқ ішектің диаметрі 4-9смге дейін жетсе, жіңішке ішектің диаметрі 2-4см болып табылады.
2. Қараған кезде тоқ ішектің күл секілді сұрлау түсі, ал жіңішке ішектің түсі оған қарағанда яркий, қызылғылт.
3. Жіңішке ішекте орналасқан бойлық бұлшықеттері біркелкі орналасқан, ал тоқ ішектің қабырғасында олар үш бөлек лента түзеді. Олардың әрқайсысының жуандығы 3-5мм. Бұл ленталар аппендикстің негізінен бастау алады және сигма тәрізді ішектің тік ішекке ауысқан жерінде бітеді. Алдыңғы бұлшықеттік лента, бос лента деп аталады, жиек ішекте орналасқан лента шажырқайлық лента деп аталады, ал шарбы майы бекінген жиектегі лента шарбылық лента деп аталады.
4. Тоқ ішектің қабырғасы ленталар арасындағы выпячиваниялар, жиек ішек гаустралары. Олардың арасында ішек қабырғасында циркулярлы жүлгелер орналасады, ол жерлерде сақиналық бұлшықеттер айқын көрінген, шырышты қабаты бүктемелер түзеді, олар ішектің ішіне кіріп тұрады. Осыған байланысты ол кеңейген жерлер мен жіңішкерген жерлердің кезектесіп орналасуы жүреді.
5. Жіңішке ішекке қарағанда тоқ ішектің бетіндегі ішастарлық жағында шарбылық өсінділері, appendices omentales (epiploicae) болады. Олар висцеральді ішастардың дупликатурасы болып табылады, олардың құрамында көбірек немесе азырақ май тіні жинақталуы мүмкін. Олардың қалыптыда ұзындығы 4-5см. Жиек ішекте олар 1 қатар, ал тоқ ішектің басқа бөлімдерінде екі қатар орналасады. Бұл секілді өсінділер соқыр және тік ішекте болмайды.
6. Тоқ ішектің қабырғаларының қалыңдығы жіңішке ішектікіне қарағанда қалыңырақ, егер тоқ ішектікі 3-5мм, жіңішке ішекте 2-3мм.
7. Олардың атқаратын қызметі де әр түрлі болып табылады. Яғни, мысалы, тоқ ішектің негізгі қызметі формирование и вывод каловых масс, және ол су мен электролиттердің сіңірілуімен айналысады, ал, жіңішке ішек тағам қорытылуы мен сіңірілуімен айналысады.
8. Жіңішке ішек қорытатын сок бөле алады, олар Либеркун крипталарымен бөлінеді, ал тоқ ішекте ешқандай қорытылу жүрмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |