Қытуда функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастырудың тиімділігі


Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді



бет3/3
Дата05.11.2022
өлшемі21 Kb.
#464045
1   2   3
Функ сауаттылық

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады
Видео сабақтар – қазіргі заманғы педагогикалық әдістердің заманауи түрі. Бұл әдістің оқушылардың да, ұстаздардың да білім алу жолында алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерінің арқасында мұғалімдер арасында онлайн-сабақ, бейне-конференция, жаңашыл сабақтар қолданысқа ие болып тұр.
Бүгінде интернет желісіне қосылу үшін көп уақытымызды алмайтын жағдайға жеттік. Интернет желісіне жылдам қосылып, уақытын тиімді қолданып, белсенді жұмыс істеп жүрген заманауи мұғалімдеріміз бар екені белгілі. Қазіргі таңда оқушы тек білім тұтынушы емес, білімді өз бетімен оқып, меңгере алатындай жаңа инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдануы қажет.
Функционалдық сауаттылықтың белсенді стратегиялар арқылы оқытудың тиімділігі:
Мұғалім үшін: Әрбір оқушының өзгешелігін ескере отыра жеке білім алу траекториясын құру.
Оқушы үшін: Өз білімін жете түсіну,өмірде қолдану,өз жұмысын бағалай білуі.
Ата-ана үшін: Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалауы.

Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті - оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады. Осы ретте, жаратылыстану бағытындағы пәндерін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Оқушылардың функционалдық дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасады. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген М.Әуезовтің аталы сөзі ең алдымен ата-ана, ұстаз және қоғамға арнап айтылғандай. Ертеңгі ел болашағы білім ошағында қалыптасады десек те, сапалы білім мен саналы тәрбиеге қосымша бағыт-бағдар, қоғамдық ықпалдың қажеттігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Өйткені күн өткен сайын жас ұрпақтың талғамы өзгеріп, қоғаммен бірге ілгері дамып келеді. Осыған сәйкес жасөспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін сапалы білім мен саналы тәрбие жүйесін құру қажет деп санаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет