Матрикстік металлопротеиназалар (MMP) –
барлық жасушаішілік нәруыздарды ыдыратуға қа-
білетті жасушадан тыс цинк-тәуелді эндопептидаз
тұқымдасы. Олар көптеген қалыпты физиологи-
ялық процестерге атап айтқанда эмбриональдық
даму, морфогенез, ұлпалардың қалпына келуіне,
сонымен қатар әртүрлі патологиялық процестерге:
артрит, қатерлі ісік және жүрек-қантамыр ауру-
ларында маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар,
мембраналық рецепторларды ыдырауға, хемокин-
дер мен цитокиндердің активтенуіне және актив-
сизденуіне қатысады.
Ең алғаш ММР омыртқалыларда 1962 жылы си-
патталды, кейінірек омыртқасыздарда және өсімдік-
терде табылды. ММР басқа эндопептидаздардан
ерекшелігі- ион металдарына тәуелді, жасушаішілік
матрикстің құрылысын бұзуға қабілетті [3].
Металлопротеиназалар-мультидомендік құ-
рылы сымен сипатталады, олар 1) сигнальдық
пептид, 2) проМ ұстап тұруға қажет пропептид, 3)
жоғары консервативті Zn2+ байланысқан катализ-
дік домен, 4) катализдік доменмен байланысатын
пролинге бай бөлік, 5) гемопексин-тәрізді домен,
М орналасу ерекшеліктерін анықтайтын, жасу-
шаішілік ерекше ингибиторлармен әрекеттесетін
үнемі жасу-
шада латентті формада кездесесіп - металопроте-
иназаларды белсенді ететің механизімдердің бірі.
ММРs бастауы болып көптеген жасушалар,
фибробластарды қосқанда, макрофагтар, қантамы-
рлар қабырғасындағы тегіс бұлшықет жасушала-
ры, нейтрофилдер олардың өнімдері цитокиндер
әсерінен көбейеді [4].
2 кесте - Металлопротеиназдардың қызметі
ММР
MMP-1
Фибробластармен, хондроцитармен,
макрофагтармен, кератиноцитермен, эн-
дотелиалий жасушаларымен және остеоб-
ластармен синтезделеді.
MMP-1 басқа субстраттарды шемір-
шектің казеин, желатин, энтактин, және
линкпротеиндерді ыдыратады
MMP-2
Ұлпалардың дамуы және регинирация
кезіңде мезенхимальдық жасушаларда
экспрессияланады (ең бастысы фиброб-
ластарда). Сонымен қатар нейтрофилдер-
де, макрофагтарда және моноциттерде
синтезделеді.
MMP-2 ісікте ангиогенез процесін ин-
гибиторлау үшін қажет және оның деңгейі
әртүрлі ісік ауруларымен ауыратын на-
уқастардың ісіктің эндотелии қантамыр-
лары мен несебінде өте жоғары.
MMP-3
Стромелизин-1 деп те аталады, ма-
трикстік металлопротеиназ тұқымдасына
жатады.
MMP-3 қалыпты және патологиялық
процестерде ұлпалардың қайта қалпына
келуінде остеоартрит және ревматоид-
тық артрит кезінде маңызды қызмет атқа-
рады.
MMP- 7
MMPs ішінде ең кішісі, ол про-домен-
нен және каталитикалық доменнен тұра-
ды.
MMP-7 түрлі ісіктерде синтезделеді:
сүт безінде, тоқ ішекте, асқазанда, тыныс
алу жолдарында және өңеште, өкпеде
және теріде.
|