Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 48) тармақша өзгертілді
48) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың табиғи газды, уранды және оның қосылыстарын сатып алуы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 49) тармақшамен толықтырылды
49) нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 50) тармақшамен толықтырылды; 2010.15.07. № 334-ІV ҚР Заңымен 50) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
50) жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдардан жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 51) тармақшамен толықтырылды
51) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және азаматтық авиациясы субъектілерінің авиаотынды тікелей отандық мұнай өңдеуші кәсіпорындардан сатып алуы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 52) тармақшамен толықтырылды
52) отандық тауар өндірушілердің - мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін өнімдерді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 53) тармақшамен толықтырылды; 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 53) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және мемлекеттік сатып алу бойынша өнім беруші ретінде айқындалған, олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар шеңберінде белгіленген өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 54) тармақшамен толықтырылды
54) ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 55) тармақшамен толықтырылды; 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 55) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
55) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және ұзақ мерзімдік бес жылдық шарт бойынша олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың, егер соңғы үш жыл ішінде мұндай тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының шегінен тыс жүргізілген болса, тапсырыс берушінің техникалық шарттары бойынша Қазақстан Республикасында тәжірибелік өнеркәсіп үлгісінде өндіруді және тауарларды сериялық өндіруді ұйымдастыруды көздейтін отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алуы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 56) тармақшамен толықтырылды
56) отандық тауар өндірушілерден мемлекеттік материалдық резервке жанар-жағар май материалдарын сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 57) тармақшамен толықтырылды
57) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу қызметін көрсетуді сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 58) тармақшамен толықтырылды
58) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне қауіп төндіретін ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен бөлінген ақша есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2011.18.02. № 408-IV ҚР Заңымен 59) тармақшамен толықтырылды
59) мемлекеттік бюджет есебінен гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатынан жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулерді жүргізу жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 60), 61), 62), 63) және 64) тармақшалармен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
60) егер мұндай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
61) зообаққа, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге және спорттық іс-шараға баруға тапсырыс орналастыру;
62) тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеуді авторлық қадағалау, күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, олардың реконструкциясы мен күрделі жөндеуін авторлық қадағалау жөніндегі қызмет көрсетулерін сатып алу;
63) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұра объектісін (тарих және мәдениет ескерткішін) сақтау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуіне техникалық және авторлық қадағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
64) театрдың сахналық көрсетілімдерді және көпшілік алдында өнер туындыларын орындауды жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Заңның 3-бабының 1) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу принциптері сақтала отырып, жүзеге асырылады.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2012.28.06. № 22-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағының 5), 6), 9-1), 13), 21-1), 21-2), 33-1), 37), 38) 48), 53), 55) және 64) тармақшаларының ережелері мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
5-бап. Мемлекеттік сатып алу процесі
1. Мемлекеттік сатып алу процесі:
1) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуді және бекітуді;
3) өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.
Осы тармақтың ережелері осы Заңның 41-1-бабында жүзеге асырылуы көзделген мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
2. 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (бизнес жоспар, кірістер мен шығыстар сметасы) бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және онда мынадай мәліметтер:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;
2) осы Заңның 4-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімі;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің жоспарланған қызметі мен орны;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) осы Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сома шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері қамтылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында бекітеді. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 154-бабының 2-тармағы орындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етілетін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, жылдық жоспарды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) 32) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізілуге жатпайды.
7. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспары негізінде қабылдайды.
Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тиісті бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген жағдайларда ғана қабылдауға құқылы.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) 32) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, жылдық мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жоспарында (жылдық мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушіні таңдау, сондай-ақ олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу осы Заңда айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тапсырыс берушінiң үздіксіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында пайдаланылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемінен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша күнделiктi немесе апта сайынғы тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға құқылы.
10. Тапсырыс беруші мынадай жағдайларда:
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзету) кезінде болған, мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (бизнес-жоспарына, кірістер мен шығыстар сметасына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші осындай шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етуге;
2) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті
6-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер
1. Әлеуетті өнім беруші, егер:
1) осы әлеуетті өнім берушінің басшылары және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
2) әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның қызметкері тапсырыс берушіге не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өткізілетін мемлекеттік сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi басшысының мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынастары бар болса;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |