Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларымен науқастарды сұрастыру және қарау. Жүрек тұсын қарау, пульсті анықтау. - Лектор: м.ғ.к., доцент Алимбекова Л.Т.
Сұрастыру Негізгі шағымдары: 1. Жүректің ауырсынуы 2. Ентігу 3. Жүректің қағуы. 4. Ісіну. 5. Жөтел, қан түкіру. Жүректің ауырсынуы - Жүректің ауырсыну сезімі жүректен тыс себептерден болуы да мүмкін: нерв талшықтарының қабынуы, қабырғаның сынуы, остеохондроз және т.б.
- Жүректен болатын себептер: қолқа кеңеюі (аневризмасы), жүрек бұлшық етінің жансыздануы (миокард инфаркты), жүректің тәж артериясы кенеттен тарылып, О2 тапшылығы үдегенде (стенокардия) ауырсыну дамиды.
Жүрегі ауыратын науқастардан ауырсыну бойынша анықтайтын жағдайлар (детализация): - Жүрегі ауыратын науқастардан ауырсыну бойынша анықтайтын жағдайлар (детализация):
- 1. Ауырсынудың пайда болу себептері мен жағдайлары (тыныштық күйде, қобалжығанда, физикалық күш түскенде);
- 2. Оның орны (жүрек тұсы, жүрек маңы, төс сүйегінің артында, т.б.)
- 3. Ауырсынудың нақты сипаты (қысып, сыздап, сығымдап, күйдіріп, түйнеп, шаншып, т.б.);
- 4. Қамтитын көлемі;
- 5. Ұзақтығы (минуттарға, сағатқа, тәулікке);
- 6. Ауырсынудың кезеңдік сипаты (ұстамалы, тұрақты);
- 7. Таралу бағыты (иррадиациясы) - қайда беріледі: сол қолына, сол иығына, мойынның сол жақ бөлігіне, сол жауырын астына, т.б.;
- 8. Ауырсыну немен басылады (тыныштық күй сақтағанда, нитроглицеринді немесе валидолды тіл астына салғанда немесе т.б. дәрмектерді қолданғанда көмек бар-жоғы).
Ентігу – физикалық күш түскенде немесе тыныштық күйде пайда болуы мүмкін. - Ентігу – физикалық күш түскенде немесе тыныштық күйде пайда болуы мүмкін.
- Субъективті ентігу – науқас өзі ентігемін деп айтады. Объективті ентігу – дәрігер науқасты тексергенде тахипноэ (тынысының жиілегені) бар екенін анықтайды.
- Жүрек ауруларында көбінесе инспираторлық ентігу болады. Кейде аралас ентігу болуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |