Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар


-тарау. Баллондарға қойылатын талаптар



бет6/7
Дата09.06.2016
өлшемі0.98 Mb.
#124869
1   2   3   4   5   6   7

22-тарау. Баллондарға қойылатын талаптар
351. Баллондар белгіленген тәртіпте келісілген НҚ сәйкес есептеледі және дайындалады.

352. Баллондардың жанарғы мойнының саңылауына немесе жанарғы мойны жоқ арнайы баллондарда шығын-толтырғыш штуцерлеріне тығыздап бұрап кіргізілген вентилдері болады.

353. Сығылған, сұйытылған және ерітілген газдарға арналған сыйымдылығы 100 л асатын баллондар осы Талаптың 1-қосымшадағы үлгі бойынша құжатымен жабдықталады.

354. Сыйымдылығы 100 л асатын баллондарға сақтандыру клапандары орнатылады. Баллондарды топтық орнатқан кезде сақтандыру клапанын барлық баллондар тобына орнатуға рұқсат беріледі.

355. Автомобилдер мен басқа да көлік құралдарында отын ретінде пайдаланылатын сұйытылған газдар үшін шығынды ыдыстары ретінде орнатылатын, сыйымдылығы 100 л асатын баллондарда вентиль және сақтандыру клапанынан өзге толтырғыштың максималды деңгейінің көрсеткіші болады. Бұндай баллондарда сондай-ақ арнайы толтыру клапанын, бу тәрізді қалпындағы газды іріктеп алуға арналған вентилді, баллондағы сұйытылған газ деңгейінің көрсеткішін және түсіру тығынын орнатуға рұқсат беріледі.

356. Сутегімен және басқа да жанғыш газдармен толтырылатын баллондарға арналған вентилдердің бүйіріндегі штуцерлерінде сол жақ, ал оттегімен және басқа да жанбайтын газдармен толтырылатын баллондарда-оң жақ ойық бұрандасы болады.

357. МСТ 12.1.007 бойынша қауіптіліктің 1 және 2 тобындағы жарылыс қауіпті жанғыш заттарға, зиянды заттарға арналған баллондардың әрбір вентилі бүйірдегі штуцерге оралатын бұқтырмамен жабдықталады.

358. Оттегіне арналған баллондардың вентилдері оттегі ортасында тұтанбайтын нығыздаушы материалдарды қолдана отырып бұрап кіргізіледі.

359. Әр баллонның жоғарғы сфералық бөлігіне анық көрінетін келесі деректер түсіріледі:

1) дайындаушының тауарлық белгісі;

2) баллонның номері;

3) бос баллонның нақты салмағы (кг): қоса алғанда сыйымдылығы 12 л дейін болатын баллондар үшін-0,1 кг дейін дәлдікпен; қоса алғанда 12-ден жоғары 55 л дейін болатын баллондар үшін-0,2 кг дейін дәлдікпен; сыйымдылығы 55 л асатын баллондардың салмағы МСТ немесе дайындаудың НҚ-ға сәйкес көрсетіледі;

4) дайындалған уақыты (айы, жылы) және келесі куәландырудың жылы;

5) жұмыстық қысымы Р, МПа (кгс/см2);

6) сынама гидравликалық қысым Рпр, МПа (кгс/см2);

7) баллондардың сыйымдылығы, л: қоса алғанда сыйымдылығы 12 л дейін болатын баллондар үшін-номиналды; қоса алғанда 12-ден жоғары 55 л дейін болатын баллондар үшін-0,3 л дейін дәлдікпен нақты; сыйымдылығы 55 л асатын баллондар үшін-дайындаудың НҚ-ға сәйкес;

8) дайындаушының диаметрі 10 мм дөңгелек пішіндегі сапа қызметінің таңбасы (сыйымдылығы 55 л жоғары стандартты баллондардан басқа);

9) сыйымдылығы 55 л жоғары баллондар үшін стандарттың номері.

Баллондардағы белгілердің биіктігі-6 мм кем емес, ал сыйымдылығы 55 л жоғары баллондарда-8 мм кем емес.

Ацетилендерге арналған баллондардан басқа, баллондардың салмағы жүргізілген бояудың, егер бұл құрастырмасымен көзделген болса қалпаққа және байпаққа арналған сақинаның салмағын ескере отырып, бірақ вентиль мен қалпақтың салмағынсыз көрсетіледі.

Сыйымдылығы 5 л дейін немесе қабырғасының қалыңдығы 5 мм кем баллондар үшін құжаттық деректері баллонға дәнекерленген пластинаға түсіріледі немесе эмальды немесе майлы бояумен жазылады.

360. Ерітілген ацетиленге арналған баллондар ұсақ саңылаулы массаның және еріткіштің сәйкесінше мөлшерімен толықтырылады. Ұсақ саңылаулы массаның сапасы мен баллондарды дұрыс толтырылуын бақылауды баллонды ұсақ саңылаулы массамен толтыратын ұйым атқарады. Еріткіштің сапасы мен оның аз мөлшерде құйылуын бақылауды баллонды еріткішпен толтыратын ұйым атқарады.

Баллондарды ұсақ саңылаулы массамен және еріткішпен толтырғаннан кейін оның мойнына ыдыстың салмағы түсіріледі (баллонның қалпақсыз, бірақ ұсақ саңылаулы масса және еріткішпен, байпақ, сақина және вентилмен бірге салмағы).

361. Баллондардың сыртқы беті 11-кестеге сәйкес боялады.



11-кесте

Баллондарды бояу және жазбаларды түсіру


Газдың атауы

Баллондарды бояу

Жазбаның мәтіні

Жазбаның түсі

Жолақтың түсі

Азот

Қара

Азот

Сары

Қызыл қоңыр

Аммиак

Сары

Аммиак

Қара

«

Шикі аргон

Қара

Шикі аргон

Ақ

Ақ

Техникалық аргон

«

Техникалық аргон

Көк

Көк

Таза аргон

Сұр

Таза аргон

Жасыл

Жасыл

Ацетилен

Ақ

Ацетилен

Қызыл

«

Бутилен

Қызыл

Бутилен

Сары

Қара

Мұнайгаз

Сұр

Мұнайгаз

Қызыл

«

Бутан

Қызыл

Бутан

Ақ

«

Сутегі

Күңгірт жасыл

Сутегі

Қызыл

«

Ауа

Қара

Сығылған ауа

Ақ

«

Гелий

Қызыл қоңыр

Гелий

«

«

Азоттың шала тотығы

Сұр

Азоттың шала тотығы

Қара

«

Оттек

Көгілдік

Оттек

«

«

Медицина-

лық оттегі



«

Медициналық оттегі

«

«

Күкіртті сутегі

Ақ

Күкіртті сутегі

Қызыл

Қызыл

Күкіртті ангидрид

Қара

Күкіртті ангидрид

Ақ

Сары

Көмір қышқылы

«

Көмір қышқылы

Сары

«

Фосген

Қорғанышты

«

«

Қызыл

Фреон-11

Алюминилі

Фреон-11

Қара

Көк

Фреон-12

«

Фреон-12

«

«

Фреон-13

«

Фреон-13

«

2 қызыл

Фреон-22

«

Фреон-22

«

2 сары

Хлор

Қорғанышты

«

«

Жасыл

Циклопропан

Қызғылт сары

Циклопропан

Қара

«

Этилен

Күлгін түсті

Этилен

Қызыл

«

Барлық басқа да жанғыш газдар

Қызыл

Газдың атауы

Ақ

«

Барлық басқа да жанбайтын газдар

Қара

Бұл да

Сары

«


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет