Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы
«Үдемелі индустриалды инновациялық даму» бағдарламасының индустрияландыру картасы 2011 жылы Үржар ауданы бойынша индустрияландыру картасына «Алакөл жағалауында санаторлы курорттық, конақ үй кешенін салу» жобасы енгізілген, жобаны орындаушы «Бұғаз» ЖШС-і болып табылады. Жобаны іске асыру мерзімі 2015 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылды. Аталған серіктестіктің 05.10.2013 жылғы № 11 анықтамасына сәйкес аталған жоба Алакөл көлінің жағалауын нығайту мәселесі шешімін тапқанға дейін тоқтатылған .
Ағымдағы жылы «Бәтуа» ЖШС-нің «ШҚО Үржар ауданында пластикалық құбыр шығару»туралы инвестициялық жобасы облыс әкімінің үйлестіру кеңесінде қаралып, бір ауыздан мақұлданды, бүгінгі күнге Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің штаб отырысында мақұлданып, Индустрияландыру картасына енгізу қарастырылуда. Аталған серіктестік диаметрі 315 және 630 мм болатын пластикалық труба шығарумен айналысады, зауытта - 45 адам, ауыл шаруашылығында -155 адам жұмыспен қамтылған.
2014 жылға жоспарланып отырған жобалар:
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 12 қараша күні аудан әкімінің үйлестіру кеңесінде төмендегі инвестициялық жобалар қаралды, атап айтқанда:
-
«Ақберлі» ЖШС-нің «ШҚО Үржар ауданында қымыз өндіру» туралы жалпы құны 160 млн.теңге болатын инвестициялық жобасы;
-
«Бәкей» шаруа қожалығының «ШҚО Үржар ауданында асыл тұқымды мал бордақылау алаңын ашу» туралы инвестициялық жобасы;
-
«Алғабас» ЖШС-нің «Репродуктор, мал бордақылау алаңы және қолдан ұрықтандыру пунктін қайта жаңарту, қасапхана мал соятын және етті орамдау жабдықтарын орналастыру» туралы инвестициялық жобасы;
-
«Еламан» шаруа қожалығының «1000 бас етті тұқымды ірі қараға арналған репродуктордың құрылысы, 400 басқа арналған бордақылау және мал сою комплексі, шет елге сиыр, қой , жылқы етін өндіру, құрғақ бие сүтін өндіру» туралы инвестициялық жобалары бір ауыздан мақұлданды, бүгінгі күнге кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасына құжаттары жіберілді.
Достарыңызбен бөлісу: |