Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2015 жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамасының тезисі



Дата24.02.2016
өлшемі42.24 Kb.
#17400
Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2015 жыл ішінде

атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамасының тезисі

2015 жыл ішінде атқарылған жұмыстар Президентіміздің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларынан туындайтын тапсырмаларды орындауға, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуына жұмыс жасауға, облыс басшысының берген тапсырмаларының іске асырылуы, бюджеттің орындалуы және бюджет қаражатының игерілуі, тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған басқа да мәселелердің қамтылуына, өткен жылғы есеп беру жиналыстарында тұрғындар тарапынан айтылған сын-ескертпелерін іске асыруға бағытталды.

Ауылдық округке 3 елді мекен жатады. Олар Құрлыс селосы, Жаныс би және Шеңбертал ауылдары. Округ аумағының жер көлемі - 28,8 мың шаршы метрді құрайды. Округ бойынша жалпы халық саны – 2350.


Округте 3 орта мектеп, 3 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт, «Мәні» мәдениет үйі, орталықтандырылған модельдік кітапхана, «Қазпошта» бөлімшелері, электр желілерін тарату, телеарна тарату, «Қазақтелеком» байланыс бөлімшелері мен су шаруашылығы мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Сондай-ақ мектептер жанынан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және өнер мектебінің бөлімшелері қызмет жасауда.

Құрылыс, Жаныс би, Шеңбертал, елді мекендерінің ауылішілік газқұбырының проекталық-сметалық жобалары аяқталуда.

Жаныс би, Шеңбертал елді мекендерінің ауызсу құбырының проекталық-сметалық құжаттарына қажет қаржы өңірлерді дамыту жоспарына енгізілді.

Құрлыс ауылының бас жоспары 11,2 млн теңгеге Алматы қаласының «Сәулет и К» фирмасы арқылы жасақталып, экологиялық қорытындысына тапсырыс берілді.



Ауылшаруашылығы. Ауылдық округте 65 ауыл шаруашылық құрылымы жұмыс жасайды. 5 өндірістік кооператив, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 селолық тұтыну кооперативі және 57 шаруа қожалығы бар. Мал басы барлық түрінен өсімді көрсетті. Оның ішінде мүйізді ірі қара - 4971, қой-ешкі - 14660, жылқы - 1737, түйе - 256, құс – 1762 басты құрады. Ет 1816 цн, сүт 12800 цн өндірілді. Округте шаруа құрылымдары мен жеке қожалықтың қатысуымен далалық алқаптан 18820 тн табиғи шөп дайындалып, тасылды.

Жаныс би ауылынан «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Аймар» шаруа қожалығы 103 аналық cиыр, Шеңбертал ауылынан «Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Бірлік» шару қожалығы 170 бас қой, Құрлыс ауылынан «Құлан» бағдарламасы бойынша «Тұлпар» шаруа қожалығы 40 бас бие, 4 бас айғыр және Жаныс би ауылынан «Аймар» шаруа қожалығы 32 бас бие, 3 бас айғыр алып мал мал басын өсіруде.

Мал тұқымын асылдандыру мақсатында 4 шаруа қожалығы 4 бас асыл тұқымды бұқа алып қоғамдық табынға қосты.

Ақтөбе қаласындағы «ТАБЫС» коммуналдық базарында өткізілген облыстық ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне округімізден «Досболат» шаруа қожалығы мен «Жомарт-А» ЖШС-і өз өнімдерін қала тұрғындарына арзан бағамен ұсынды.



Кәсіпкерлік. Жыл басынан бері салық жиналымы 100 пайызға орындалды.

Округ бойынша кәсіпкерлік субъектілер саны - 102. Жеке кәсіпкерлер саны – 38, оның ішінде - 18 сауда нүктесі халыққа қызмет көрсетіп отыр. Округ бойынша биыл жаңадан 4 кәсіпкер тіркеліп, 1-уі жолаушылар тасымалы қызметін көрсетсе, 3-уі шағын бөлшек сауда қызметін ұсынуда.

«Барыс-62» ЖШС және «Тұлпар» шаруа қожалығы Самара-Шымкент автомобиль жолы бойынан кемпинг салу үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Жұмыссыздықпен күрес. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Қиниятов Самат мал басын өсіру үшін 3,0 млн теңгеге 22 бас ірі қара малын, Жанпейісова Дина 600 мың теңгеге 4 бас ірі қара малын алып, ауылшаруашылығын өркендету мақсатында жұмыс жасауда. Осы бағдарламаның негізінде жеке кәсіпкер Бимағанбетова Орынкүл 550 мың теңге несие алып, тігін шеберхана қызметін көрсетсе, Ж.Жақсылықова 3,0 млн несиеге кіші наубайхана құрылысын аяқтап, тұрғындарға сапалы азық-түлік нан бөлкелері мен кондитерлік өнімдер шығарып халыққа қызмет көрсетуде.

Мүгедектерді оңалту бағдарламасы негізінде «Мәні» мәдениет үйіне 1 мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылды.

«Жасыл ел» бағдарламасына жұмыссыз жүрген 20 жас жұмысқа тартылып, екі ай бойы көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Жұмыспен қамту бойынша шаруашылық құрылымдарына әлеуметтік жұмысқа 22 адам орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 11 жұмыссыз тартылып, жастар практикасынан 3 жас маман өткізілді.



Әлеуметтік сала. Балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы заңнаманы басшылыққа алып, жыл басынан бері 63 отбасының 221 баласына 4781,7 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша округ орталығындағы «Мәні» мәдениет үйіне 15,633 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, жөндеу жұмыстарына 4 жұмыссыз тартылды. Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1,881250 млн теңгеге ағымдағы жөндеуден өтті.

Пошта байланысы бойынша халыққа еңбекақы. зейнетақы және т.б. төлемдер уақтылы таратылып тұрады. 2016 жылға баспасөз басылымдарына жазылу толық аяқталды.

Б.Алманов атындағы орта мектебінің 3 түлегі ҰБТ нәтижесінде жоғары көрсеткіш көрсетіп, Алтын белгі иегерлері атанды.

Б.Алманов атындағы орта мектебінің базасында мектеп оқушыларының аудандық пәндік олимпиадасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

«Мәні» мәдениет үйінде аудандық мәдениет саласы қызметкерлерінің семинары өткізілді.



Коммуналдық сала. Округ бойынша 3 елді мекенде телефон байланысымен қамтылған.

Құрлыс селосында орталықтандырылған су құбыры тұрақты жұмыс жасап тұр. Жаныс би және Шеңбертал елді мекендеріндегі ауыз су құдықтарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Құдықтар ақылы қоғамдық жұмыс негізінде күтімге алынған.

Округтегі барлық әлеуметтік мекемелер мен кәсіпорындардың жылу жүйесі қалыпты жұмыс жасауда.

Жаныс би ауылында кәсіпкерлер мен тұрғындардың демеушілігімен жаңадан «Толағай» атты стадион пайдалануға беріліп, ауыл жастарының ХІV-спартакиадасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Жазғы уақыттағы емдеу сауықтыру мақсатында Ақтөбе қаласына «Шағала» санаторийінде 6 бала, «Ақбота» сауықтыру орталығына 2 бала тынығып қайтты.

Социалистік Еңбек Ері Қоңқан Құлмырзиннің және тарышы Қойлыбай Белесовтың 130 жылдығы аталып өтіліп, көшелеріне ескерткіш тақталар қойылды.



Ұлттық және мемлекеттік мерекелер қарсаңында салтанатты шаралар мен спорттық жарыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Қызылжар ауылдық округінің

әкімі Қ.Айтқұлов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет