Қыз қуу 1-бап. Мақсаттары



Дата07.07.2016
өлшемі62 Kb.
#182820
Қыз қуу

         Қыз қуу — қазақ халқының өте көне ойындарының бірі. Ол Қазақстан Республикасы халықтарының арасында кеңінен тараған қазақтың ұлттық ат ойыны тобына жатады. Қыз қуу сонау ертеден келе жатқан спорт ойыны. Ертеде «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткен. Бұл жарыс өзінің түрі жағынан біздің заманымызға дейін қандай болса, қазірде сол күйінде қалды. Бағзы заманда жарыс жігіт пен оның қалыңдығы арасында өткізілген. Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне қойылатын талапты ақтай алмағаны үшін қызбен некелесу құқынан айырылған. Бұл сияқты ескі әдет әлдеқашан ұмыт болды. Қазіргі қыз қуу өзінің идеялық мазмұны жағынан одақтағы ұлт республикаларының мәдениетіне енген халықтық спорттардың қай-қайсысынан болса да кем түспейді.

Жарыс қыз қуу спортының ережесіне сай өткізіледі. Спортшылардың бас киімінен аяқ киіміне дейін ұлттық үлгіде қыз қуу спортына лайықты болуы тиіс. Қыз қуудың аты ұшқыр, жүйрік, сұлу болуы шарт.

Қыз қуу алаңының ұзындығы: 300 метр. Алаңға қыз бен жігіт шақыралады. Жігіт қыздан 10 метр кейін тұрып жарысқа қосылады. Жігіт қызды қуып жетсе, ережеге сай қыздың сол жақ иығындағы орамалды шығыршықтан суырып алуға тырысады. Ал қыз керісінше, қуғыншыдан қашып құтылып, сөреге бұрын жетуге әрекет жасайды.

Ал екінші кезеңде 10 метр алда тұрған жігітті қыз қуады, қуып жеткен жағдайда ережеге сай арнайы қыз қуу қамшысымен жігітті қамшылап, қуып жеткенінің белгісін көрсетеді. Жарысқа бекітілген ережеге сай спортшының қуып жеткен уақытын арақашықтыққа бөліп қорытындысы шығарылады.

Қыз қууды қазіргі бағытымен келешекте де дамытудың үлкен спорттық маңызы бар. Ол өзінің маңызы жағынан жастарға дене тәрбиесін беруде бүгінгі талапқа толық сай келеді.



ҚЫЗ ҚУУ

1-бап. Мақсаттары

Қыз қуу бойынша жарысты ұйымдастыру ережесін еске ала отырып жасалған бұл жүйе мынадай жағдайларды назарда ұстайды.

- жарыстың практикалық және техникалық шарттарын айқындау және анықтау;

- жігіт пен қыздың қимыл мен әдіс-айлаға берілетін бағаны белгілеу;

- төрешілер алқасының міндетті қызметін белгілеу;

- топтастыру, жүйелеу әдістерін анықтау;



2-бап. Қолдану аясы

Бұл ережелерді Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрлері чемпионаттарында, жарыстарда және турнирлерде қолдану міндетті.



3-бап. Түсіндіру

Егер ұсынылған Ережені түсіндіру барысында екіұдай жағдай орын алса, ол баптардың анық-қанығын анықтап, дәлелдеу, мәселені баянды етуге тек ҚР Туризм және Спорт министрлігі Спорт комитетінің арнайы өкілі мамандарымен бірлесе отырып, толықтыруға өкілетті бола алады және бұл жерде баптардың қазақша түп нұсқасы ғана дұрыс деп саналады.



4-бап. Құрамы

Жарыста тағайындалған төрешілер тобына бас төреші, бас төрешінің орынбасары, бас хатшы, мандат  комиссиясының төрағасы, алаң жетекшісі -1, алаңдағы төреші — 2, мәре төрешісі — 2, уақыт бақылаушы төрешісі — 2, медбике — 1 енеді. Төрешілер тобын жарыс кезінде алмастыруға үзілді-кесілді тыйым салынады. Тек қатты сырқаттанып қалуын дәрігерлік қорытынды айғақтаған жағдайда ғана төрешілерді ауыстыруға болады.

Төрешілердің ұлттық нақыштағы спорттық киімдері болуы шарт.

5-бап. Төрешілер

Төрешілер алаңда төрешілік ұйымдастырып, оның дұрыстығы үшін жауап береді.

Төреші қатысушылардың жеке басын растайтын құжаттармен сәйкестігін, олардың киімдерін тексеруге міндетті.

Төреші жабдықталған алаңның схемасы мен актісін жасап, оны бас төрешіге бекітуге табыс етеді. Жарыс басталар алдында алаңды тексеріп, таңбалайды.

Бас төреші төрешілерді, олар жарыс ережесін бұзатын болса міндеттерді атқарудан шеттетуге немесе жарыстан алып тастауға құқылы. Бұл туралы олар бас төрешіге немесе оның орынбасарының біріне дереу хабарлайды.

Секундомерші-төреші жарыс басталғанға дейін секундомершілердің және арнайы аппаратураның түзіктігін, дәлдігін және бірдей жұмыс істеуін тексеруге тиіс. «Есептелмейтін уақыт». Ойынның басталуы: секундомер Бас төрешінің рұқсатымен қосылады, алайда ойынның аяқталуын жауапты төреші секундомерші белгілейді.

Ақпаратшы-төреші қатысушыларды, көрермендерді, баспасөз, радио, теледидар өкілдерін жарыс ережелері, барысы, нәтижелері туралы білікті ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті және жарысты мүлтіксіз ұйымдастырып өткізуге жәрдемдесуге тиіс.

Ақпаратшы-төреші жарыс басталғанға дейін жарыстар туралы ережені, жарыс бағдарламасын зерделейді, команда қатысушыларын сипаттайтын деректерді дайындайды.

Ақпартшы-төреші бас хатшылардан ақпарат алу тәртібін белгілейді, оны жарыстың бас төрешісіне біріктіреді.

Республика чемпионаттары мен спартакиадаларында, халықаралық жарыстарда аға ақпаратшы-төреші тағайындалады, ол ақпаратшы-төреші мен дикторлардың жұмысына басшылық жасайды.

           6-бап. Бас төреші

Бас төреші жарысқа басшылық жасайды және ережеге сәйкес өтуін қадағалайды.

Оның міндеттері:

- жарыстар өткізілетін орындардың, жабдықтар мен құралдардың әзірлігін, оларды жарамдылығын және осы ережеге сәйкестігін алдын-ала тексеруге;

- төрешілерді іріктеуге қатысуға, төрешілер бригадаларының жетекшілерін тағайындауға, осы бригадалардың құрамын белгілуге және олардың нұсқаулығын өткізуге;

-   төрешілер алқасының жұмысына жетекшілік етуге;

- хатшылықтың бүкіл алдын-ала жұмысын (жеребеге өткізу және т.б) тексеруге, бекітуге;

- жарыс басталғанға дейін төрешілер алқасы мен жетекшінің ұйымдастыру кеңесін өткізуге, оларды жарыстар туралы ережемен таныстыруға және төрешілерді жұмыс учаскелері бойынша орналастыруға;

- келіп түскен наразылықтарды төрешілер алқасының қарауына енгізуге және шешім қабылдауға;

- жарыс аяқталғаннан кейін жарыс қорытындылары бекітілетін және төрешілер жұмысының бағасы жарияланатын төрешілер алқасының қорытынды отырысын өткізуге;

- жарыстың саланатты түрде ашылу, жабылу және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін белгілеуге ;

- жарыс аяқталғаннан кейін үш күннен кешіктірмей жарыстың есебі мен хаттамаларын  жарыс  өткізуші ұйымға табыстауға міндетті.



7- бап : Бас хатшы

Бас хатшының міндеттері:

- қатысушы ұйымдардың өтініштерін қабылдайды, жарыс хаттамаларын дайындайды, қатысушы командалардың жеребесін өткізеді, жеребенің негізінде жұптар құрайды, бас төреші бекіткеннен кейін қатысушылардың танысуы үшін хаттамалар іледі;

- хатшылықтың жұмысына басшылық жасайды, өткізуші ұйымнан кеңсе тауарларын, құралдарды  марапаттау материалдарын және т.б алады;

- жарыс хаттамаларын өңдеуді жүргізеді, ұпайлар есебін жүргізеді және қорытынды шығарады;

- жарыс нәтижелері бойынша жалпы техникалық есеп жасайды және жарыстың басқа да материалдарымен бірге бас төрешіге табыс етеді;

- төрешілер жұмысының табелін жүргізеді, жарыс ережесі бойынша талап етілсе қатысушылар мен аттардың нөмірін береді;

- спортшылардың біліктік кітапшаларына, нәтижелерін, алған орындарын жазады, сондай-ақ қол жеткізген жеңістері туралы анықтамалар береді;

- төреші хатшылар бас хатшының басшылығымен жұмыс істейді. Олар жарыс өтіп жатқан жерден, ақпарат жинауға оны уақытылы өңдеуге және бас хатшыға табыс етуге міндетті.

8-бап. Дәрігерлік қызмет

Жарыс дәрігері жарыста жан-жақты медициналық, малдәрігерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Ол:

Жарыс өткізілетін жерде медициналық жәрдем пунктерінің жұмысын, санитарлық малдәрігерлік машиналардың болуын ұйымдастыруға және жарыс бағдарламасында белгіленген жер мен уақытқа медициналық  қызметкерлердің уақытылы келуін қамтамасыз етуге;



Жарыстың бас төрешісіне медициналық және мал дәрігерлік қызметтердің жұмысқа даярлығы туралы хабарлауға;

- мандат комиссиясының жұмысына қатысуға командалардың өтініштерін, оларда дәрігерлік денетәрбиесі диспансерлерінің, малдәрігерлік пунктілердің жарысқа жіберілетіні туралы рұқсаттарның болуын қарауға;

- бас төрешілер алқасының отырыстарына қатысуға;

- қатысушы ауру немесе жарақаттану себебінен жарысты жалғастыра алмайтын жағдайда, белгіленген үлгідегі анықтама беріп жарыстың бас хатшысына осыны хабарлауға;

- жарыс аяталғаннан кейін бас төрешіге ауруларды, жарақаттарды (тегі бойынша командының атауын белгілеп) көрсете отырып жарысқа медициналық қызмет көрсету нәтижелері туралы есепті табыс етуге міндетті;

9- бап: Төрешілер құрамы


  1. Бас төреші   -  1

  2.  Бас төрешінің орынбасары -1

  3. Бас хатшы  -1

  4. Мандат комиссиясының төрағасы -1

5.   Алаң жетекшісі -1

6.  Алаңдағы төреші — 2

7.  Мәре-төреші -2


  1. Уақыт бақылаушы төреші -2

  2. Медбике -1

Барлығы: 12 адам

10-бап. Жарысты өткізу ережесі

Жасы 16-ға толмаған ұл-қыздарға ата-анасының рұқсат қағазы (қол хат) және қатысатын облыстың спорт басқармасынан қосымша анықтама қағаз керек. Жарысқа қатысушылар арнайы дайындықтан өткен және атты толық меңгеретін дәрежеде болу керек.

Спортшылардың бас киімінен аяқ киіміне дейін ұлттық үлгіде қыз қуу спротына лайықты болуы тиіс. Қыз қуудың аты ұшқыр, жүйрік, сұлу болуы шарт. Қыз қуу алаңының ұзындығы — 300 метр, ені — 20 метр болуы тиіс.

Қыз қууға әр командадан 1 қыз, 1 жігіт қатыстырылады. Жарыс басталарда қыз жігіттен белгіленген сызықшада 10 метр алда тұрады. Осы сәттен қыздың қашып, 300 метр жердегі мәреге жеткендегі уақыты есептеледі. Егер жігіт қызға 150 метр жерде жетіп, қыздың сол жақ иығындағы орамалды шығыршықтан суырып алса, жігітке 10 ұпай, 150 метрден кейін 5 ұпай беріледі. Жігіт қызға жете алмай қалған жағдайда жігітке 0 ұпа, қызға 5 ұпай беріледі.

Егер жігітке 150 метр жерден жетіп қамшысымен жігітті қамшылаған жағдайда  қызға 10 ұпай, 100 метрден кейін 5 ұпай, жете алмаған жағдайда 0 ұпай беріледі. Әр командадан қыз бен жігіттің ұпайлары қосылып, көп ұпай жинаған 4 жұп жартылай финалға шығады. Осы топтың ең жоғарғы ұпай алған екі жұп ақтық кездесуге жолдама алып, 1 орын жеңімпаз және 2 орын жүлдегер анықталады, 3-4 орынға ұпай санымен белгіленеді. Егер командалардың ұпай сандары белгілі болған жағдайда, шауып өткен уақыты төмен команда ұтады.

11- бап. Жарысқа қатысу үшін тапсырылатын сұраныс құжаттары

Жоба 

…..  облысының/қаланың құрамы командасы

Қыз қуудан Қазақстан Республикасының …. – ші  чемпионатына  қатысу үшін

                                                  Өтініш





Аты- жөні

Туған жылы

Спорттық дәрежесі

Ұлты

Жылқысы-ның аты

Дәрігердің

рұқсаты


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

…… облысының/қаласының туризм, денетәрбиесі және спорт басқармасының бастығы: __________________

…… облысының/қаласының денешынықтыру диспансерінің бас дәрігері:

_________________________

Өкілі:  ___________________



Жаттықтырушы: _______________________

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет