Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Практикалық сабақтардың жоспары
«Жазуға үйрету технологиясы»
Курс – 2
6В01301-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесібілім беру бағдарламасы
Оқу түрі – күндізгі (қашықтан)
Семестр –3
Құрастырған: аға оқытушы Какимова Д.М.
«Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасы
Кредит саны – 5
Практикалық сабақ – 15
Орал, 2022 ж.
№1 Тақырып. Кіріспе. Жазуға үйретудің тарихы.
Мақсаты: Жазуға үйретудің тарихымен таныстыру. Оқу пәнінің білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттері және басқа пәндермен байланыстылығын меңгерту.
Сабақтың мазмұны:
1.«Жазуға үйрету технологиясы» оқу пәнінің алатын орны мен маңызы.
2.Оқу пәнінің білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттері.
3.Адам іс-әрекетіндегі жазудың алатын орны мен рөлі, маңызы.
Әдебиеттер:
1.Әбдікәрімова Т. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы, Ана тілі, 2000 ж
2.Ұйықбаев И. Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері.//А. 2001
3.Бегалиев Р: Бастауыш мектептегі қазақ тілі әдістемесінін мәселелері // А. 2002
№2 Тақырып. Жазудың анықтамасы.
Мақсаты: Жазудың пайда болу тарихы мен қазіргі жазу түрлеріне сипаттама беру.
Сабақтың мазмұны:
1.Жазудың пайда болуының тарихи алғышарты мен уақыты.
2.Жазудың түрлері.
3.Қазіргі қазақ жазуының түрлері.
4.Альфавиттік жазу тарихы.
Әдебиеттер:
1.Бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламалары. 2000-2001ж.
2.Қазыбаев С. Қазақ тілі методикасы.-А,2002 ж.
2.Рахметова С. Қазақ тілі методикасы.-А, 2003 ж.
№3 Тақырып. Графикалық жүйе» және «шрифт» ұғымдары.
Мақсаты:Графикалық жүйе мен шрифт ұғымдарын ажырата білу, шрифт элементтерінің көлемі, формасы мен көркемділігін меңгерту.
Достарыңызбен бөлісу: |