Баланың сөз сөйлеу,ақпарат және қоғамдық өмірге қатысу құқығы



Дата14.02.2023
өлшемі17.08 Kb.
#469502
бала өмірін қорғау лекция




Баланың сөз сөйлеу,ақпарат және қоғамдық өмірге қатысу құқығы

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы


Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңы


11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы

1. Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына, өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар.


2. Мемлекеттiк органдар балалардың жеке адами тұлғасын, олардың шығармашылық бейiмдiлiгiн, әлеуметтiк белсендiлiгiн, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамытуды, олардың интеллектуалдық меншiгiн қорғауды, балалардың өмiрi мен денсаулығын сақтауды, қоршаған табиғи ортаны, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауды өзiне мақсат тұтатын, қайырымдылықты жүзеге асыратын, мәдени және спорттық өмiрге қатысуға тартатын, демалысты ұйымдастыратын қоғамдық ұйымдарға жәрдемдеседi.


Сұрақтар мен тапсырмалар:





  1. Бала құқығы дегеніміз не?

  2. Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенцияда не айтылған?

  3. Төменде көрсетілген бала құқықтарының қай заңнамалық құжатта, қай бапта айтылғанын іздеп тауып, осы баптарға сәйкес деректі жаз.




  • Әр баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар.

  • Әр бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, ұлты, тегі және азаматтығы болуына құқылы.

  • Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-

қасиетіне және өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет