Оқу жылындағы сынып жетекшінің жеке іс-құжаттары



бет1/2
Дата12.10.2022
өлшемі194.71 Kb.
#462486
  1   2
Сынып папкасы






2022-2023 оқу жылындағы сынып жетекшінің жеке
іс-құжаттары.
11"В" сынып


Сынып жетекші: Мадиярова Бегзада Уалиханқызы


Ата-аналар жиналысының №3 хаттамасы
Қатысуы тиіс ата –аналар саны -26
Қатысқаны- 22
Мерзімі-22.01. 2022ж

Күн тәртібіндегі мәселелер


1. Оқушылардың ІІI тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.
2. Балалардың жетістіктері туралы ата - аналарға хабарлау.
3.Кезектегі мәселелер

Бірінші мәселе бойынша ата аналарға өз міндеттерін түсіндіре отырып, оқушылардың сабаққа келуі үшін барлық санитарлық жағдайлардың сақталуы керектігі айтылды.


1 сұрақ бойынша сынып жетекші Мадиярова Бегзада сөз сөйледі. Оқушылардың 2 - тоқсан бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп, «жақсы» деген бағадан «қанағаттандырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. Ата - аналар жиналысына шақырылған пән мұғалімдері Нұрманова А, Р.Худайкулова оқушылар туралы айтты.
Ата -ананың міндет баланың сабаққа қатысуын өз қарауына алу.Сабаққа келген оқушы міндетті түрде бетперде, антисептик,сулық алып келулері керектігі айтылды.
Екінші мәселе бойынша сыныпта ІІ тоқсан бойынша 26 оқушы бар. 16 ұл бала, 10 қ ыз бала. Сыныпта 1 үздік оқушы, 13 екпінді оқушы, 11 орта оқитын оқушы бар. Үздік оқушы Нарбай Ақжүніс. Оқушылардың жақсы оқуы үшін ата-аналардың қадағалауын, балалардың қандай сабақтан үлгермейтінін анықтап, қосымша сабақтарға баруын қадағалуы тапсырылды. Сонымен қатар әрбір ата-ана баласының сабағын көбірек қадағалап, оқу құралдарын таза ұқыпты, ұстап, сабақтарға толық қатысуын қадағалауды алға тартты.Оқушылардың
Ағымдағы мәселелер бойынша оқушының тәртібі , мектеп формасы классикалық түрде болатындығы айтылды.Мектеп ережелерін сақтауы керектігі айтылды.
Қорытынды, жалпы оқушылар оқу барысында мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтап оқуы үшін ата- ана мен сынып жетекшінің қадағалауында болу керектігі айтылды.


Жиналыс қаулы етеді:
1. 3 тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру.
2. Қауіпсіздік ережелерін ата - аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.
3. Сынып оқушыларының оқу сапасының көтерілуін сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері, ата - аналар бірлесіп жұмыс жасау.

Жиналыс төрайымы: Мадиярова Б.


Сынып жиналысының №1 хаттамасы


7.09.2021 ж.


Қатысқаны: 24


Қатыспаған жоқ

Күн тәртібінде:



  1. Сынып оқушыларының сабақ үлгерімі, тәртібі

  2. Сынып белсенділерін сайлау

  3. Ағымдағы мәселелер

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Мадиярова Бегзада оқушылрды жаңа оқу жылымен құттықтап 2021-2022 оқу жылында карантин кезінде тәртіпті сақтап, өз денсаулықтарына мұқият болу керектігін ескертті. Сонымен қатар
І тоқсанды жақсы аяқтауға, сабаққа белсене қатысып, сабақа күнделікті тыңғылықты дайындалып жүруге шақырды.
Екінші мәселе бойынша сынып белсенділеріне сыныптағы үлгілі оқушыларды тарту, олардың өзінің міндеттерін уақытылы атқаруы тапсырылды. Сынып басшысы болып Бегалы Айкен сайланды.
Үшінші мәселе бойынша оқушылар кітаптарын қаптауы керектігін айтты.Мекептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып, мектеп ішінде тәртіп сақталу керектігін айтты. Оқушылардың мектеп формасын сақтау керектігі қатаң ескертілді. Жиналыс соңында төмендегідей қаулы қабылданды.
Қаулы:
1.Әрбір оқушы І тоқсанды жақсы деген бағалармен аяқтауға жауапкершілікпен қарасын.
2.Сынып белсенділері бекітілсін.
3. Мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау керек

Жиналыс төрағасы: Мадиярова Б.


Сынып жиналысының №2 хаттамасы


27.10.2021 ж.


Қатысқаны: 26


Қатыспаған жоқ

Күн тәртібінде:



  1. Сынып оқушыларының сабақ үлгерімі, тәртібі

  2. Сынып топбасшысының есебі ( оқушылардың сабаққа қатысуы туралы)

  3. Карантин ережесі

  4. Ағымдағы мәселелер

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Мадиярова Бегзада сынып оқушыларының сабақ үлгеріміне тоқталды. І тоқсан бойынша оқушылардың сабақ үлгерімі жақсы, дегенмен кейбір оқушыларға әлі де тырысу керектігін айтты.
Екінші мәселе бойынша сыныптағы топ басшы Бегалы Айкен сөз бастап,
І тоқсанда оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі төмен екендігін айтты. Сыныпта сабаққа немқұрайлы қарайтын оқушылар бар екендігі айтылды. Олар: Жамал Мұқан, Құрмансейітов Тимур,Әділханұлы Абай.

Үшінші мәселе бойынша сынып жетекші оқушыларға интернеттен болғандықтан көп уақыттарын түрлі сайттарды өткізетінін айта отырып, түрлі қажет емес ойындардан аулақ болуын ескертті. Сынып ішінде тазалық сақтап, карантин шараларын сақтау керектігі айтылды.


Сөз соңында сынып жетекші сөз алып кешкі уақытта оқушы үйде отыруы тиіс және карантиннің барлық ережесін сақтау керектігін айтып өтті. Оқушының сабақтан бос уақытында ақылы жұмыс істеуіне, көшеде бей мезгіл жүрмеуін, басқа қалаларға баруына қатаң тиым салынатындығын ескертті
Жиналыс соңында төмендегідей қаулы қабылданды.


Қаулы:

  1. Әрбір оқушы ІІ тоқсанды жақсы деген бағалармен аяқтауға жауапкершілікпен қарасын.

  2. Сынып оқушыларының тәртібі мен тазалығы жақсы деп есептелсін.

  3. Карантин кезінде барлық ережелер сақталсын.

Жиналыс төрағасы: Мадиярова Б.

Сынып жиналысының №3 хаттамасы


24.11.2021 ж.


Қатысқаны: 26


Қатыспаған жоқ

Күн тәртібінде:


1.Сынып оқушыларының сабақ үлгерімі, тәртібі
2.Сынып топбасшысының есебі ( оқушылардың сабаққа қатысуы туралы)
3.Ағымдағы мәселелер
Сынып жетекші Мадиярова Бегзада сынып оқушыларының сабақ үлгеріміне тоқталды. І тоқсан бойынша оқушылардың сабақ үлгерімі жақсы, дегенмен кейбір оқушыларға әлі де тырысу керектігін айтты. Оқушылардың қашықтықтан оқу кезінде сабаққа қатысуларын дұрыстау керектігі айтылды.
Екінші мәселе бойынша сыныптағы топ басшы Бегалы Айкен сөз бастап,
І тоқсанда оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі төмен екендігін айтты. Сыныпта сабаққа немқұрайлы қарайтын оқушылар бар екендігі айтылды. Олар: Жамал Мұқан, Құрмансейітов Тимур,Әділханұлы Абай. .

Үшінші мәселе бойынша сынып жетекші оқушыларға қашықтықтан оқыту тікелей интернеттен болғандықтан көп уақыттарын түрлі сайттарды өткізетінін айта отырып, түрлі қажет емес ойындардан аулақ болуын ескертті.


Сөз соңында сынып жетекші сөз алып қашықтықтан оқу барысында оқушы үйде отыруы тиіс және карантиннің барлық ережесін сақтау керектігін айтып өтті. Оқушының сабақтан бос уақытында ақылы жұмыс істеуіне, көшеде бей мезгіл жүрмеуін, басқа қалаларға баруына қатаң тиым салынатындығын есертті
Жиналыс соңында төмендегідей қаулы қабылданды.


Қаулы:

  1. Әрбір оқушы ІІ тоқсанды жақсы деген бағалармен аяқтауға жауапкершілікпен қарасын.

  2. Сынып оқушыларының тәртібі мен тазалығы жақсы деп есептелсін.

  3. Карантин кезінде барлық ережелер сақталсын.

Жиналыс төрайымы: Мадиярова Б.
Сынып жиналысының №4 хаттамасы

18.01.2021 ж.


Қатысқаны: 26


Қатыспаған жоқ

Күн тәртібінде:



  1. Офлайн оқуды ұйымдастыру

  1. Сынып оқушыларының сабақ үлгерімі, тәртібі

3. Сынып топбасшысының есебі ( оқушылардың сабаққа қатысуы туралы)

  1. Ағымдағы мәселелер

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Мадиярова Бегзада сөйледі.
ІІІ тоқсан оқушылардың мектепте негізгі пәндерді оқитындықтары ескертілді.Оқушылар мектепке келу барысында санитарлық жағдайларды толық сақтау керектігі айтылды. Өздерімен бірге әрдайым бетперде, сулық, антисептик болу керектігі ескертілді. Бір бірімен арақашықтық сақтау керектігі айтылды.Мектеп формасы классикалық түрде болатындығы ескертілді. Мектептің ішкі тәртіп ережесі міндетті түрде сақталу керектігі ескертілді.
Сынып жетекші Мадиярова Бегзада сынып оқушыларының сабақ үлгеріміне тоқталды. ІІ тоқсан бойынша оқушылардың сабақ үлгерімі жақсы, дегенмен кейбір оқушыларға әлі де тырысу керектігін айтты. Оқушылардың қашықтықтан оқу кезінде сабаққа қатысулары төмен екендігі айтылды.
Екінші мәселе бойынша сыныптағы топ басшы Бегалы Айкен сөз бастап, ІІ тоқсанда оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі орташа екендігін айтты.
Үшінші мәселе бойынша сынып жетекші оқушыларға қашықтықтан оқыту тікелей интернеттен болғандықтан көп уақыттарын түрлі сайттарды өткізетінін айта отырып, түрлі қажет емес ойындардан аулақ болуын ескертті.
Сөз соңында сынып жетекші сөз алып офлайн оқу барысында оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтап, санитарлық жағдайды сақтаулары керектігі айтылды. Оқушының сабақтан бос уақытында ақылы жұмыс істеуіне, көшеде бей мезгіл жүрмеуін, басқа қалаларға баруына қатаң тиым салынатындығын есертті
Жиналыс соңында төмендегідей қаулы қабылданды.


Қаулы:
1.Әрбір оқушы ІІІ тоқсанды жақсы деген бағалармен аяқтауға жауапкершілікпен қарасын.
2.Сынып оқушыларының тәртібі мен тазалығы жақсы деп есептелсін.
3.Санитарлық ережелер сақталсын.
Жиналыс төрайымы: Мадиярова Б.

Сынып жиналысының №1 хаттамасы


5.09.2022 ж.


Қатысқаны: 30


Қатыспаған жоқ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет