Оқушылардың оқу құжаттары
Әрбір оқушы сабақ кестесіне сәйкес сабаққа қажетті заттарды алып келуі тиіс
Әрбір оқушы сабақ кестесіне сай оқу – құралдарды алып келулері тиіс
Оқушыларға қойылған ұпайлар
1.Мұғалім өткен бағдарлама материалдарымен қарастырылған оқу түрі жұмысына ұпай қойып, сол күні оқушыға оны жеткізеді
2.Берілген пән үшін оқушының білім баға критерийі бағдарламамен анықталады.
3.Белгіленген мерзімде орындалмаған жұмысты «қанағаттандырылмаған» деп есептелуіне болады
4.Баға нәтижесі ағымдағы кемінде үш ұпай негізінде қойылады.
Оқушыларға тыйым салынады:
1.Арақ-шарапты, газдалған сусындар, темекіні, наркотикалық және токсикалық заттарды қолданып, әкелуге
2.Өртке әкелетін кез келген заттарды қолдануға
3.Қарым-қатынасты шешу үшін немесе бопсалау үшін дене күшін қолдануға, бір-бірін итеруге, заттарды лақтыруға, шулауға.
4. Өз өмірі мен денсаулығына және өзгелерге қауіпті әрекеттерді жасауға
5 Басқа оқушыларға және мектеп қызметкерлеріне әдепсіз, дөрекі сөздерді айтуға
6. Сабаққа қатысы жоқ нәрселерді әкелуге
7. Мектепке шемішке әкелуге
8. Мектепке сіріңке, оттық, тесетін және кесетін заттарды, газ баллондарын, мылтықты (соның ішінде газды, пневматикалық, имитациялық), ойын карталарын әкелуге
9.Өзіне, денсаулығы мен өміріне зиян келтіретіндей және мектеп мүлкіне зияна тиіп кететін әрекеттер жасауға.
10.Жиһаздар мен қабырғаға жазуға, мектеп жиһазын, кабинет жабдықтарын және басқа да мектеп мүлкін бүлдіруге, тырнауға болмайды.
11.Мектепке тиесілі кітаптар мен құралдарға жазуға, кітап бетін жыртуға.
12.Мектеп территориясында және мекемеде қоқыс тастауға болмайды,қоқысты тек қоқыс тастауға арналған жерге тастау қажет.
13. Сабақ кезінде ұялы телефондарды, плеерлер, электрондық ойындар және т.с.с. қолдануға.
14. Оқу сабақтары кезінде мектеп дәлізінде болуға
15.Ойынға арналмаған жерлерде, баспалдақтарда жүгіруге.
16.Оқушылар жүрген жерде кептеліс жасауға.
17.Мектептен немесесабақтансұранбайкетуге.
18. Мұғалімніңрұқсатынсызкабинеттерденкілттіалу, сыныптардажабылып, өзбетіншеәйнектердіашуға.
Достарыңызбен бөлісу: |