Қызылағаш ауылдық округі әкімі Е. Төлебаевтың Қызылағаш
ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері
2014 жылы елімізде алдағы жылдар сияқты қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда, мәдениет пен өнер және спорт салаларында жалғасын тауып көптеген игі жетістіктерге қол жеткізді.
Ең бастысы дүниежүзілік қаржы дағдарысы қарсаңында Елбасымыз қараша айында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа жасаған Жолдауы жігерімізге жаңа серпіліс беріп, бойымызға қуат құйды. Президент жаңа Жолдауында қай салаға Ұлттық қордан қанша қаражат бағыттау қажеттігін айқын көрсетті. Әсіресе көліктік логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту, ірі жобаларға инвестиция тарту, индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту, елімізде білім беру, денсаулық сақтау, ауылшаруашылық, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне басымдық беріп, халықты жұмыспен қамтамасыз етуді алға қойды. Бүгінгі сындарлы сағатта Үкіметке тиісті шешім қабылдап, 2015 жылға арналған республикалық бюджетке қажетті қаржылырды ескеру тапсырылды және қаржының тиімді әрі оңтайлы пайдалануын қамтамасыз ету, әр теңгенің жұмсалуы қатаң бақылауға алынатындығы аталды. Бұған әр деңгейдегі әкімдерге жауапкершілік жүктеліп отыр.
Шағын кәсіпкерлікке де кезекті қамқорлық көрсетілуде. Ұлттық қордан ағымдағы жылы отандық бизнесті қолдауға бөлінген қаржы табысты игеріліп, шағын және орта кәсіпкерліктің игілігіне жұмсалды. Жолдауда әлеуметтік сала басты назарда. «Жинақылық пен үнемділіктен табыс кілтін тауып, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы түрлері мерзімінде, қалыпты жағдайда берілуі қамтамасыз етіледі», – деп баса айтты Елбасы. Жолдау – қоғам дамуының басты құжаты. Онда айтылған тұжырымдардың бәрі де көкейге қонымды, осының бәрі жаһандық дағдарыстан табыспен, ұтымды, әрі тиімді жолдармен шығудың негізгі тетіктері болып отыр.
Осы орайда облыс әкімі мен аудан әкімінің бізге берген жоспарлары мен тапсырмаларын, округіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында алға қойған міндеттердің бәрін өз кезеңінде орындап шығамыз деген үміттемін. 2014 жылдың басынан бастап ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс жоспарына сәйкес аудан әкімінің тапсырмаларын орындау негізінде біршама жұмыстар атқарылды.
Әлеуметтік қорғау саласында жыл басынан бастап тұрғындардың жекелеген санаттарына қолдау көрсету мақсатында 1-4 сынып оқушыларына ыстық тамақ беруге, мәдени-спорттық шараларға, санитарлық тазалықты сақтау жұмыстарына, көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына ауылдық округтегі шаруа қожалықтарымен, жеке кәсіпкерлермен, техникасы бар жеке тұлғалармен ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, барлығы 1 млн 536 мың теңгенің меморандумы бекітіліп, орындалды. Жыл аяғында бұл жұмыстар жалғасын тауып 2015 жылға 1млн 236 мың теңгенің меморандумы бекітіліп, қол қойылды.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Кәсіпкерлік картасы» аясында 10 жоба жоспарланған, оның ішінде жеті жоба орындалды:
1. Ахметова Гульназ – өз қаражатына шаштараз ашты. Жоба құны 300 мың теңге
2. Тұяқбаева Еркежан – өз қаражатына фотосалон ашты. Жоба құны 500 мың теңге
3. Мұқыжанова Күлзира – тігін цехын ашты, жоба құны 700мың теңге
4. Сембаева Эльвира - қоғамдық монша, жоба құны 3млн теңге.
5. Ветеринарлық пункті жанынан бюджет арқылы қолдан ұрықтандыру пункіті ашылды
6. «Олжас» шаруа қожалығы жанынан өз қаражатынан қымыз өндіріп, сату ұйымдастырылды. Жоба құны 500мың теңге
7. Қызылағаш орта мектебі жанынан өз қаражатынан картоп, көкөніс сақтау орыны ашылды. Жоба құны – 300мың теңге
Ауыл шаруашылығы. Округ бойынша жыл басынан бастап 14 шаруа қожалығы тіркеліп, оның 12 шаруа қожалығында 39324 гектар жерді өз иеліктеріне алып, оларда 33 адам тұрақты, 20 адам маусымдық жұмыстар атқарады. 2011-2015 жылға арналған агроөндірістік кешенінің тұрақты дамуының аумақтық бағдарламасының 2014 жылға арналған жоспардың көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда төмендегідей:
№
|
Көрсеткіш атауы
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
%
|
1
|
Ірі қара басы
|
1716
|
1854
|
108
|
2
|
Қой мен ешкі
|
7060
|
6500
|
92
|
3
|
Жылқы
|
822
|
1019
|
124
|
4
|
Құс
|
1920
|
1920
|
100
|
5
|
Егістік жер
|
588га
|
588га
|
100
|
Өндірілген өнімдер
№
|
Өнімдер
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
%
|
1
|
Сойылған ет, тірі салмағы
|
5339
|
5766
|
108
|
2
|
Сүт
|
17640
|
17935
|
101,6
|
3
|
Жүн
|
171
|
178
|
104,1
|
4
|
Жұмыртқа
|
218,2
|
227,2
|
104
|
Жоғарыда көрсетілгендей мал шаруашылығы саласы мал санынан да, өндірілген өнімдерінен де былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіштер өсіп отыр. Асыл тұқымды мал басын көбейту жұмыстары да жүргізілуде. Өткен жылы жиыны 5 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алынды. Оның 4 басын Үшбиік округіне қарасты «Мүсілім» шаруа қожалығынан, 1 басын Шалабай округінен сатып әкелінді. Бұқа сатып алған 4 шаруашылық иелері 1млн550мың теңге субсидия алды және 3 шаруашылық аналық бастарды көбейту негізінде субсидия алу үшін құжаттарын өткізіп қойды. «Жангелді» шаруа қожалығының басшысы Сағындыков А. жылқы малын асылдандыру мақсатында 23 бас «Жәбе» асыл тұқымды жылқысын сатып алды. «Ахмади» шаруа қожалығы биылғы «Байыс» асыл тұқымды қойларының басын көбейту мақсатында 1 млн 500 мың теңге субсидия алды. «КазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы «Жангелді» шаруа қожалығы жаңа МТЗ-80 тракторын барлық ауылшаруашылық агрегаттарымен /кун, шөп шапқыш, тіркеме, пресс/ алуға құжаттарын өткізіп, 15% қаражатын төлеп қойды. Келер жылы техниканы алғалы отыр. Сол сияқты 2013 жылы 2 шаруашылық рулондық пресс алды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Қымыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіл жұртшылық болып күресейік» тақырыпта семинар мен дәрістер өткізілді. Округте «Сенім телефоны» жұмыс істейді. Жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған жәшік көрнекті жерде ілінген. Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау кестесі бар. Мемлекеттік органдар туралы қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп, қарапайымдылық таныту – мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты деп білеміз.
Қызылағаш ауылдық округі бойынша 2015 жылға іс-қимыл бағдарламасы:
1 Қызылағаш және Қарасу ауылдарынан 2 шаруа қожалығын ашу І – ІІ тоқсан
2 «КазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы инвестиция тарту мақсатында «Жангелді» шаруа қожалығы негізінде жаңадан техника сатып алу. Құны – 8 млн 844 мың теңге.
3 Құрылыс-монтаждық жұмыстар жүргізу. Жұмыс көлемі 40 млн теңге
4 Тұрғын үй құрылысы – 200 кв.м. асыру
5 Асыл тұқымды 5 бас бұқашық сатып алу. Құны 1 млн 500 мың теңге
6 Халыққа қызмет көрсету нысандарын ашу
6.1) Өз қаражатынан автокөлік жөндеу бекетін ашу. Құны 1 млн 500 мың теңге
7 Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында
7.1) Картоп және көкөніс өсіру – ауыл тұрғыны Ахтанов М
7.2) Мал сою цехын ашу – ауыл тұрғыны Касенов Д, құны – 1 млн теңге
7.3) Отбасылық шағын құс фермасын ашу /қаз өсіру/ - 100 бастан аса, ауыл тұрғыны Мұқыжанова А
7.4) «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы асыл тұқымды ірі қара малын өсіру. Екі жоба, құны 6 млн теңге, ауыл тұрғындары Каржаубаев А., Мубараков Ж.
7.5) Қызылағаш орта мектебі жанынан жылыжай ашу
Достарыңызбен бөлісу: |