Қысқа мерзімді жоспары Бөлім Желілік этикет Педагогтың аты-жөні



Дата03.10.2023
өлшемі63.72 Kb.
#479645
9 сынып инф 4


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Желілік этикет

Педагогтың аты-жөні

Сахиева А.

Күні

29.09.2023

Сынып 9 «Ғ»

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Желілік этикет

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



9.4.2.1 - желіде жұмыс істеу барысында этикалық және
құқықтық нормалардың бұзылу салдары туралы ой қорытып
айту

Сабақтың мақсаты:

Желілік этикет ұғымы мен ережелерімен танысу.
Чаттардағы желілік этикеттерді анықтау
Желілік этикеттің қолданылу қажеттілігін тұжырымдау.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

1.Оқушылармен амандасу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Үй тапсырмасын пысықтау
Бір-бірлерін бағалайды.

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.



Сабақтың ортасы
15 мин

20 мин


Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау
-Желіде жұмыс жасағанда қандай ережелерді
ұстанасың?
-Этикет, желілік этикетті қалай түсінесің?
-Авторлық құқық, плагиат дегеніміз не?

Оқулықпен жұмыс.


Этикет (франц. etiquette) – белгілі бір ортада қабылданған мінез-құлық ережелерінің жиынтығы, өзін-өзі ұстау ережелері мен нормалары.
Желілік этикет – бұл адамдардың Интернеттегі қарым-қатынасы мен Интернет қоғамдастығының қарапайым ережелері, дәстүрлері мен мәдениетін білдіреді.
Web-форум – бір тақырыпта немесе бірнеше тақырып бойын-
ша Интернетті пайдаланушылар арасында байланыс орнату ортасы.
Чат – көптеген пайдаланушыларға бір уақытта бір-бірімен бай-
ланысуға және хабар алмасуға мүмкіндік беретін қызмет түрі.
Флейм (flames) – әңгімеге қатысушылардың жазғандарының
мән-мағынасына қарамай әртүрлі көңіл-күйді көрсететін смайлдар
жіберу.
Флуд – мағынасы жоқ хабарлар ағыны. Бұл хабарлардың еш-
қандай маңызы мен мағынасы жоқ, өшіріп тастауға да болады.
Смайлдар – қарапайым «суреттер». Смайлдар көмегімен желі
Электрондық пошта – жылдам байланыс жасау құралы. Электрон-
дық хат алмасудың белгілі бір сыпайылық ережелерін сақтау әдептілік-
ке жатады
1-тапсырма
«Айналдыру» әдісі
1-топ: Желіде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен желілік этикет.
2-топ: Электронды поштада хат жазудағы сыпайылықережелері.
3-топ: Чаттардағы желілік этикет.
Компьютермен жұмыс
2-тапсырма
Электронды пошта арқылы бір-бірлеріңмен қызмет төңірегінде танысып, мәліметтер алыңдар.
3-тапсырма
Бүгінгі таңда құрдастарың желіде қарым-қатынас құрудың қандай түрлерін қолданады? Не себепті? Талдау жасаңдар. Дәлелді мысалдар келтіріңдер.

Мұғалімді тыңдайды



Дескриптор
Желілік этикет ережелерін анықтайды, салыстырады.
Дескриптор
Электронды поштада желілік этикет ережесін сақтайды.


Дескриптор
Желілік этикеттің қажеттілігін тұжырымдайды.



Сабақтың соңы
5 мин

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «ТЕРМОМЕТР» әдісі


Өзін-өзі бағалау









Үй тапсырмасы

21-беттегі үй тапсырмасы











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет