Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар



бет2/7
Дата09.06.2016
өлшемі0.98 Mb.
#124869
1   2   3   4   5   6   7

4-тарау. Материалдар
50. Ыдыстарды дайындау үшін қолданылатын материалдар пайдаланудың берілген шарттарын (есептік қысымы, минималды, теріс және максималды температурасы), құрамы мен ортаның сипатын (коррозиялық белсенділік, жарылыс қаупі, уыттылығы және басқалары) және қоршаған ауа температурасының әсерін ескере отырып, қызметінің есептік мерзімінің ішіндегі сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

51. Ыдыстар мен олардың элементтерін дайындау, құрастыру және жөндеу үшін негізгі материалдар қолданылады: қаңылтырлы болат, болат құбырлар, сұрыпты болат, болат құймалар, бекіткіш бұйымдар, түсті металдар және қорытпалар, шойыннан жасалған құймалар.

Белгіленген шектерден асатын өлшемдерде, сондай-ақ басқа стандарттар және НҚ бойынша жұмыс жасауға арналған материалдарды қолдануға, материалдардың сапасы мен қасиеті стандарттар және НҚ белгіленгеннен төмен болмаған және аппарат жасау, металды жүргізу, дәнекерлеу жөніндегі мамандандырылған ұйымның қорытындысы болған кезде уәкілетті органның территориялық бөлімшесінің рұқсаты бойынша жол беріледі.

Рұқсаттардың көшірмелері ыдыстың құжатына қосымша тіркеледі.

52. Егер мамандандырылған ұйыммен келісілген нормативтік құжаттамада көрсетілген болса, ыдыстар дайындау үшін балқытылған материалдарды қолдануға рұқсат беріледі.

53. Ашық алаңда немесе жылытылмайтын жайларда орнатуға арналған ыдыстар үшін материалдарды таңдаған кезде осы ауданның сыртқы ауасының абсолютты минималды температурасы есепке алынады.

54. Материалдар мен жартылай дайын өнімдердің сапасы мен қасиеті сәйкесінше стандарттар мен НҚ талаптарын қанағаттандырады және жеткізушілердің сертификаттарымен расталады. Сертификаты немесе таңбалануы болмаған немесе толық емес болған кезде ыдыстың дайындаушысы (жөндейтін, құрастырушы ұйым) барлық қажетті сынақтарды жүргізіп олардың нәтижелерін, материал жеткізушінің сертификатын толықтыратын немесе алмастыратын хаттамамен ресімдейді. Сертификатта жартылай дайын өнімді дайындаушы ұйымда термоөңдеудің тәртібі көрсетіледі.

55. Негізгі материалдарды бақылаудың әдістері мен көлемі белгіленген тәртіпте келісілген стандарттардың және НҚ негізінде анықталады.

56. Ыдыстар мен олардың элементтерін дайындау кезінде қолданылатын отырғызу материалдары сәйкесінше стандарттардың немесе НҚ талаптарын қанағаттандырады.

Нақты маркалардың отырғызу материалдарын, сондай-ақ флюстер мен қорғаныш газдарын пайдалану осы ыдысты дайындаудың НҚ мен дәнекерлеу жөніндегі нұсқауға сәйкес жүргізіледі.

57. Жаңа отырғызу материалдарын, флюстар мен қорғаныш газдарын қолдануға кәсіпорынның басшылығымен олардың ыдысты дәнекерлеу кезіндегі технологиялығын растағаннан, талап етілген құрылғылардың барлық жинағын, дәнекерлеу жалғамаларын (жік металының қасиетін қоса алғанда) тексергеннен және дәнекерлеу жөніндегі мамандандырылған ұйымның оң қорытындысынан кейін рұқсат беріледі.

58. Ұзына бойымен немесе спиралды жіктері бар электрлі дәнекерленген құбырларды, жікті барлық ұзына бойымен радиография, ультрадыбыстық немесе оған тең болатын басқа дефектоскопия арқылы тексерген жағдайда, мамандандырылған ұйыммен келісілген стандарттар немесе НҚ бойынша қолдануға рұқсат беріледі.

Әрбір жіксіз немесе дәнекерленген құбыр гидравликалы сынақтан өтеді. Гидросынақ кезіндегі сынама қысымның шамасы құбырдың НҚ көрсетіледі. Жіксіз құбырларға, егер олардың бүкіл беті бойынша физикалық әдістермен (радиографиямен, ультрадыбыстық немесе оған тең болатын) бақылау өткізілетін болса, гидравликалық сынау жүргізілмейді.

59. Жүргізілген және балқытылған қаңылтырлар мен қорытпасы бар табандар, жүргізілген (балқытылған) қабаттың металдың негізгі қабатынан қыртыстылуын, сондай-ақ табан металының тегіс болмауы мен қыртысталуын анықтауды қамтамасыз ететін ультрадыбыстық бақылаудан немесе басқа әдістермен өткізіледі. Және де сапаны бағалаудың көлемі мамандандырылған ұйыммен келісілген, қаңылтырлар мен табандарды жүргізу немесе балқытудың стандарттары немесе НҚ бойынша белгіленеді. 4 МПа (40 кгс/см2) жоғары болатын қысымда жұмыс істейтін ыдыстарды дайындауға арналған, қалыңдығы 25 мм асатын биметалды қаңылтырлар ультрадыбыстық дефектоскопиямен немесе оған тең болатын басқа әдістермен толық бақылаудан өтеді.

60. 10 МПа (100 кгс/см2) жоғары болатын қысымда жұмыс істейтін ыдыстарды дайындауға арналған, қалыңдығы 60 мм асатын көміртекті және аз көміртегілі қаңылтырлы болат ультрадыбыстық немесе оған тең болатын басқа дефектоскопияның әдісімен беттік бақылаудан өткізіледі.

61. 6,3 МПа (63 кгс/см2) жоғары болатын қысымда жұмыс істейтін ыдыстарды дайындауға арналған және көлем өлшемдерінің бірі 200 мм асатын және қалыңдығы 50 мм асатын көміртекті, аз көміртегілі және қоспаланған болаттан жасалған табандар ультрадыбыстық немесе оған тең болатын басқа әдіспен даналап бақылаудан өткізіледі.

Бақыланатын табан 50 % кем болмайтындай көлемде дефектоскопиядан өткізіледі. Бақылаудың әдістемесі және нормалары НҚ сәйкес болады.

62. Гайкалар мен шпилькалар (болттар) әртүрлі маркадағы болаттардан жасалады, ал бір маркадағы болаттан дайындаған кезде-беріктігі әртүрлі болады. Гайканың беріктігі шпильканың (болттың) беріктігінен төмен болады. Шпилкалардың (болттардың) ұзындығы ойық бұрандалы бөлігінің гайкадан НҚ көрсетілген шамада асып тұруын қамтамасыз етеді.

63. Шпилкалардың (болттардың) материалы пісірілген бөлшектің материалының сызықты кеңею коэффициентінің мәніне жақын болатын сызықты кеңею коэффициентімен таңдап алынады. Сызықты кеңею коэффициентінің мәндеріндегі айырмашылық 10 % аспайды. Беріктігі есептеумен негізделген жағдайларда сызықты кеңею коэффициенті әртүрлі болаттарды (10 % асатын) қолдануға рұқсат беріледі.

64. Егер бұл НҚ көзделген болса, аустенитті болаттан дайындалған, шпилкалардағы (болттар) перлит тобының болатынан жасалған гайкаларды қолдануға рұқсат беріледі.

65. Бекіткіш бөліктерді суық пішінін өзгерту арқылы дайындаған жағдайда олар термиялық өңдеуден өтеді.

66. Болат құймалар термоөңделген қалпында қолданылады. Құймалардың механикалық қасиеттерін тексеру термоөңдеуден кейін жүргізіледі.

67. Ыдыстарды дайындау үшін қолданылатын металл емес материалдар жұмыс ортасында коррозияға төзімділігіне және еріп кетпеуіне (қасиетін өзгерту) қатысты температураның жұмыстық өрісінде тексеріледі. Ыдыстың соған арналған ортасы ыдыстың құжатында көрсетіледі.

Металл емес материалдарды қолдануға мамандандырылған ұйымның қорытындысының негізінде жол беріледі.

68. Металды пластикалық ыдыстар үшін саңылаусыз қабаттың (лейнер) материалы, ыдысты сынама қысыммен сынау кезінде материалда пластикалық пішін өзгеруі болмайтындай етіп таңдалады. Ыдыстың қысымды-пішіні өзгерген қалпын есептеу және қалдық пішіні өзгеруін сынақты анықтаудың әдістемесі мамандандырылған ұйыммен келісіледі.

69. Ыдысты дайындау үшін қолданылатын толтырғыш пен байланыстыру материалдарының пайдаланудың кепілдік берілген мерзімдері болады, олар осы материалдардың сертификатында көрсетіледі.

70. Беріктігі жоғары шойыннан жасалған шойын құймалар термиялық өңдеуден өтеді.

71. Дөңгелету әдісімен дайындалған ойық бұранданы термиялық өңдеудің қажеттігі НҚ реттеледі.



5-тарау. Дайындау, қайта құру, құрастыру, реттеу және жөндеу
72. Ыдыстарды және олардың элементтерін дайындау, қайта құру, құрастыру, реттеу және жөндеу жұмыстарды сапалы орындау үшін қажетті техникалық құралдары бар мамандандырылған ұйымдармен орындалады.

73. Ыдыстарды дайындау, қайта құру, құрастыру, реттеу және жөндеу осы Талаптар, НҚ талаптарына сәйкес орындалады.

74. Ыдыстарды немесе олардың жекелеген элементтерін дайындау, қайта құру, құрастыру, реттеу мен жөндеу жұмыстар басталғанға дейін оларды орындайтын ұйыммен жасалған технология бойынша жүргізіледі.

75. Дайындау, қайта құру, құрастыру, реттеу және жөндеу кезінде сапаны бақылау жүйесі (ендіру, операциялық және қабылдау) қолданылады.

Ыдыс құрылысының қуаттық элементтері дайындалатын металл емес материалдарға ендіру бақылауын жүргізу тәртібі мамандандырылған ұйыммен келісіледі.

76. Түптердің цилиндрлі жиектелген элементтерінің, қаңылтырлар мен табандардан дайындалған сфералық түптердің сыртқы (ішкі) диаметрінің ауытқуы номиналды диаметрінің ±1 % артық болмайды.

Кез-келген кесе-көлденең қимадағы салыстырмалы сопақтығы 1 % артық болмайды. Салыстырмалы сопақтығының көлемі (1) және (2) формулалар бойынша анықталады:

1) штуцерлер мен люктері жоқ қимада:


(1)
2) штуцерлер мен люктері бар қимада:
(2)
бұнда, Dmax, Dmin-ыдыстың сәйкесінше ең үлкен және ең кіші сыртқы (ішкі) диаметрлері, мм;

d-штуцер немесе люктің ішкі диаметрі, мм


Ыдыстар үшін қабырға қалыңдығының салыстырмалы сопақтығының ішкі диаметріне 0,01 және одан кем болатын көлемін 1,5 % дейін арттыруға рұқсат беріледі.

Сыртқы қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстардың элементтері үшін салыстырмалы сопақтығы 0,5 % аспайды.

77. Дәнекерленген жіктердегі жиектердің бұрыштылығы f = 0,1s + 3 мм аспайды, бірақ, 2-кестеде ыдыстардың элементтері үшін көрсетілген сәйкесінше шамалардан артық болмайды (1 сурет).


1-сурет. Дәнекерленген жіктердің жиектерінің бұрыштылығы
2-кесте


Түйіскен жіктердегі жиектердің максималды бұрыштылығы, мм

обечайкалар

шарлы резервуарлар мен қалақшалардан жасалған түптердің

конусты түптердің

D-дан тәуелсіз

D < 5000

D > 5000

D < 2000

D > 2000

5

6

8

5

7

D-ішкі диаметр, мм.

78. Ыдыстың беріктігін анықтайтын түйіскен жалғаулардағы орталық бет бойынша өлшенетін b беттердің жиектерінің орнынан жылжуы (2 сурет) b = 0,1s аспайды, бірақ 3 мм артық емес.

Электркүйікті дәнекерлеумен орындалатын жіктерден басқа, сақиналы жіктердегі жиектердің орнынан жылжуы 3-кестеде келтірілген шамадан аспайды. Электркүйікті дәнекерлеумен орындалатын сақиналы жіктердегі жиектердің орнынан жылжуы 5 мм аспайды.


2-сурет. Қаңылтыр жиектерінің орнынан жылжуы
3-кесте


Дәнекерленетін қаңылтырлардың қалыңдығы s, мм

Сақиналы жіктердегі түйісетін жиектердің жол берілетін максималды орнынан жылжуы, мм

монометалды ыдыстарда

биметалды ыдыстарда коррозиялы қабатының тарабынан

20 дейін

0,1s +1

төселетін қабаттың қалыңдығының 50 %

20-дан жоғары 50 дейін

0,15s, бірақ 5 артық емес

50-н жоғары 100 дейін

0,04s + 3,5

0,04s + 3, бірақ төселетін қабаттың қалыңдығынан артық емес

100 жоғары

0,025s + 5, бірақ 10 артық емес

0,025s + 5, бірақ 8 артық емес және төселетін қабаттың қалыңдығынан артық емес

Ескерту: Жиектерінің орнынан жылжуы 5 мм асатын, дәнекерленген жалғаулар үшін еңістігі 1 : 3 түйісетін беттегі қорытпа жағдайында.

79. Құбырлардың түйісетін дәнекерленген жалғауларында жиектердің орнынан жылжуы 4-кестеде келтірілген шамалардан аспайды.


4-кесте


Құбыр қабырғасының қалыңдығы s, мм

Жиектердің жол берілетін максималды орнынан жылжуы, мм

3 дейін

0,2s

3-тен жоғары 6 дейін

0,1s +0,3

6-дан жоғары 10 дейін

0,15s

10-нан жоғары 20 дейін

0,05s + 1

20-дан жоғары

0,1s, бірақ 3-тен артық емес

80. Осы тарауда көрсетілмеген жол берілетін шамалар НҚ талаптарына сәйкес келеді.

81. Ыдыстарды дайындау, құрастыру, жөндеу кезінде осы Талапқа сәйкес аттестацияланған дәнекерлеу технологиясы қолданылады.

82. Дәнекерлеуді орындау үшін НҚ талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін жарамды қондырғылар, аппаратура және саймандар қолданылады.

83. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының өндірістік қауіпсіздік жөніндегі заңына сәйкес оқудан және білімін тексеруден өткен және жеке таңбасы бар дәнекерлеушілерге рұқсат беріледі.

Дәнекерлеушілер куәліктерінде көрсетілген дәнекерлеу жұмыстарының түрлерін жүргізеді.

84. Осы ұйымда (құрастыру немесе жөндеу телімінде) қысымның астында жұмыс істейтін өнімді дәнекерлеуге алғаш кірісетін дәнекерлеушілер, куәлігінің бар екеніне қарамастан, жұмысқа жіберудің алдында сынама дәнекер жалғауын дәнекерлеу және бақылау жолымен тексеруден өтеді. Сынама дәнекер жалғаудың құрылысы, сондай-ақ осы жалғауларды дәнекерлеу сапасын бақылаудың әдістері мен көлемін дәнекерлеу жұмыстарына басшылық жасайтын тұлға белгілейді.

85. Ыдыстар мен олардың элементтерін жинау, дәнекерлеу және дәнекер жалғауларының сапасын бақылау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік туралы» Заңының 12-бабына сәйкес қайта даярлаудан өткен маманға жүктеледі.

86. Қысымның астында жұмыс істейтін, қабырғасының қалыңдығы 6 мм асатын элементтердің дәнекерленген жалғаулары таңбаланады. Таңбаны салу жүйесі өндірістік-технологиялық құжаттамада (бұдан әрі-ӨТҚ) көрсетіледі.

Қабырғасының қалыңдығы 6 мм кем болатын дәнекерленген жалғауларды таңбалаудың қажеттігі және тәсілі ӨТҚ талаптарымен белгіленеді. Таңбалау тәсілі тойтаруды, астарлануын немесе металл қалыңдығының шамадан тыс батуына жол бермейді және өнімді пайдаланудың барлық кезеңі ішінде таңбаның сақталуын қамтамасыз етеді.

Егер осы өнімнің барлық дәнекерленген жалғаулары бір дәнекерлеушімен орындалған болса, онда әрбір дәнекерленген жалғауға таңбалау жүргізілмейді. Бұл жағдайда дәнекерлеушінің таңбасын фирмалық таяқшаның маңайына немесе өнімнің басқа бір ашық орнына қояды және таңбаланған орынды өшпейтін бояумен жүргізілетін шеңберге алады. Таңбаланған орын өнімнің құжатында көрсетіледі.

Егер дәнекерленген жалғау бірнеше дәнекерлеушілермен орындалса, онда оған орындауына қатысқан барлық дәнекерлеушілердің таңбалары түсіріледі.

87. Дәнекерлеуді бастардың алдында жалғанатын элементтерді жинаудың сапасы, сондай-ақ түйісетін жиектер мен оған жапсарлас беттердің жай-күйі тексеріледі. Жинау кезінде жиектерді соққы немесе жергілікті қыздыру арқылы жүргізуге рұқсат берілмейді.

88. Ыдыстарды дәнекерлеу үшін қолданылатын дәнекерлеу материалдары стандарттар мен НҚ талаптарына сәйкес келеді, бұл дайындаушы ұйымның құжатымен расталады.

89. Дәнекерлеу материалдарының маркалары, сұрыпталуы, сақтаудың шарттары және пайдалануға дайындау дәнекерлеудің НҚ талаптарына сәйкес келеді.

90. Дәнекерлеу материалдары тексеріледі:

1) электродтардың әр тобы-дәнекерлеу-технологиялық қасиеттеріне;

2) қоспалайтын элементтер құрамының нормаланған құрамға сәйкестігі қоспаланған электродтармен орындалған (Э-09Х1М, Э-09Х1МФ типтері, аустениттер және басқалары) балқытылған металды стилокөшірмелеу жолымен;

3) ұнтақты сымның әр тобы-дәнекерлеу-технологиялық қасиеттеріне;

4) қоспаланған дәнекерлеу сымының әр орамы (иірілген орама, катушка)-негізгі қоспалайтын элементтердің бар екеніне стилокөшірмелеу жолымен.

91. Жиектер мен беттерді дәнекерлеуге дайындау механикалық өңдеумен не термиялық кесу немесе сүргілеу жолымен (оттегілі, ауа-доғалы, плазмалы-доғалы) артынан механикалық өңдеу арқылы (кескішпен, тегістегішпен, түрпілі сайманмен) орындалады. Термиялық кесуден (сүргілеуден) кейінгі механикалық өңдеудің тереңдігі болаттың нақты маркасының кесудің (сүргілеудің) термиялы айналымынан алатын әсеріне байланысты НҚ көрсетіледі.

92. Дәнекерлеуге жататын бөліктердің жиектері және оған жапсарлас орындар НҚ талаптарына сәйкес қабыршақтардан, бояудан, майдан және басқа да ластардан тазартылады.

93. Қосалқы элементтерді (жинайтын құрылғылар, уақытша бекіткіштер мен басқалары) дәнекерлеу және алу сызбалардың нұсқаулары мен НҚ сәйкес жүргізіледі. Бұл элементтерді дәнекерлеу осы өнімді дәнекерлеуге рұқсат берілген дәнекерлеушімен орындалады.

94. Тұтқаларды осы өнімді дәнекерлеуге рұқсат берілген дәнекерлеуші осы ыдысты дәнекерлеудің техникалық құжаттамасымен көзделген отырғызатын материалдарды қолдана отырып орындайды. Тұтқалар дәнекерлеу жұмыстарын әрі қарай жүргізген кезде алынады немесе негізгі жікпен дәнекерленеді.

Уақытша бекіткіштерді дәнекерлеу және оларды негізгі өнімді дәнекерлегеннен кейін алу өнімнің металында жарылған және ноқатты орындардың пайда болуына жол бермейтін технология бойынша жүргізіледі.

95. Ыдыстар мен олардың элементтерін дайындау кезіндегі барлық дәнекерлеу жұмыстары оңды температураларда жабық жайларда жүргізіледі.

Құрастыру алаңдарындағы құрастыру, жинақтау кезінде, сондай-ақ ыдыстарды жайдан тыс жерлерде жөндегенде қоршаған ауаның температурасы теріс болған кезде дәнекерлеуді жүргізуге рұқсат беріледі. Және дәнекерлеуші, сондай-ақ дәнекерленетін орын желдің және жауын-шашынның тікелей әсерінен қорғалады. Қоршаған ауаның температурасы 0°С төмен болған кездегі дәнекерлеу белгіленген тәртіпте бекітілген НҚ сәйкес жүргізіледі.

96. Барлық дәнекерленген жіктер таңбаланады, бұл осы жіктерді орындаған дәнекерлеушіні анықтауға мүмкіндік береді.

Таңба дәнекерлеу жігінің жиегінен 20-50 мм қашықтықта сырт жағынан түсіріледі. Егер жік сыртқы және ішкі жағынан әртүрлі дәнекерлеушілермен дәнекерленетін болса, таңбалар тек сырт жағынан ғана бөлу арқылы түсіріледі: алымында жіктің сырт жағының дәнекерлеушісінің таңбасы, ал бөлгішінде-ішкі жақтың дәнекерлеушісінің таңбасы. Егер ыдыстың дәнекерлі жалғаулары бір дәнекерлеушімен орындалса, онда дәнекерлеушінің таңбасын таяқшаның маңайына немесе басқа ашық орында түсіруге рұқсат беріледі. Егер дәнекерлеу жалғамалары бірнеше дәнекерлеушілермен орындалған болса, онда оған қатысқан барлық дәнекерлеушілердің таңбалары қойылады.

Ұзына бойының жіктерінде таңба жіктің басында және аяғында сақиналы жіктен 100 мм қашықтықта орналасады. Ұзына бойының жігі 400 мм кем шығырда бір таңбаны салуға рұқсат беріледі. Сақиналы жік үшін таңба сақиналы жіктің ұзына боймен қиылысқан жерінде және әрбір 2 м сайын түсіріледі, бірақ бұнда әр жікте екеуден кем болмайтын таңба салынады. Таңбалар сырт жақтан салынады. Қабырғасының қалыңдығы 4 мм кем болатын ыдыстардың ұзына бойлы және сақиналы жіктерін таңбалауды электрографпен немесе өшпейтін бояулармен жүргізуге рұқсат беріледі.

Таңбаланған орын өшпейтін бояумен немесе электрографпен орындалған жақсы көрінетін шеңберге алынады және ыдыстың құжатында көрсетіледі.

97. Ыдыстарды дайындау, құрастыру және жөндеу кезіндегі дәнекерлеу технологиясына оның нақты өнімдерге технологиялығын растағаннан, талап етілген қасиеттерінің барлық жиынтығын, дәнекерлі жалғауларды тексергеннен және олардың сапасын бақылаудың тиімді әдістерін меңгергеннен кейін рұқсат беріледі.

98. Дәнекерлеу технологиясының аттестациясы зерттеушілік және өндірістік болып бөлінеді.

Зерттеушілік аттестациясы жаңа, бұрын аттестацияланбаған дәнекерлеу технологиясын ендіру кезінде мамандандырылған ұйыммен жүргізіледі.

Өндірістік аттестациясы зерттеушілік аттестациясының нәтижелері бойынша берілген ұсыныстардың негізінде әрбір кәсіпорынмен жүргізіледі.

99. Дәнекерлеу технологиясының зерттеушілік аттестациясы технологиялық ұсыныстарды жобалау мен беру кезіндегі есептеулер үшін қажетті дәнекерлі жалғаулардың сипаттамаларын анықтаудың мақсаттарында жүргізіледі (технологияны қолдану саласы, дәнекерлеу материалдары, қыздыру, дәнекерлеу мен термиялық өңдеудің тәртібі, дәнекерлі жалғауларды қабылдау-тапсырудың кепілдік берілген көрсеткіштері, бақылау әдістері және басқалары).

Зерттеушілік аттестациясы кезінде анықталатын дәнекерлі жалғаулардың сипаттамаларын негізгі металдың түрі мен мақсатына және дәнекерлі жалғауларды әрі қарай пайдаланудың шарттарына байланысты таңдап алады:

1) қалыпты (20±10°С) және жұмыстық температура кезіндегі механикалы қасиеттері, оның ішінде үзілуге уақытша қарсылығы, өткізгіштігінің шегі, жік металының салыстырмалы ұзаруы және салыстырмалы тарылуы, жіктің металының соққылы жабысқақтығы және дәнекерлеудің термиялық әсерінің аймақтары, дәнекерленген жалғаудың үзілуге уақытша қарсылығы мен майысу бұрышы;

2) ұзақ беріктігі, икемділігі және жылжуға бейімділігі;

3) айналымды беріктігі;

4) жік металының осалдығының шекті температурасы және дәнекерлеудің термиялық әсерінің аймақтары;

5) жұмыстық температура кезінде термиялық ескіруінен кейінгі дәнекерлі жалғаулардың қасиеттерінің тұрақтылығы;

6) жұмыстық ортада тотығуының қарқындылығы;

7) жол беруге болмайтын ақауларының болмауы;

8) кристаллит аралық коррозияға қарсы төзімділігі (аустенит тобының болаттарынан жасалған элементтердің дәнекерлі жалғаулары үшін);

9) орындалатын дәнекер жалғаулар үшін ерекше басқа да сипаттамалары.

Зерттеушілік аттестацияның нәтижелері бойынша, оны жүргізген ұйыммен оны нақты қолдану үшін қажетті нұсқаулар беріледі.

100. Дәнекерлеу технологиясының өндірістік аттестациясы оны қолдану басталғанға дейін әрбір ұйыммен жүргізіледі.

Өндірістік аттестация осы кәсіпорында орындалатын бір типті дәнекер жалғаулардың әрбір тобы үшін жүргізіледі.

Өндірістік аттестация ұйымда құрылған аттестациялық комиссиямен осы ұйыммен жасалған және комиссия төрағасымен бекітілген бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.

Бағдарламада дәнекерлі жалғауларға бұзбайтын және бұзатын бақылауды жүргізу мен бақылаудың нәтижелері бойынша дәнекерлеудің сапасын бағалау қарастырылады.

Егер дәнекерлеу технологиясының өндірістік аттестациясы кезінде сынақтың қандай бір түрі бойынша қанағаттанғысыз нәтижелер алынса, аттестациялық комиссия алынған нәтижелердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеу себептерін анықтау жөніндегі шараларды қолданады және қайта сынақты жүргізген дұрыс па әлде осы технология өндірістік жалғауларды дәнекерлеу үшін қолданғанға дейін жетілдіруді қажет етеді ме, соны шешеді.

101. Дәнекерлі жалғаулардың зерттеушілік аттестациямен белгіленген деңгейге қатысты қасиеті немесе сапасы нашарлаған жағдайда, дайындаушы ұйым (құрастырушы немесе жөндеуші ұйым) дәнекерлеу технологиясын қолдануды тоқтата тұрады, олардың нашарлауына алып келген себептерді анықтайды және жояды және қайта өндірістік аттестацияны, ал қажет болған кезде-зерттеушілік аттестацияны да жүргізеді.

102. Ыдыстарды дайындау, құрастыру және жөндеу кезінде дәнекерлеудің кез келген аттестациядан өткен технологиялары қолданылады.

Аустенитті және мартенситті және мартенситті-ферритті топтағы жоғары хромды болаттардан жасалған бөліктер үшін газды дәнекерлеуді қолдануға рұқсат берілмейді.

103. Қысымның астында жұмыс жасайтын элементтерді дәнекерлеу қоршаған ауаның температурасы оң болған кезде жүргізіледі. Құрастыру және жөндеу кезінде НҚ, ӨТҚ талаптарын сақтаған және дәнекерлеушілер үшін қажетті жағдайларды жасаған кезде (желден, жауыннан, қардан қорғау) теріс температура жағдайларында дәнекерлеуді орындауға рұқсат беріледі.

Қоршаған ауаның температурасы теріс болған кезде дәнекерлеу жалғауының ауданындағы металл кептіріледі және оң температураға жеткенше қыздырылады.

104. Дәнекерленетін бөліктердің алдын ала және қосалқы қыздыруының қажеттігі және тәртібі дәнекерлеу технологиясымен анықталады және ӨТҚ көрсетіледі. Қоршаған ауаның температурасы теріс болған кезде қыздыру оң жағдай кезіндегідей жүргізіледі, бірақ қыздырудың температурасы 50°С жоғары етіп алынады.

105. Жіктерді дәнекерлегеннен кейін жапсарлас орындар күйіктен, металдың шашырандысынан және басқа да ластардан тазартылады.

Түйіспе дәнекерлеу арқылы орындалған құбырлардың түйіскен жерлеріндегі ішкі қыры берілген өту қимасын қамтамасыз ету үшін алынады.

106. Ыдыстардың элементтерін термиялық өңдеу металдың және дәнекер жалғаулардың қасиеттерін металл мен дәнекерлеудің НҚ қабылданған көрсеткіштерге сәйкес болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ технологиялық операцияларды (дәнекерлеу, икемдеу, тегістеу және басқалары) орындау кезінде пайда болатын қалдық қысымды азайту үшін жүргізіледі.

107. Термиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуді арнайы дайындықтан, сәйкесінше сынақтан өткен және жұмыстарды жүргізу құқығының куәлігі бар термист-операторлар жүзеге асырады.

108. Дайындағаннан кейін (жаныштау, тегістеу, дәнекерлеу және басқалары кезінде) қабырғаларында жол беруге болмайтын қалдық қысымдар пайда болатын ыдыстар, сондай-ақ термоөңдеу арқылы беріктігіне жететін ыдыстар термиялық өңделеді.

109. Дәнекерлеуді, тегістеу немесе жаныштауды қолдану арқылы дайындалған, көміртекті, аз көміртегілі марганецті және марганецті-кремнилі болаттардан жасалған ыдыстар мен олардың элементтер міндетті түрде термоөңделеді, егер:

1) ыдыстың түбінің, пісірілген бөлшегінің немесе патрубкасының цилиндрлі немесе конусты элементінің қабырғасының қалыңдығы оларды дәнекерлі жалғаған орындарда көміртекті болаттар үшін 36 мм артық және аз көміртегілі марганецті және марганецті-кремнилі болаттар үшін 30 мм артық болса;

2) қаңылтырлы болаттан жаныштаумен (тегістеу) дайындалған ыдыстың (патрубка) цилиндрлі немесе конусты элементтерінің номиналды қалыңдығы (3) формула бойынша есептелген шамадан асса

s = 0,009(D + 1200), (3)

бұнда D-минималды ішкі диаметр, мм. Бұл талаптар жиектелген қаптарға қолданылмайды;

3) олар коррозиялы жарылуды тудыратын орталарда пайдалануға арналған болса;

4) түбі және басқа да элементтер тегістеуді (жаныштауды) аяқтаудың температурасы 700°С төмен болған кезде тегістелсе (жанышталса);

5) ыдыстардың түбі және олардың элементтері қалыңдығына қарамастан суық тегістеу немесе суық бөлшекті пісіру арқылы дайындалған болса.

110. Сыртқы диаметрі 36 мм асатын көміртекті және аз көміртегілі болаттардан жасалған құбырлардың бүгілген жерлері, егер бүгілудің орташа радиусының құбырлардың номиналды сыртқы диаметріне қатынасы 3,5 кем; ал құбырлардың қабырғасының номиналды қалыңдығының оның номиналды диаметріне қатынасы 0,05 асатын болса термоөңделеді.

111. Аз көміртегілі хромды молибденді, хромды молибденванадилі болаттардан, мартенсит тобындағы болаттардан және осы типтегі және топтағы болаттардан негізгі қабатымен екі қабатта жасалған, дәнекерлеуді қолдану арқылы дайындалған ыдыстар және олардың элементтері қабырғасының диаметрі мен қалыңдығына қарамастан термоөңделеді.

112. Аустенитті топтағы және көміртекті болаттардан негізгі қабатпен екі қабатты болаттардан және аз көміртегілі марганецті және марганецті-кремнилі типтегі аустенитті топтың болаттарынан коррозияға төзімді қабатпен жасалған ыдыстарды және олардың элементтерін термоөңдеудің қажеттігі НҚ белгіленеді.

113. Аустенитті болаттарынан суық тегістеу немесе суық бөлшекті пісіру арқылы дайындалған ыдыстардың түптері термоөңдеуден өткізіледі.

114. 850°С төмен болмайтын температурада тегістелетін (жанышталатын), аустенитті хромды никелді болаттардан жасалған түптер мен бөліктері үшін термиялық өңдеу қажет емес.

Аустенитті болаттардан жасалған, қабырғасының қалыңдығына ішкі диаметріне қатысты ыстықтан пішіні өзгеруі 28 артық болатын түптер, егер олар коррозиялы жарылуды тудыратын ортада жұмыс істеуге арналмаған болса, термиялық өңдеуден өткізілмейді.

115. Термиялық өңдеудің түрі (босату, қалыпқа келтіру немесе кейін босату арқылы шыңдау, аустенизация және басқалары) және оның тәртіптері (қыздыру жылдамдығы, ұстау температурасы және уақыты, салқындатудың шарттары және басқалары) НҚ бойынша қолданылады және техникалық жобада көрсетіледі.

116. Тұйықтаушы жікті кейіннен жергілікті термоөңдеу арқылы ыдысты бөліп-бөліп термиялық өңдеуге рұқсат беріледі. Жергілікті термоөңдеу кезінде мамандандырылған ұйыммен келісілген технологияға сәйкес, бірқалыпты тегіс қыздыру және салқындату қамтамасыз етіледі.

Коррозиялық жарылуына қарсы төзімділігіне қойылатын талаптар болған кездегі ыдысқа жергілікті термоөңдеуді қолдану мамандандырылған ұйыммен келісіледі.

117. Пештегі термоөңдеу үдерісінің барысында ыдыстың (элементтің) кез келген нүктесіндегі қыздыру температурасы термоөңдеудің тәртібімен көзделген максималды және минималды температураның шектерінен аспайды.

Пештегі орта термоөңделетін ыдысқа (элемент) зиянды әсерін тигізбейді.

118. Ыдыстар мен олардың элементтерінің металының қасиеті термиялық өңдеудің барлық айналымдарынан кейін осы Талаптың, стандарттардың және НҚ талаптарына сәйкес келеді.

119. Термиялық өңдеу өнім металының бірқалыпты тегіс қызуын, оларда жылу еркін кеңейіп және пластикалық пішіні өзгерулерінің болмауын қамтамасыз ететіндей тәсілмен жүргізіледі. Өнімді термоөңдеу кезіндегі қыздырудың, ұстаудың және салқындатудың тәртібі өздігінен жазатын аспаптармен тіркеледі.

120. 106-тармаққа сәйкес, қалдық қысымдарды кетіру үшін термиялық өңдеудің орнына, НҚ көзделген басқа да әдістерді қолдануға рұқсат беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет