Источник: ис параграф, 23. 07. 2012 16: 37: 35 Қазақстан Республикасының



бет13/13
Дата29.02.2016
өлшемі0.73 Mb.
#31211
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) 2011.18.02. № 408-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



5) кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі тұрғын үйді;

2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер, симпозиумдар, тренингтер өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді;

2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2008.29.12. № 115-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



7) өздері туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияны құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді;

2008.29.12. № 115-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2009.05.05 № 158-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен  (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді



8) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.

2009.05.05 № 158-IV ҚР Заңымен   9) тармақшамен  толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды)

9) 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Конкурстық тәсілмен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 41-1-баппен толықтырылды; 2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 41-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



41-1-бап. Қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

Қару-жарақтарды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, арнайы құралдарды, сондай-ақ қорғаныс қажеттілігі мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 43) тармақшасында көзделген жағдайларда ерекше тәртіп қолданылмайды.

 

42-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібі



2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібін (бұдан әрі - арнайы тәртіп) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар болып табылатын тапсырыс берушілер, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар қолданады.

2. Арнайы тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізудің рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.



3. Арнайы тәртіпті осы баптың 1-тармағында аталған тапсырыс берушілерді басқару органдары:

1) тұрақты негізде әлеуетті өнім берушілерге біліктілігі бойынша алдын ала саралау жүргізу тәртібіне;

2) білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін жасау тәртібіне;

2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес біліктілігі бойынша алдын ала саралаудан өткен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын сұрату және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдері мен мерзімдеріне;

2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге қолдау көрсету тәртібіне қойылатын талаптарды қамтитын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген арнайы тәртіпке қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес бекітеді.

 

43-бап. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің  (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға қатысуының ерекше шарттары



Заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға қатысуының ерекше шарттары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерімен айқындалады.

 

2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен өзгертілді ; 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен  44-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



44-бап. Отандық әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарын қолдау

1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер, отандық кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауға жатады. Мемлекеттік қолдаудың ең ауқымды шаралары отандық тауар өндірушілерге көрсетіледі.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген субъектілерді мемлекеттік қолдау шараларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ 2011 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді

3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде осы Заңда көзделген тәсілдермен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеде көрсетілген, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауарлар өндіретін, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардан ғана мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ 2011 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді

4. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар өндіретін, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін, көлемін және оларды сатып алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Бұл ретте мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің аталған ұйымдары «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 248-бабы бірінші бөлігі 13) тармақшасының екінші абзацында көзделген талапқа сай болуға тиіс.

5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеде көрсетілген азық-түлік тауарларын мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде осы Заңда көзделген тәсілдермен отандық тауар өндірушілерден ғана мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

Егер отандық тауар өндірушілерден азық-түлік тауарларын мемлекеттік сатып алу осы Заңға сәйкес жүргізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы мемлекеттік сатып алуды барлық әлеуетті өнім берушілерге рұқсат берілетін, осы Заңда көзделген тәсілдермен жүзеге асыруға құқылы.

 

 

9-тарау. Қорытынды ережелер

 

2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 45-бап жаңа редакцияда



45-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау

Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне), егер олардың iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) әлеуетті өнім берушінiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушінiң:

1) мемлекеттiк сатып алу тәсiлiн таңдау туралы;

2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес өзі қабылдаған мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешiмi мемлекеттiк бақылау органдарына шағымдануға жатпайды.

 

46-бап. Дауларды шешу



Мемлекеттік сатып алу процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

 

47-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық



Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 47-1-баппен толықтырылды; 2009.05.05 № 158-IV ҚР Заңымен 47-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 47-1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



47-1-бап. Өтпелі ережелер

Осы Заңның 12-бабы 6-тармағының ережесі 2012 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.



 

48-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі



1. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 9, 95-құжат; 2004 ж., № 14, 83-құжат; № 17, 101-құжат; 2005 ж., № 6, 7-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 71-құжат; 2007 ж., № 2, 14-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 



Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 21-і.

303-ІІІ ҚРЗ

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет