Ықтималдылық теориясы. Кездейсоқ оқиға



бет1/3
Дата19.12.2023
өлшемі44.16 Kb.
#487109
  1   2   3
Омеш Акбота






Ықтималдылық теориясы.Кездейсоқ оқиға.






Өмеш Ақбота
28.11.2023

КЕЗДЕЙСОҚ ОҚИҒАЛАР. ЫҚТИМАЛДАҚТАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРЕМАЛАРЫ
1. Кездейсоқ оқиға. Оқиғалар классификациясы.
Ықтималдықтар теориясы кездейсоқ құбылыстардың заңдылығын зерттейтін математикалық ғылым болып саналады.
Ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдары – кездейсоқ оқиғалар және оқиғалардың ықтималдық ұғымы.
Оқиға деп, кейбір байқау, тәжірибе немесе эксперимент жасауда белгілі бір шарттардың жиынтығы орындалғанда пайда болатын немесе пайда болмайтын нәтижені айтады. Оқиғаларды латын алфавитінің алғашқы бас әріптерімен белгілейді:
A, B, C, …
Оқиға үш түрге бөлінеді: ақиқат, мүмкін емес және кездейсоқ.
Ақиқат оқиға деп, белгілі бір шарттар жиынтығы орындалғанда міндетті түрде пайда болатын оқиғаны айтады.
Мысалы, ойын сүйегін лақтырғанда 1-ден 6-ға дейінгі ұпайдың біреуінің түсуі ақиқат.
Мүмкін емес оқиға деп, белгілі бір шарттар тобы орындалғанда пайда болмайтын оқиғаны айтады.
Мысалға, ойын сүйегін бір рет лақтырғандағы түсетін ұпай санының 6-дан көп болуы мүмкін емес.
Кездейсоқ оқиға деп, белгілі бір шарттар тобы орындалғанда пайда болуы да, болмауы да мүмкін оқиғаны айтады.
Мысалы, “ойын сүйегін бір рет лақтырғанда 5 ұпай түсті” деген оқиға кездейсоқ оқиға болады.
Ықтималдықтар теориясы осы кездейсоқ оқиғаларды зерттейді.
Кездейсоқ оқиғалар: үйлесімді, үйлесімсіз, жалғыз ғана мүмкіндікті және тең мүмкінді болып бөлінеді.
Егер тәжірибе нәтижесінде бір оқиғаның пайда болуы қалған оқиғалардың пайда болуына кедергі жасамаса, онда мұндай оқиғаларды үйлесімді оқиғалар дейді.
Мысалы, жәшікте бірнеше зауытта жасалынған тек жоғары сортты бөлшектер бар. Таңдамай, қалай болса солай алынған бөлшектің: а) жоғары сортты болуы; б) белгілі бір зауытта жасалынған болуы – үйлесімді оқиғалар.
Егер тәжірибеде бір оқиғаның пайда болуы қалғандарының пайда болуына кедергі болса, ондай оқиғаларды үйлесімсіз оқиғалар дейді.
Мысалы, теңгені бір рет тастағанда “герб” түсуі “цифр” түсуіне мүмкіндік бермейді (кедергі жасайды). Сондықтан “герб түсті” және “цифр түсті” деген оқиғалар өзара үйлесімсіз.
Егер тәжірибе нәтижесінде пайда болған оқиға ақиқат оқиға болса, онда ол жалғыз мүмкіндікті оқиға деп аталынады.
Теңгені бір рет тастағанда міндетті түрде жоғарыда аталынған екі оқиғаның бірі пайда болады. Сондықтан бұл оқиғалар жалғыз ғана мүмкіндікті.
Егер оқиғалардың пайда болу мүмкіндіктері бірдей деп есептелінсе, ондай оқиғаларды ТЕҢ МҮМКІНДІ оқиғалар дейді.
Ойын сүйегін лақтырғанда 1-ден 6-ға дейінгі кез келген ұпайдың пайда болуы ТЕҢ МҮМКІНДІКТІ ОҚИҒА. Себебі, ойын сүйегі біртекті материалдан жасалынған, цифрлар саны оның әрбір жағының салмағына әсер етпейтін, дұрыс көпбұрыш деп есептелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет