Құқықтану білім беру бағдарламасының курс студенті өндірістік практикадан өтуі туралы есебі



бет1/2
Дата03.02.2023
өлшемі25.68 Kb.
#469096
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2
отчет производственной практики по миграции на каз яз


.......... құқықтану білім беру бағдарламасының ___ курс студенті ___________________________________ өндірістік практикадан өтуі туралы есебі

Практикадан өту кезеңі -__________________ ж.


Мен, __________________, Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасында өндірістік тәжірибеден өттім.
Тәжірибе барысында мен Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасынның қызметін реттейтін нормативтік материал жинадым.
Тәжірибе барысында маған Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасында хабарлама дайындауды үйретті. Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасы бойынша шешімдерінің негізінде ҚР азаматтығын алған, сондай-ақ оларға қатысты ҚР азаматтығының болуы туралы шешімдер қабылданған адамдардың азаматтығын өзгерту туралы есеп карточкаларын мұрағаттық картотекаға енгізу. Сондай-ақ кіріс-шығыс хат-хабарларды қалыптастыруын үйрендім.
Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының мекен-жайы-_______________________________________________________________
Практикадан өту мақсаты- "Құқықтану" мамандығы бойынша оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту, арнайы пәндерді тереңірек зерделеу және теориялық білімді практикада қолдану мүмкіндігі. Сонымен қатар, өндірістік практиканың мақсаты кәсіби құзыретін бекіту, кәсіби қызметінің практикалық дағдылары мен тәжірибені игеру болып табылады. 
Өндірістік практиканың негізгі міндеттері: құқық қорғау органдарының жұмыс тәжірибесіноқып зерттеу негізінде теориялық білімді бекіту, жалпылау, жүйелеу, нақтылау; заңдық маңызы бар практикалық дағдыларды қалыптастыру; алдыға қойылған міндетті шешу барысында дербес жұмыс жасау дағдысын меңгеру мақсатында ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыс тәжірибесін меңгеру; болашақтағы кәсіби қызметінің міндеттерін тиімді шешудің қажетті шарты ретінде құқықтық мәдениетті дамыту жәнке тс.с.
Осыған орай Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасында өндірістік практикадан өту кезеңіндегі негізгі міндеттер бұл: ұйым туралы жалпы түсінік қалыптастыру; сыртқы көші-қон бөлімінде іс жүргізу жүйесімен танысу; көші-қон және азаматтық бөліміндегі іс жүргізу жүйесімен танысу; нақты іс жүргізу жұмыстарының мазмұны туралы түсінік алу; ұйым қызметінің ерекшеліктері мен негізгі бағыттарын зерттеу.
Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасыда практикадан өтудің алғашқы кезеңінде барысында басқарманың қызметінің келесідей бағыттарымен танысып, практика жетекшісімен бірлесіп оларды жүзеге асыруға қатыстым: жалпы стратегияны әзірлеу, көші-қон полициясы қызметінің сыртқы және ішкі көші-қон мәселелері жөніндегі қызметінің басым бағыттарын айқындау; шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу режимін бақылауды қамтамасыз ету, олардың ҚР келу және кету ережелерін сақтауы, шетел азаматтарының заңсыз көші-қонына қарсы іс-қимыл.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет