Қызыл Ләззат Ыбырайқызы Исатай ауданы, Новобогат орта мектебі Мектептің мекен жайы: Атырау облысы



Дата25.02.2016
өлшемі105.34 Kb.
#24943


Қызыл Ләззат Ыбырайқызы

Исатай ауданы, Новобогат орта мектебі

Мектептің мекен жайы: Атырау облысы,

Исатай ауданы,

Х.Ерғалиев ауылы, Қамысқала көшесі,12 үй

Индекс 060301 жұмыс телефоны 8(71231)2-44-23

І санатты тарих пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі 23 жыл.1989 жылдан бері Новобогат орта мектебінде еңбек етіп келеді. Мұғалім озық тәжірибелерді шығармашылық ізденіспен оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдаланып жүрген ұстаздардың бірі. Қандай мәселені де оқушының өз топшылауынан өткізіп, ойлауына, ізденуіне сол тақырыпты өз бетімен меңгеруіне мүмкіндік туғызады. Мұғалім мектепішілік, аудандық, облыстық сайыстарға, педагогикалық оқуларға қатысып, марапаттауларға ие болып жүр.

Шәкірттері аудандық пәндік олимпиадада жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Бүгінгі күннің талабына сай әр тақырыпта игілікті істерімен танып, оқушы, ата-ана, ұстаздар алдында ізденуден жалықпайтын, мамандығына деген сүйіспеншілігі балаға деген мейірімділігімен тығыз байланыстыра білетін үлгі боларлық ұстаз.Бірнеше жылдан бері пән бірлестігінің жетекшісі. Мектептің қоғамдық өміріне де, белсене араласады. Көп жылғы еңбегі бағаланып аудандық білім бөлімінің “Құрмет грамотасына” ұсынылды.




Сердалиева Лариса Оңғарсынқызы

Исатай ауданы, Новобогат орта мектебі

Мектептің мекен жайы: Атырау облысы,

Исатай ауданы,

Х.Ерғалиев ауылы, Қамысқала көшесі,12 үй

Индекс 060301 жұмыс телефоны 8(71231)2-44-23

І санатты бастауыш сынып мұғалімі. 1983 жылдан бері Новобогат орта мектебінде жұмыс жасайды. Теориялық білімі жоғары, білімді де білікті маман, мектептің оқу-тәрбие жұмысына жаңа технология жетістіктерін батыл енгізіп, әріптестеріне үлгі көрсетіп келеді. Үздік нәтижеге қол жеткізіп, аудандық, облыстық деңгейдегі кәсіби байқауларға қатынасып, әр түрлі дәрежелі дипломдармен марапатталған. Аудандық, облыстық педагогикалық оқуға, “Жыл сынып жетекшісі”, “Жыл мұғалімі”, “Ауылдың ең үздік мұғалімі” сайыстарында жүлделі орындарды иеленіп жүр.Оқушылары “Ақбота” интеллектуалды сайысының жүлдегерлері “12 жылдық білім берудің басты шарты- мұғалім шығармашылығы” тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық мәслихатының озат іс-тәжірибелер көрмесіне оқу-тәрбие жұмыстарының жинағы дайындалды. Еңбектері аудандық білім бөлімінің, аудан әкімінің облыстық білім басқармасының “Құрмет грамотасымен”, “Алғыс хаттарымен” марапатталған. Өз ісіне шын берілген ұстаз әрбір оқушы мінезін, қабілетін танып, соған лайықты жұмыс жүргізу нәтижесінде шығармашылық ізденістерге қол жеткізіп жүр.

Ол шәкірттерінің дарындылық қасиетін байқап, оларды жас қырандай биікке самғауға баулып келе жатқан ұстаз. Ұстаздың тынымсыз ізденісі тыңғылықты еңбегі бүгінгі таңда өз жемісін беріп отыр.



Қапаева Гүлайнаш Ахметқалиқызы

Исатай ауданы, Новобогат орта мектебі

Мектептің мекен жайы: Атырау облысы,

Исатай ауданы,

Х.Ерғалиев ауылы, Қамысқала көшесі,12 үй

Индекс 060301 жұмыс телефоны 8(71231)2-44-23

Жоғарғы санатты мұғалім. 1994 жылы Атырау педагогикалық институтының музыка және педагогика факультетін үздік дипломмен бітірген. 1996-1998 жылдар Аудандық оқушылар үйінің директоры қызметін атқарды. 1999 жылдан бері Новобогат орта мектебінде саз пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды.. Ұстаздық жолында бірнеше кәсіби жарыстарға қатысып, өз шеберлігін танытып, талантты шәкірттерді тәрбиелеп жүр. Гүлайнаш аудандық, облыстық педагогикалық оқулардың жүлдегері. Аудандық,облыстық саз пәні мұғалімдерінің панорамалық сабақтар сайысының жеңімпазы. Ұстаздың “Абай әндерін мектепте үйретудің маңыздылығы” атты еңбегі республикалық конференцияда қорғалып жинаққа енгізілді. Гүлайнаштың тәрбиелеп, өнерге баулыған шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық конкурстардың жүлдегерлері. Мұғалім өз іс-тәжірибесін әріптестерімен бөлісу мақсатында республикалық басылымдарға тәрбие шаралары мен ашық сабақтарында жариялап отырады.





Ағисова Шынар Ғаббасқызы

Исатай ауданы, Новобогат орта мектебі

Мектептің мекен жайы: Атырау облысы,

Исатай ауданы,

Х.Ерғалиев ауылы, Қамысқала көшесі,12 үй

Индекс 060301 жұмыс телефоны 8(71231)2-44-23

І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі 23 жыл. Көп жылдардан бері Новобогат орта мектебінде еңбек етіп келеді. Жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруде зор роль атқарып келеді.

Аудандық, облыстық педагогикалық оқуда, облыстық пәндік семинарда “Жыл сынып жетекшісі”, “Жыл мұғалімі” байқауында жеңімпаз атанып, шәкірттері ғылыми жобалар сайысында, өнер-білім байқауларында жүлделі орындарды иеленіп жүр.сынып жетекшісі ретінде тәрбиенің мақсат- міндеті, қоғамдық ой-пікірі өз ісіне деген қабілеті жақсы дамыған ұстаз. Баланы жақсы көріп, оның жан-дүниесін түсініп дербес шешім қабылдап, кез-келген қиын жағдайдан жол табатын мұғалім. “Сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы тілдік материалды тереңдету ” шығармашылық тақырыбында еңбек етуде еңбектері жақсы бағаланып, мектеп ұжымының, аудандық білім бөлімінің, аудан әкімінің грамоталарымен марапатталған.


Наубетов Құрманғали Махсотұлы

Исатай ауданы, Новобогат орта мектебі

Мектептің мекен жайы: Атырау облысы,

Исатай ауданы,

Х.Ерғалиев ауылы, Қамысқала көшесі,12 үй

Индекс 060301жұмыс телефоны 8(71231)2-44-23

Оқу ісінің меңгерушісі. Еңбек өтілі 20 жыл. Тарих пәнінің мұғалімі.1997- 2002 жылдары Ғ.Мәсәлімов орта мектебінде, 2002-2010 жылдары Новобогат орта мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Шәкірттері аудандық, облыстық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленіп жүр. Шәкірт жүрегіне жол таба білген ұстаз өнегелі тәрбие беруде шығармашылықпен еңбек етуде. Мұғалім мектепішілік, аудандық, облыстық сайыстарға, педагогикалық оқуларға қатысып, марапаттауларға ие болып жүр. Еңбектері жақсы бағаланып, облыстық білім жетілдіру инситутының Құрмет грамотасымен, Исатай аудандық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталған. Қарапайым да кішіпейіл, жаңалыққа жаны құмар, ұжымдастар еңбегін бағалай білетін, өзгені сыйлай білетін, өзінде сыйлата алатын басшы санатында әр уақытта сапалы іс тындыратын, әріптестерімен шәкірттеріне үйретері көп беделді шығармашыл ұстаз.





Төлеуова Бибігүл Орынғалиқызы

Исатай ауданы, Новобогат орта мектебі

Мектептің мекен жайы: Атырау облысы,

Исатай ауданы,

Х.Ерғалиев ауылы, Қамысқала көшесі,12 үй

Индекс 060301 жұмыс телефоны 8(71231)2-44-23

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің І санатты мұғалімі.Еңбек өтілі 24 жыл. Атырау облыстық білім беру департаментінің “Құрмет грамотасымен” марапатталған. Республикалық “Дегдар” қоғамдық қоры ұйымдастырған “Ауылдың үздік ұстазы-2003” байқауында Алғыс хат иеленген. 2004 жылдың қорытындысымен Исатай ауданы бойынша “Жылдың үздік мұғалімі” атанған.

“Әдебиетті оқытуда жаңашылдар тәжірибесін ұтымды пайдалану” тақырыбындағы мақаласы пән мұғалімдерінің республикалық ғылыми-практикалық конференциясының жинағына енген. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында жүлделі орын иеленді.(2005 ж)

Облыстық “Қазақ тілінің үздік оқытушысы” байқауында “Алғыс хатпен” марапатталған. (2006 жыл)

Оқытудың ақпараттық технологияларын жетік меңгерген. Облыстық ”Компьютер сыныбының үздік оқытушысы-2010“ байқауының ІІІ орын иегері.

Оқушылары аудандық, облыстық, республикалық жыр мүшәйралары мен айтыстарында жүлделі орындар иеленіп жүр.






Халенова Зоя Молдашқызы

Исатай ауданы, Новобогат орта мектебі

Мектептің мекен жайы: Атырау облысы,

Исатай ауданы,

Х.Ерғалиев ауылы, Қамысқала көшесі,12 үй

Индекс 060301 жұмыс телефоны 8(71231)2-44-23
1985 жылдан бері Новобогат орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп келеді. І санатты мұғалім. Зоя сабақ берген кезден бастап салмақты, ынталы, өз ісіне жауапкершілікпен тиянақты жағынан қарап келеді.Мұғалім озық тәжірибелерді шығармашылық ізденіспен оқу –тәрбие процесінде тиімді пайдаланып жүрген ұстаз. Іздемпаз, ұқыпты ұстаздың әрбір сабағы үлкен дайындықпен жан-жақты жұмыс түрлерімен ұштасып жатады.Мектепішілік, аудандық сайыстарға, педагогикалық оқуларға қатынасып, марапаттауларға ие болып, өзінің құнды баяндамаларымен көзге түсіп жүр.Бірнеше жылдан бері бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі. Мектептің әдістемелік, өзінің педагогикалық іс-тәжірибесін, ой-пікірлерін көпшілік талқысына ұсынып отырады. Мектептің қоғамдық өміріне де белсене араласады. Көп жылғы тынымсыз еңбегімен, сабақ берудегі озық жетістігімен қөзге түсіп жүрген ұстаз.

Ещанов Жәнібек Сапаұлы

Исатай ауданы, Новобогат орта мектебі

Мекеменің мекен – жәйі: Атырау облысы,

Исатай ауданы,

Х. Ерғалиев ауылы, Қамысқала көшесі 12үй,

индекс: 060301 жұмыс телефоны: 8 (71231)2-44-23

1992 жылы Атырау педагогика институтын информатика мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Ж. Мырзағалиев орта мектебінен бастады. 1993 – 1996 жылдары аралығында аудандық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының бастығы лауазымдық қызметін атқарды. Осы аралықта қоғамдық жұмыс негізінде Аққыстау телехабарын ұйымдастырушылардың бірі болған. 1996 - 1999 жылға дейін Исатай аудандық баспаханасының бас инженері қызметін, 1999 –2009 жылдары аралығында Новобогат орта мектебінің директоры қызметін атқарды. Осы мектепте директорлық жұмысты атқарған жылдары мектеп оқушыларының білім сапасы өсіп, оқушылар аудандық, облыстық пәндік олимпиадаларда, ғылыми жоба сайыстарында жоғарғы нәтижелерге жетті. 2004–2005 оқу жылында Тәуелсіздік жылдарының ең алғашқы ”Алтын белгі“ иегері осы білім ордасынан шығуына да өзіндік үлкен үлесін қосқан. Қазіргі уақытта Новобогат орта мектебінде І – санатты информатика пәні мұғалімі. 2011 жылы сәуір айында аудан мұғалімдері арасында алғашқылардың бірі болып он-лайн режимінде облыс көлемінде сабақ өткізген тәжірибелі ұстаз. Ұстаздық еткен жылдары ішінде өз еңбегінің нәтижесі арқылы Атырау облыстық білім беру департаментінің “Құрмет грамотасымен”, Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институттың ”Құрмет грамотасымен“ марапатталды.





Хамзин Қалеш Тұқпатұлы

Исатай ауданы, Новобогат орта мектебі

Мектептің мекен жайы: Атырау облысы,

Исатай ауданы,

Х.Ерғалиев ауылы, Қамысқала көшесі,12 үй

Индекс 060301 жұмыс телефоны 8(71231)2-44-23

Мектеп директоры. Еңбек өтілі 26 жыл. 1988 жылдан бері мектептің басқару саласында еңбек етіп келеді.2000-2008 жылдары Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектебінің директоры,2009 жылдан Новобогат орта мектебінің директоры қызметін абыроймен атқарып келеді.Мектептің материалдық - техникалық базасы қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Мектепте 2 лингафонды-мультимедиялық кабинет, физика, химия, тарих, АӘД кабинеттері толықтай жабдықталып, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде толық жағдай жасалған. Мектеп ұстаздары “Жыл мұғалімі” байқауларында жаңа технологияны қолданып өткізген сабақтарында, сайыстарда биіктен көрінсе, оқушылар білім, өнер байқауларында жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Қалеш Тұқпатұлы мектеп басқарған жылдары Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қорытындысы бойынша 3 оқушы “Алтын белгі” иегері атанды.Мектепке басшылық жасаумен қатар Тарих, Адам,Қоғам,Құқық пәндері мұғалімі қызметін абыроймен атқарып келеді. Мектеп директоры қызметін атқарған жылдар ішінде өзін білікті басшы, іскер ұйымдастырушы ретінде көрсетіп, мектеп ұжымының жұмысын жоғары деңгейге жеткізіп, біліктілікпен басқаруда. Мектеп басшысы ретінде Білім ұясы : “Үздік білім беру менеджері” сайысына қатысып жүлделі орынды иеленді. Ұжымының білгір ұйымдастырушысы ұжымда ынтымақ пен бірлік орнатып мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, білімдерін жетілдіруді ұдайы басты назарда ұстайды.

Осындай қажырлы еңбектері жоғары бағаланып Атырау облысы әкімінің “Алғыс хаты” облыстық білім беру басқармасының “Құрмет грамотасымен” марапатталған.





Макулова Разия Көпбергенқызы

Исатай ауданы, Новобогат орта мектебі

Мектептің мекен жайы: Атырау облысы,

Исатай ауданы,

Х.Ерғалиев ауылы, Қамысқала көшесі,12 үй

Индекс 060301 жұмыс телефоны 8(71231)2-44-23

1978 жылдан бері Новобогат орта мектебінде кітапханашы болып еңбек етеді.



ІІ санатты кітапханашы.Мектеп кітапханасының көркем жасақталуына, онда жинақталған қордың байлығына мән беріп отырады. Кітапхана талапқа сай жабдықталып, әдістемелік-дидактикалық қор жинақталып, мұғалім мен оқушының жұмыс жасауына мүмкіндік жасалған. Аудандық кітапханашылар семинарларында құнды баяндамалар, әртүрлі тақырыптарда конференция, дебат өткізу өз нәтижесін беріп келеді. Тәрбиелік шараларда оқушылардың қабілетіне, ізденісіне ерекше көңіл бөліп, әдіс – тәсілдерді ұтымды пайдаланып, шығармашылықпен еңбек етп жүрген жан. Әріптестерінен көмегін аямайтын ақылшы тәлімгер ретінде танылған маман. Көп жылғы еңбегімен ата-аналардың, оқушылардың, ұжым арасында беделді.Аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет