Искакова Аксана Мінездеме Искакова Аксана



Дата27.05.2024
өлшемі19.41 Kb.
#501921
аксана мінездеме


Қ.Дүтбаева атындағы
Атырау гуманитарлық колледжі
«Бастауыш білім беру» мамандығының
2 (9) М тобының студенті
Искакова Аксана


Мінездеме
Искакова Аксана 05.04.24ж – 17.05.24ж аралығында №2 жалпы орта білім беретін мектептен «Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» педагогикалық тәжірбиесінен өтті.
Искакова Аксана 4 «Б» сыныбына бөлінді.
Тәжірибе барысында әртүрлі тақырыпта сынып сағатымен, тәрбие сағаттарын өткізді. Аксана практика кезінде ақпараттық технологиялар мен көрнекі материалдарды қолдана білді. Ақпараттық технологиялар саласында машықкер негізгі дағдыларды көрсетті. Ол электронды оқулықтар мен интерактивті білім беру ойындары сияқты оқу процесін қолдау үшін цифрлық ресурстарды қолдана білді.Практика барысында ол дене шынықтыру сабағынан балаларға сергіту сәтін ұйымдастырды. Аксана практика барсысында «Жол жүру ережелеін білемізбе?», «Құстар әлем досы», «1-мамыр бірлік күні», «Дидактикалық ойындар» сынып сағаттарын өткізді.Шығармашылық тапсырмаларлы балаларға жетік меңгіздіре алады.Тәжірибе барысында ол балалар дамуының педагогикасы мен психологиясының принциптерін түсінуді көрсете отырып, оқу процесін ұйымдастыруды сәтті жүзеге асырды. Машықкер оқушылармен қарым-қатынас жасау арқылы жақсы педагогикалық дағдыларды көрсетті.Іс-тәжірибеге уақытылы келіп, оқушыларды қабылдап, ата-анаменде жақсы қарым-қатынас орната білді. Машықкер – мектептің ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасы мен санитарлық техника ережелерін қатаң сақтады.
Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы. Аксана тәжірибе кезінде оқушылармен ғана емес мұғалімдермен де жақсы қарым – қатынаста болды. Искакова Аксанаға оқуда жетістіктер тілей отырып, еліміздің болашағының дамуына үлес қосатын, шебер ұстаз болуына сенім білдіремін. «Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» практикасында 5 (Өте жақсы) деп бағаланды.
Мектеп директоры: А.Т.Муканова


Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары: А.С.Нысанбаева


Сынып жетекшісі:. Б.У.Марданова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет