Ізгілік педагогі В.А.Сухомлинскийдің
«Балаға жүрек жылуы» еңбегіне
Эссе
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»,- дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп,оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек,ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына , айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Мен құндылықтар практикасы кезеңінде өзгердім, себебі ізгілік педагогика классиктерінің еңбектерін өз тәжірибемде қолдандым. Мысалы: В.А..Сухомлинскийдің «Балаға жүрек жылуы»еңбегін оқи отырып балаға риясыз сүйіспеншілік жасаудың мәнін түсіндім. Балаға жылы жүрекпен қараудың мәнін түсне отырып, оны ата-аналар жиналысында да ,мұғалімдермен өткізген семинарында да айттым. Бала ға жүрек жылуын сыйлауымыз қажет екенін. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа рухани –адамгершілік тәрбие беру. Құндылық қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилық негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін –өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік тәрбие-бұл дұрыс дағдылар мен өзін- өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығы қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс –әрекетін анықтайды.Адамгершілік –адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады.Адам бойына кішіпейілділік, сыпайылық, рақымшылық, жанашырлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей ,сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзітану» пәнінің үлесіне тимек. Күнделікті сабақ құрылымында Тыныштықсәті «көңіл күйді көтеру», Дәйексөз, шығармашылық тапсырма, топтық жұмыс, дәптермен жұмыстар жатады. Сабақтың негізгі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік
дағдыларын қалыптастыруға арналған шығармашылық тапсырмалар. Мұның маңызы баланың мораль ұғымын, оны бағалауын жалпыадамзаттық рухани – адамгершілік қасиеттерге қатынасын дамытудан тұрады. Ұрпақ тәрбиесі –келешек қоғам тәрбиесі .Сол келешек қоғам жан – жақты жетілген ақыл парасаты мол, мәдени –ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу –біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Оқушылар өздерінің болмысынан қозғалғыш болып келеді және топтық іс-әрекеттер олардың шығармашылықтарын қажетті арнаға бағыттауға көмектеседі. Бұл оларды қызықтырады да, сонымен бірге бір –бірімен тіл табысуға үйретеді.«Оқушыға екі қойған мұғалімде ұят жоқ. Ол ата-ананың қолына қамшы ұстатқанмен тең», - дегенеді В.А.Сухомлинский. Баға –наркотик тәріздес. Одан баланың отбасындағы жағдайы өзгереді. Баланы бағаға үйретіп тастайды – ол білімге емес, бағалауға талпынады. Баланың өзін-өзі бағалау, өзіне сыни көзбен қарау төмендейді. Ол –тәрбиенің негативті элементтері .«Балаға жетістіктен жетістікке жету мүмкіндігін беріңіз. Жетістіктер қанаттандырады. Мадақтау балаға өзін-өзі жеңуге көмектеседі» В.А.Сухомлинский. Мені тек оқытушы ғана емес шынайы ұстаздың қалай болу қажеттігінеүйретті.Заманауи жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін жандандырсақ мұғалімнің талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана «жаңа ғасыр мұғалімі» ретінде көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білімнің даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б, таным әрекеттерін жасайды. «Өзін-өзі тану»пәнімен ықпалдастыру сабағы балаларға өте ұнады. Осы сабақтан балалар мұғалімнен өздеріне деген жүрек жылуын сезді. «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» — деп, шығыстың ұлы ойшылы ӘбуНасыр әлФараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын жоғары ұстау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |