Құқықтық сауаттылық — уақыт талабы



бет2/4
Дата13.09.2022
өлшемі21.63 Kb.
#460657
1   2   3   4
Құқықтық сауаттылық

Құқық бұзушылық - Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.),әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады.
Құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Азаматтың міндеті — заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі — қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Осыған байланысты бүгін мен ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Баланың құқықтары туралы заңына тоқталып өтсем деймін.
Бұл заң 10 тарау 53 баптан тұрады Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi. Бұл заңның 3-тарауы. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқылы
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсызқалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету.
15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы
17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы
18-бап. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу
19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы
20-бап. Баланың мiндеттерi
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет