Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің әкімшілік бағыныстылығын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата04.07.2016
өлшемі16.46 Kb.
#178532





Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің әкімшілік бағыныстылығын өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  6 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Келесі елді мекендер олардың жер пайдалану шекарасы шегіндегі аумағымен:

1) Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округінің Байқадам елді мекені Қарауылтөбе ауылдық округінің;

2) Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округінің «№11 бекет» елді мекені Талсуат ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін.

2. Байқадам және «№11 бекет» елді мекендері таратылып, Қызылжарма ауылдық округінің есепті деректерінен шығарылсын.

3. Осы қаулы мен шешімнің жариялануын бақылау «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

4. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау және осы қаулы мен шешімнен туындайтын өзге де шараларды қабылдау Қызылорда қаласының әкімі Н.М. Нәлібаевқа жүктелсін.

5. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қызылорда облысының

әкімі
______________ Қ. Көшербаев

Қызылорда облыстық

мәслихатының _________________ сессиясының төрағасы

_______________





Қызылорда облыстық

мәслихатының хатшысы
______________ Б. Еламанов

КЕЛІСІЛДІ

«Қызылорда облысының

статистика департаменті»

мемлекеттік мекемесінің

басшысы Б. Сапар



2013 жылғы « »

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет