Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1007 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 қаңтарда № 9073 тіркелді
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 308-бабына және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 26-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Қ.Н. Тілепов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр А. Жұмағалиев
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
_______________ Т. Дүйсенова
2013 жылғы «___» ___________
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1007 бұйрығымен бекітілген
Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау
саласындағы талаптар
1. Жалпы талаптар
1. Осы Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 308-бабына және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 26-5) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы талаптарда су көлігі ұйымдары қызметкерлерінің олардың еңбек қызметі процесінде мынадай бөлігінде өмірін және денсаулығын сақтауға бағытталған тәртіптер мен рәсімдерді белгілейді:
1) еңбек қауіпсіздігі:
жұмыс басталар алдында;
жұмыс уақытында;
авариялық жағдайларда;
жұмыс аяқталарда;
2) қауіпсіздік қамтамасыз етуде:
палубалық жұмыстарда;
рульдік құрылғымен жұмыс істеу кезінде;
зәкірлік құрылғымен жұмыс істеу кезінде;
кеме қайықшаларын (қайықтарын) және құтқару құралдарын пайдалану кезінде;
арқандап байлау жұмыстары кезінде;
сүйреу жұмыстары кезінде;
қауіпті және палубалық жүктерді тасымалдау кезінде;
өндірістік учаске жағалауында.
3. Осы Талаптар Қазақстан Республикасының ішкі су көлігінің барлық кемелеріне қолданылады: көліктік (жолаушылар тасымалы, жүк таситын, сүйрейтін), мұзжарғыштар, қызметтік-қосалқы, өздігінен жүрмейтін, тіреуіштік, арнайы бағыттағы (құтқару, өрт, оқу), сондай-ақ техникалық флоттың кемелері, жүзгіш крандар және басқа да жүзгіш жүкті ауыстырып тиейтін құралдар.
4. Осы талаптар негізінде кеме иесі немесе флотқа техникалық және шаруашылық қызмет көрсететін кәсіпорын, өндірістің ерекшелігін және орындалатын жұмыстардың жеке түрлерін ескере отырып, әр мамандыққа еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша нұсқаулықтарды әзірлейді.
5. Ішкі су көлігінде жұмыс уақытында еңбек қауіпсіздігін және қорғауды ұйымдастыру мынадай іс-шаралармен су көлігі ұйымының басшылығымен жүзеге асырылады:
1) жүзбелі құралдарды тиісті күтіп ұстауды, өндірістік жабдықтар қауіпсіздігін, қызметкерлермен өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде ғимараттарды, сондай-ақ жүзбелі құралдарда, өндіріс үй-жайларында және жабдықтарда еңбек қауіпсіздігіне және қорғауға мониторинг жүргізу;
2) «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 қаулысымен бекітілген, Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына сәйкес өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізуді ұйымдастыру, олардың қорытындысы бойынша денсаулық үшін қауіпті және зиянды факторларды жою бойынша шаралар қабылдау;
3) жүзбелі құралдарды, жағалау өндірістік учаскелерде, ғимараттарда және қызметкерлерге зақым келтіретін факторлардың әсер етуінен авариялық жағдайлардың дамуын болдырмау бойынша шараларды қабылдау;
4) «Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 қаулысымен бекітілген Міндетті медициналық тексеріп-қарау өту қағидаларына сәйкес алдын ала (жұмысқа қабылдау кезінде) және кезеңдік (еңбек қызметі ішінде) медициналық тексеру жүргізуді және кәсіби ауру белгілері байқалғанда шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
5) өтке қарсы жүйелерге, желдету жүйелеріне және ауаны кондинционерлеуге, күзет жүйесіне және мамандандырылған ұйымдармен отын жүйесіне тиісті техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ су көлігі қызметкерлеріне өтке қарсы нұсқау беруді жүргізу.
6. Қызметкерлер саны елуден астам ұйымдарда қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы заңнамасына сәйкес қызмет атқаратын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрайды.
7. Жұмысшылардың саны елуге дейін жететін су көлігі ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және қорғау маманы қызметі ендіріледі, қызметінің арнайылығын есепке ала отырып немесе еңбек қауіпсіздігі мен қорғау міндеттері басқа маманға беріледі.
2. Жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі
8. Жұмыс басталар алдында қызметкер өз жұмыс орнын қарайды және жұмыс жабдықтарының дұрыстығын тексереді.
9. Адамдар үшін қауіп төндіріп тұрған жабдықтың дұрыс еместігін байқаған қызметкер, дұрыс емес жабдықты дереу ажырату шараларын қабылдайды және бұл туралы өзінің капитанына (командиріне), ал ол жоқ болғанда – командалық құрамның кез келген тұлғасына хабарлайды.
3. Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі
10. Кеме капитаны (командир) қамтамасыз етеді:
1) ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын тиімді пайдалануды;
2) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек және демалу тәртібін сақтауды;
3) қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды әзірлеу және орындау;
4) қауіпті өндірістік объектілерде, учаскелерде авариялардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізу;
5) уақтылы нұсқаулықтарды оқыту, жүргізу және қызметкерлермен еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша нормалар және нұсқаулықтарға білімін тексеру;
6) мамандар арасында еңбекті қорғау бойынша қызметтерді бөлу;
7) авариялық жағдайлар туындаған кезде қызметкерлердің өмірін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды, оның ішінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру бойынша шараларды.
11. Экипаждың әрбір мүшесі:
1) механизмдер, құрылғылар, құралдар, өз қызметінің түрі бойынша қауіпсіз пайдалану нұсқаулығын және қағидаларын орындайды;
2) жұмыс орнында нұсқама жүргізеді, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша білімін тексереді және нұсқау берушінің жеке кәртішкесінде жұмысқа жіберу туралы белгісі болады;
3) қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өткендігі туралы куәлігі болады.
12. Экипаждың әр мүшесі «Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 717 қаулысымен бекітілген кемелердегі қызмет Жарғысымен, лауазымдық нұсқаулықпен және капитанның (командирдің) және механиктің өкімімен атқаратын лауазымдарына сәйкес механизмдер мен құрылғыларға ғана қызмет көрсетеді.
13. Кемеде, жұмыс орнында олардың экипаж мүшесіне қатысушылар ғана болады.
14. Рульдік-мотористердің штаттық лауазымына тағайындалған практиканттар, жұмыс орнында оқудан және нұсқамадан өткен жағдайда оқуға куәліксіз жіберіледі.
15. Экипаж мүшелері жеке қорғау құралдарын пайдалана, арнайы киіммен және арнайы аяқ киіммен жұмыс істей білуі керек және осы Талаптармен көзделген жағдайларда жеке қорғау құралдары және алдын алу құралдарын пайдалана білуі керек.
16. Экипаж мүшелері жазатайым жағдайда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша машықтары бар.
17. Экипаждың барлық мүшелеріне арнайы бөлек жерде ғана темекі шегуге рұқсат етіледі.
18. Жұмыс орындарында және оларға өткелдер жүктер мен бөтен заттар болмау керек, төгілген мұнай өнімдерінен, қардан және мұздан жүйелі түрде тазартылып отыруы керек. Кедір-бұрыр және сырғанауға қарсы жабындар істен шығу шегіне байланысты қалпына келтіріліп отырады. Машиналық-қазандық бөлімнің төсеніш плиталары орындарында тұрады, олардың ойықтарының барлығы жабық болады.
19. Кемедегі кез-келген жұмыстар, кеме қозғалысы кезінде бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына ауысу тек вахта бастығының рұқсатымен ғана жүргізіледі. Барлық жағдайда оның рұқсатынсыз румпель бөліміне, білік жүйесінің туннеліне кірулеріне, коффердамға және цистернаның екінші түбіне түсулеріне болмайды.
Рейдте немесе бір-біріне байлап қойылған кемелерден адамдарды бірінен біріне отырғызу тек капитанның рұқсатымен ғана рұқсат етіледі. Вахта бастығы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы тікелей бұл жұмысқа басшылық етеді. Борттан бортқа өз еркімен ауысуға тыйым салынады.
20. Дауыл кезінде, палубаға су құйылған кезде ондағы қозғалыстар мен жұмыстардың барлығы тек вахта бастығының немесе капитанның өкімі бойынша мүмкін болады. Бұл ретте жұмыс жасаушылар сақтандыру жұмыс кеудешесін және сақтандыру ұшы бар сақтандыру белдігін киеді.
21. Вахтада жаурап қалған адамдар мүмкін болған жағдайда құрғақ киімді киеді, ал сулы киімді осы үшін арналған арнайы орындарда кептіреді.
22. Палуба корпустың барлық периметрін бойлай фальшбортпен немесе сым арқанды қоршаумен қоршалады. Фальшборттың және сым арқанды қоршаудың дұрыстығын үнемі, мезгіл-мезгіл бақылап, босауына қарай тросты сым арқандардың адырналарын қаптап, түтік тәріздес сым арқандарды түзетіп, шынжырлардың ақауланған учаскелерін ауыстырып, орнатылған бағандардың мықтылығын тексеріп және әсіресе қоршауларды ашу орындарында қармақтардың дұрыстығын бақылап отыру қажет.
23. Сым арқанды қоршаулардың барлық ақаулары тез арада жөнделеді. Сол сәтте жөндеуге келмейтін ақауларды сенімді түрде жабу қажет. Бекітілмеген қоршауларды бекітуге тыйым салынады.
24. Фальшборттағы аралықтарды, ойықтарды ашу, өндірістік қажеттіліктер үшін сым арқанды қоршауларды алып тастау тек вахта бастығының рұқсатымен ғана жүргізіледі. Ол кезде адамдардың борт сыртына құлауларының алдын-алу бойынша шаралар қабылданады (қауіпсіздік белгілері қойылады). Жұмыстар жасалып болғаннан кейін фальшборттағы аралықтар мен ойықтар шұғыл түрде жабылады, ал алынған сым арқанды қоршаулар өз орындарына қойылады және дұрыстап бекітіледі.
25. Кемелерде борт сыртындағы суды көсіп алуға, борт сыртында швабраларды, арнайы киімді жууға, кеменің бортынан шомылуға, фальшбортқа, сым арқанды қоршауларға, кнехталарға адымдауға және отыруға тыйым салынады.
26. Қозғалтқыштарды, қосалқы тетіктерді, электр құрылғыларды, жабдықтарды жөндеу кезінде оларға берілетін қуат көздерін айырады (немесе жетекті жүйені), ал бұл механизмдердің іске қосылатын құрылғысында және іске қосуды жүзеге асыру мүмкін болатын басқа жерлерде, (тарату қалқандары, басқару пульттері, басқару постылары, рубкалар), "Қоспаңдар – адамдар жұмыс жасап жатыр" қауіпсіздік белгісі ілінеді.
27. Құрылғының және құбырдың барлық ыстық бөлімдері оқшауланады, май немесе басқа да жанғыш зат түсіп кетуі мүмкін орындар металл қаптамалармен жабылады. 500С астам температураға дейін қыздырылатын немесе теріс температураларға дейін салқындатылатын басқарудың барлық қолсаптары, маховиктер және басқа да органдар дұрыстап оқшауланады.
28. Бу немесе ыстық су шығатын құбырлар мен клапандарды ашқан кезде ыстық судың ағысы астына түсіп қалмас үшін жанында тұру керек.
29. Қауіптілігі аса қауіпті жұмыстармен байланысты жұмыстар (қазандарды, газ қалдықтарын, цистерналарды, түп аралық аралықтарды қарау) капитанның (механиктің) басшылығымен жүргізіледі.
30. Төсеніші уақытша алынып тасталған орындар қоршалады, ал тәуліктің қараңғы уақытында жарық түсіріледі. Төсеніштің алынып тасталған табақтары өздігінен оларды қозғауды болдырмас үшін жинастырылып бекітіледі.
31. Сақтандыру кеудешелерін қолданбай сым арқан қоршаулары жоқ кемелерде палубалық жұмыстарды жүргізуге, шлюпкаларда тұруға, палубалармен жүруге тыйым салынады.
32. Сыр бояу материалдар, бензин, керосин және басқа да жеңіл тұтанатын сұйықтықтар арнайы орында жабық ыдыста сақталады. Сыр бояу материалдар мен жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды полиэтилен және әйнек ыдыстарда сақтауға тыйым салынады.
Жеңіл тұтанатын материалдарды машиналық бөлімде сақтауға болмайды. Жұмыс жасау орынында 0,25 литрден көп емес бензинді жабық ыдыста сақтауға рұқсат етіледі.
33. Зиянды және газдардың жарылу қаупі туындауы мүмкін және улы заттар, сыр бояу материалдар, мұнай өнімдері және оған сәйкес, сақтаулы ғимараттар есіктерінде қауіпсіздіктің белгілері қойылуы керек. Мұндай үй-жайлардың есіктері құлыпталады, үй-жай желдетіледі.
34. Кемелерді сұйық жанармаймен, майлармен бункерлеу, сондай-ақ кемелерден қалдық суларды және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды қабылдау тек жабық әдіспен жүргізіледі.
35. Кемелік жұмыстарды команда құрамының адамы басқарады. Жұмыс басшысы:
1) жұмыстардың орындалу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
2) жұмыс жасаушыларға қауіпсіздік шаралары және жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану туралы нұсқаулықтар беруге;
3) барлық қолданылатын құралдардың, құрал-саймандардың және жеке қорғау құралдарының сенімділігін және ақаулығын тексереді;
4) жұмыс істеушілерді жұмыс көлеміне және сипаттамасына қарай бөледі.
36. Жарақтандыру үшін алып жүретін аккумуляторлы шамдар немесе кернеуі 12 вольт жарылуға қауіпсіз орындалудағы ауыспалы шамдар қолданылады:
1) цистерналардағы жанар жағармай материалдарымен отын деңгейін қарау, тазалау, өлшеу кезінде;
2) трюмдарда;
3) лакті бояу және жанғыш газдары бар баллондарды сақтау үй-жайларында;
4) отын булары, май және жарылысқа қауіпті газ концентрациясын жиналуы мүмкін, қозғалтқыштардың картерлерін, компрессорларды, тісті бергіштерді, тоңазытқыш машиналарын ашу және қарау кезінде.
37. Бақылау-өлшеу құралдарының бағандарына өлшеу шыңының рұқсат етілетін белгісі көрсетілетін нақты белгілер (қызыл сызық) салынады. Техникалық құралдарға, сондай-ақ қорда тұрған бақылау өлшеу құралдары үнемі жұмыс жасап тұрады, пломба қойылады және тексеру күні қойылған таңбасы болады. Сынған, пломбасы алынған, сондай ақ тексеру мерзімі өтіп кеткен бақылау-өлшеу құралдарын пайдалануға болмайды.
38. Техникалық құралдардың барлық сақтандыру қақпақшаларын және автоматты реттеуіштерді даярлаушы зауыт белгіленген мерзімде тексеріп отырады.
39. Барлық техникалық құралдармен басқару органдары әрекетке қосымша тұтқышпен пайдаланусыз физикалық күш салумен келтіріледі.
40. Механизмдермен және жүйелермен басқару органдарында және қақпақшалар маховичкаларында ашу немесе жабу үшін олардың айналым бағытын көрсететін жазулары бар нұсқаулар болады.
41. Клинкеттерді, вентильдерді, құбырларды ұзын сапты кілттермен, контркілттермен және трубалармен ашуға және жабуға тыйым салынады.
42. Экипаждың әр мүшесі осы еңбек қауіпсіздігін және оны қорғау талаптарын және нұсқауларының бұзылғанын, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жабдықтар, жүйелер, құрылғылар мен механизмдердің ақауларын анықтаса вахта басшысына баяндауы қажет.
4. Авариялық жағдайларда еңбек қауіпсіздігі
43. Осы Талаптардан ауытқу апатқа ұшыраған кемелерде жұысты орындауда немесе барлық қауіпсіздік шараларын сақтау кезінде авариялық-құтқару жұмыстарына қатысушыларға ғана рұқсат етіледі.
44. Жану немесе өрт болған жағдайда қызметкерлер лезде жұмысты тоқтатады, электр құралдарын, жабдықтарды ажыратады өртке қарсы қызмет қызметкерлерін шақырады және кеме капитанына (командиріне) хабарлайды.
45. Жазатайым жағдайларда зақымданған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шараларды қабылдайды.
46. Әрбір жүзбелі құралда, жағалаулық өндірістік учаскеде алғашқы көрсетілетін, қол жетімді жерде медициналық көмекке арналған дәрі қобдишасы көзделеді.
47. Егер қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, оған Қазақстан Республикасының еңбек және азаматтық заңнамаларында көзделген тәртіпте және шарттарда келтірілген залалдың орны толтырылады.
48. Әрбір жүзбелі құралда, жағалаулық өндірістік учаскелерде су көлігінің ұйым басшысымен бекітілген регламенттелген өртке қарсы режим, кеме дабылдарының кестесі болады.
5. Жұмыстың аяқталуы бойынша еңбек қауіпсіздігі
49. Жұмыс аяқталғаннан кейін қызметкерлер электр құралдарын және жұмыс жабдықтарын ажыратады және тоқсыздандырады.
50. Ауыспалы жұмыс кезінде қызметкерлер жұмыс орындарын тиісті түрде тапсырады.
6. Палублық жұмыстар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
51. Палубалық жұмыстарды атқару «Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 680 қаулысымен бекітілген Өзен көлігін техникалық пайдалану талаптарына, осы Талаптарға және құрастырушы зауыттардың кемеге орнатылған механизмдер мен құрылғылар нұсқаулығы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
52. Электр қуатын, буды, тығыздалған ауаны немесе сұйықтықты қысыммен кеменің палубалық механизмдерін және құрылғыларының әртүрлі топтарына беру, сондай-ақ энергияның тиісінше түрін беруді айыру вахта бастығының рұқсатымен немесе соның талабы бойынша жүзеге асырылады.
53. Кеме үстіндегі механизмдер мен құрылғыларды басқаруға бекітілген экипаж мүшелері тежеуіш құрылғылардың дұрыстығы мен қауіпсіз қызмет етуіне назар аудара отырып, механизмдердің барлық түйінінің дұрыстығын тексеріп отыруға міндетті.
54. Механизмдердің қозғалтқыш тұтқаларының қаптамалары еркін айналады (жүк көтергіш, кішкентай және басқа механизмді құрылғылар). Тұтқалардың қаптамасы желінбеу үшін жиі майланып тұрады.
55. Кеме үстіндегі механизмдер мен құрылғылардың электр құралдарының қызметі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес орындалады.
56. Кез-келген жағдайда, жұмыс өндірісіндегі адамның өміріне қауіпті болған жағдайда (борт сыртындағы, биіктіктегі, бекітілген кеңестік пен бөлмелердегі, дауыл кезінде кеме үстіндегі жұмыстарда) капитан (командир) жұмысшыларды олардың қауіпсіз жұмыстануларына нұсқау жасауға, қажетті құрал – жабдықтармен, сақтандырғыш және қорғану құралдарымен, жеке қорғану заттарымен қамтамасыз етуге міндетті; жұмысқа қатысушылардың қауіпсіздік ережелерін білулеріне және қорғану, сақтандырғыш құралдарын және жеке қорғану заттарын қолдануларына көз жеткізу керек; қажетті жағдайда көмек көрсету үшін жұмысшыларды қадағалап отыру керек.
7. Рульді құрылғымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті
қамтамасыз ету
57. Рульді құрылғылардың барлық қозғалғыш бөліктері (рульді машиналар, белдік сымдар және штурлы арқандар, румпелді құрылғылар) адамдар жүретін орындарда алмалы-салмалы қалқандармен немесе былғары терілермен қапталады және мұқият бекітіледі.
58. Рульді құрылғылардың тұтқаның шетінен қол қозғалтқышының дөңгелек тұтқалары шетінен тоғандармен қорғалады. Тез айналатын дөңгелек тұтқалар тоғанның сыртынан немесе арнайы тежеуіштермен тоқтатылады.
Штурвалды дөңгелекке сүйенуге тыйым салынады.
59. Жұмыс жасап тұрған рульді құрылғыларды сыртынан тексеру және майлау, оны қоршап тұрған қалқандар мен былғарыларын алу тек вахта бастығының рұқсатымен жүргізіледі.
Бұл ретте рульді құрылғының қозғалыстағы бөліктеріне жақындауға болмайды.
60. Рульдік машиналарда, белдік сымдарда немесе штурлы тежеуіштерде кемені жөндеу қажеттілігі туындаған кезде пайдалану жұмыстары басталғанша рульді машина, белдік сымдар немесе штурлы тежеуіштер жұмыс өндірісі уақытында қондырманың өздігінен ауысуынан қозғалысқа түспеу үшін қондырма секторы тоқтатылады.
61. Қондырмаларда алдын алу жұмыстарын орындау алдындағы қажеттілік:
1) рульдерлің (қоңдырғылардың) кездейсоқ кері оралуларына шара қолдану. Бұрылудың еспе бұранда қалағының өзгеру қажеттілігі кезінде жалпы айналыстағы құрылғылардың көмегімен вахта бастығының немесе капитанның ұйғаруымен жүргізіледі. Машина бөлімдеріне бұйрық беру үшін олар мен жұмыс орны арасында мықты байланыс орнатылады;
2) реттеуші аралықтың бұранда қалағының тұрақтылығы жазылып отырылады;
3) суатқыш қозғалтқышты кемелерде суатқыш қозғалтқышты рульдерді қалқаларды толық ашып және сол күйінде бекіту керек;
4) рульдік басқару бекеттерінде реттеуші аралық және қауіпсіздік белгісінің «Қоспау – адамдар жұмыс жасауда» басты қозғауыштары ілінеді;
5) жұмыс жасалып жатқан кемеде және көпірде құтқару жабдықтарының толық дайындығын қамтамасыз ету;
6) қалқымалы көпірлерде жұмыс жасау кезінде жұмысшылардың қауіпсіздігін қадағалау, ал қажетті жағдайда көмек беру үшін кезекші тағайындалады.
62. Плоттағы руль (қондырғылар) жанындағы жұмыстар акваторияның тыныш күйдегі жағдайында жүргізіледі; плоттағы руль жанындағы жұмыстарды тәуліктің қараңғы уақытында жүргізуге болмайды.
63. Кемелердің руль (қондырғылар) жанындағы жұмыстар, дифферентовка жолымен, кеменің артқы жақ көтергіш немесе басқа кеме көтергіш арқылы кеме артқы жағы көтерілген бөлігі капитан басшылығымен жүргізіледі.
8. Зәкірлі құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті
қамтамасыз ету
64. Зәкірлі құрылғының барлық бөлшектері, браншпилі, шпилі, тежегіш және стопорлы құрылғылар қауіпсіз және мықты жұмыс істеу керек. Зәкірді бекітетін құрылғы жектілікті мықтылықты болады және олардың тез берілуіне мүмкіндік береді.
65. Зәкірді босату немесе көтеру жұмыстары тек вахта бастығының бұйрығы бойынша жүргізіледі.
66. Шығырлардың бос жұмыс жасауларын алдын ала тексерместен тізбекті атанақтарды тіркеуге тыйым салынады.
67. Шығырды басқарып тұрған адамға жұмыс уақытында басқару тұтқышынан алыс кетуге тыйым салынды.
68. Тізбекті атанақтарды, олардың таспалы тежеуіштерге бекітілгенін анықтамай, аулақтандыруға тыйым салынады.
69. Айлақ тұрағында таспалы тежеуіштерге бекітілгендерден бөлек зәкірлерді тастауға тыйым салынды. Зәкір-тізбектер қосымша жабдық құрылғыларымен бекітіледі.
70. Зәкір құрылғылары төмендегідей жөндеулерді қажет етсе, кемені пайдалануға тыйым салынады:
1) зәкір-тізбектердің буындары мен қапсырмалары ажыраса, 20% бұзылған немесе тозған, аралас жүзетін кемелерде - 10%;
2) зәкір-тізбектерде кергіш қозғалыстағы буындар болса;
3) зәкірлі-тізбек шығыр көздерінен немесе жабдық бекіткіштерінен тез өтіп шықса;
4) тізбек жабдықтары, шығырдың тежеуіш құрылғылары, сондай-ақ зәкірдің дистанциялы босату түйіндері дұрыс болмаса;
5) тұмсықтар мен жабдықтардың тозуы құрылғылардың дұрыс жұмыс жасауына қиындық тудырады;
6) зәкірлердің дистанциялы босатылуы кезінде кедергісіз босатылуы немесе зәкір өздігінен босатылуы қамтамасыз етілмейді немесе шығару мүмкіндігі болмайды; зәкірдің дистанциялы босатылу жүйесінің жұмыс істеуін тексеру кедірлі зәкір-тізбекпен, кеме үстіндегі жабдықтармен жасалады. Егер тексеру кезінде зәкірдің кедергісіз босатылуы қамтамасыз етілмегендігі немесе өздігінен серпілуі мүмкін болса, онда дистанциялы босатылатын меңгеріктерден зәкірлі құрылғыларды қолдануға тыйым салынады.
71. Зәкірді босату алдында:
1) зәкірлі құрылғыларды сыртынан тексеріп және олардың дұрыстығына көз жеткізу;
2) тізбелі босату мен винтті жабдықтарға дейін лентті тежеуіштердің дұрыстығына көз жеткізу;
3) зәкір-тізбекті үстіңгі жабдықтардан босату;
4) тізбекті жәшіктерде адамдардың және бөгде нәрселердің жоқтығына, зәкір - шынжырын авариялық босату құрылғыларының жөнделулеріне көз жеткізу;
5) зәкір-тізбек бойында адамдардың және бөгде заттардың мұрын жолды қарауыл астындағы жүзбелі құралдардың жоқтығына көз жеткізу.
72. Зәкірдің шлюпкасымен тасып жеткізу команда құрамының бір мүшесінің жетекшілігімен жүзеге асырылады.
Зәкір кішкентай қайыққа қаптама өсінді арқанмен бекітіледі. Зәкір орналасқан малынған арасында, транцевті тақтайы және зәкір арасында, сондай-ақ ағаш қайықта орналасқан айлақ арқанының ішінде тұруға болмайды.
73. Кішкентай қайыққа кеменің бортындағы жүкті және зәкірді түсіру үш балды толқын кезінде жұлқылаусыз, қалқып, жүк көтергіш құрылғылардың көмегімен атқарылады. Кішкентай қайықта жүк түсіру кезінде жүруге тыйым салынады.
74. Зәкірді бөрене краннан босату кезінде үстіңгі жабдықтың босатылғандығына көз жеткізу керек. Зәкірге ілінуі бөрене крандардың астында тұруға тыйым салынады.
75. Зәкір тұмсығы жоқ, зәкірдің салмағы 50 кг дейін тартатын кіші кемелерде, зәкірді қояр алдында міндетті түрде келесіге көз жеткізу қажет:
1) зәкір шығыры қозғалысының артқы жағы бағытталған роуьске орнатылған және оның планкасы тоқтатылған;
2) зәкірлі арқан кеме үстінде бөліктерге жіктелген және қажетті ұзындыққа бекітілген.
Зәкірді қолға ауыстыру кезінде ажыратылған кеме үстіндегі зәкір шығырынан жақын тұруға болмайды.
76. Зәкірді зәкірлі құрылғыларымен таңдау кезінде:
1) зәкір-тізбегінің қозғалысы бойында және тізбек жәшігінде адамдардың болуына, кеменің қарауылы астындағы жүзбелі заттардың болуына көз жеткізу керек;
2) зәкір-тізбектің зәкірлі құрылғының тізбек атанағынан өту жолын және тізбектің босатқыш қозғалысын қадағалау. Тізбек қажалған жағдайда зәкірлі құрылғы жөндеуге тұру қажет;
3) тізбекті атанақ көзіндегі қажалған зәкірлі тізбекті зәкірлі құрылғының кері айналуынан соң босату қажет;
4) зәкірді қолды қозғалтқышпен көтеруде бағаналардың кеме үстінде дұрыс және еркін орналасуын және белдіктердің кері жүруін болдырмауды қадағалау қажет. Қолсаптар зәкір механизмі шегесінің (қол валы) бас тартуға дейін тығыз орналастырылады. Зәкірді көтеру кезінде малынған корпус денесіне және қолсаптар орнына кездейсоқ құралдарды қолдануға бірінің үстіне бірін қоюға тиым салынады;
5) борт сыртындағы зәкірді тазарту (тежеуіштен,тізбектен және басқа да заттардан) тек жаппамен жасалады. Бұл ретте зәкірде аяқпен тұруға тиым салынады. Зәкірді тазалау жұмыстарын жүргізер алдында зәкірлі тізбек винт және тізбекті жабдықтармен бекітіледі. Зәкірді тазалағаннан кейін борт сыртында жұмыс жасаған адамдар кеме үстіне шыққан соң ғана шығырды түсіруге рұқсат етіледі;
6) зәкірді іріктеуде шлангтің көмегімен зәкірлі тізбекті жуып тұрған кезде зәкірлі тізбектен 1 м қашықтықта жанынан тұру қажет.
77. Егер адамдарды тізбекті жәшікке зәкірлі тізбекті тазалауға жіберу қажет болса, шығыр жұмысы тоқтатылады, ал зәкірлі тізбек лентті тежеуішке және винтті жабдыққа бекітіледі. Шығырдың түсіру құрылғысына «Қоспаңдар – адамдар жұмыс жасап жатыр» деген қауіпсіздік белгісі ілінеді. Тізбекті жәшікте және кеме үстінде арнайы қармақтардың көмегімен зәкірлі тізбекпен жұмыс жасау қажет.
78. Зәкірді және зәкірлі тізбекті тазалау жұмыстары 1-шы штурманның (капитанның 1-ші көмекшісінің) жетекшілігімен өткізіледі.
79. Байланған атанақтардың көмегімен зәкірді сұрыптай отырып, атанаққа кемінде үш шланг немесе зәкірлі тізбектің шынжыр арқанын қою керек. Зәкірді көтеру кезінде зәкірлі тізбек немесе шынжыр арқан сырыла бастаса, зәкірді сұрыптауды тез арада тоқтатып және атанақтағы шлагтар санын көбейту қажет.
Тізбектің немесе шынжыр арқанның артқы жағын демеу кезінде қолды механизмнің атанағынан 1 м жақын ұстауға, сондай-ақ тізбекті немесе шынжыр арқанды түзеуге болмайды.
80. Зәкірлерді шағын зәкірлердің көмегімен сұрыптау кезінде зәкірлі тізбекті шағын зәкір шығырлы жабдыққа немесе уақытша үзбелерде бекітілген соң сұрыпталады.
81. Зәкірді сұрыпталуын және зәкірлі тізбекті қадағалаушы қауіпсіз орынға жайғасады және фальшборт арқылы иілмейді.
82. Зәкірді көтерген соң, зәкірлі тізбекті лентті тежеуішке және үстінгі жабдықтарға мұқияттап бекітеді, тізбекті жұлдызшаны зәкірлі құрылғының күш бершуі қозғалтқышынан айрыу қажет. Электрлі қозғалтқыш кезінде электр қозғауышын энергия көзінен айыру керек, ал қолмен қозғалту кезінде зәкірді көтерген соң тұтқалары мен малынғандар алынады және штаттық орынға қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |