Ішкі аурулар пропедевтикасы Тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесі бойынша аралық бақылау билеттері №1 билет



Дата24.10.2023
өлшемі8.72 Kb.
#481522
АБ бойынша билеттер ІАП Тыныс алу, қан айналымы




Ішкі аурулар пропедевтикасы
Тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесі бойынша аралық бақылау билеттері
1 билет
1.Симптом, синдром ұғымдары – анықтамасы, түрлері, диагностикалық маңызы
2. Жүрек-тамыр жүйесі аурулары бар науқасты сұрастыру. Негізгі шағымдар, олардың механизмдері, сипаттамалары, диагностикалық маңызы.
2 билет
1. Клиникалық медицинадағы науқасты сұрастырудың маңызы. Шағымдары, ауру тарихы, өмір тарихы, сұрастырудың диагностикалық маңызы.
2. Қалыпты жүрек тондары, жүрек тондарының пайда болу механизмдері, олардың аускультациялық сипаттамасы.
3 билет
1. Ішкі аурулар клиникасында науқасты қарап тексерудің маңызы. Науқасты жалпы шолып қарау және жүйелер бойынша қарап тексеру.
2. Патологиялық жағдайдағы жүрек тондарының өзгеруі, диагностикалық маңызы.
4 билет
1. Терапиялық емханадағы ауру тарихының схемасы, ауру тарихының бөлімдері. Денсаулық сақтау жүйесіндегі заманауи электрондық ақпараттық жүйелер туралы түсінік.
2. Жүрек тондарының әлсіреуі мен күшеюі, тондардың екіге бөлінуі, диагностикалық маңызы.

5 билет


1. Тыныс алу мүшелерінің аурулары бар науқасты сұрстырау, негізгі шағымдары және олардың сипаттамалары, диагностикалық маңызы.
2. Жүрек шулары, шудың пайда болу механизмдері, олардың жіктелуі.

6 билет


1. Тыныс алу органдарының ауруларына кеуде қуысын қарап тексеру, диагностикалық маңызы, кеуде қуысының патологиялық түрлері.
2. Жүрек шуларының аускультациялық сипаттамасы: локализациясы, жан-жаққа таралуы, күші, тембрі, ұзақтығы, жүрек циклінің фазаларына қатынасы. Диагностикалық мәні.

7 билет


1. Тыныс алу жүйесі ауруларында везикулалық тыныс шуылының өзгеруі. Әлсіреген везикулалық шуыл, қатаң везикулалық шуыл, диагностикалық маңызы.
2. Жүректен тыс шулар туралы түсінік, диагностикалық маңызы.

8 билет


1. Тыныс алудың патологиялық типтері (Чейн-Стокс, Грокко, Биот, Кусмауль тыныс алуы), бұлардың сипаттамасы, диагностикалық маңызы.
2. Жүрек аускультациясы: органикалық және функциялық шуылдар, айырмашылық белгілері.
9 билет
1. Патологиялық бронхылық тыныс шуылы, диагностикалық маңызы. Амфоралық тыныс шуылы.
2. Жүрек-тамыр жүйесі ауруларын диагностикалаудың зертханалық әдістері. Қанның липидтік сынамасы, тропониндік сынама, диагностикалық маңызы.

10 билет


1. Өкпе аускультациясы. Құрғақ сырылдар, аускультациялық сипаттамалары, құрғақ сырылдардың түрлері, пайда болу механизмдері, диагностикалық маңызы.
2. Тыныш жағдайдағы ЭКГ, жүктемелік (күш түскендегі) ЭКГ, Холтер ЭКГ мониторингі, диагностикалық маңызы.

11 билет


1. Өкпе аускультациясы. Ылғалды сырылдар, аускультациялық сипаттамалары, ылғалды сырылдардың түрлері, пайда болу механизмдері, диагностикалық маңызы.
2. Эхокардиография туралы түсінік, диагностикалық маңызы.

12 билет


1. Крепитация, аускультациялық сипаттамасы, крепитация түрлері, пайда болу механизмдері, диагностикалық маңызы.
2. Жүректің ишемиялық ауруын диагностикалаудағы инвазиялық коронарлық ангиографияның маңызы.

13 билет


1. Плевра үйкеліс шуы, аускультациялық сипаттамасы, пайда болу механизмдері, диагностикалық маңызы.
2. Жүрек аускультациясы: 1 және 2 жүрек тондарының айырмашылық белгілері.

14 билет


1. Тыныс алу мүшелері ауруларының зертханалық диагностикасы. Қақырық пен плевра сұйықтығын зерттеудің диагностикалық маңызы.
2. Жүрек аймағын қарап тексеру, «жүрек дөңесі», жүрек тұсындағы пульсациялар, диагностикалық маңызы.

15 билет


1. Тыныс алу мүшелері ауруларының функциялық диагностикасы. Спирометрия, пневмотахометрия, диагностикалық маңызы.
2. Жүрек-тамыр жүйесі аурулары бар науқасты жалпы қарап тексеру. Диагностикалық мәні.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет