Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі №408 қаулысына



бет1/9
Дата24.02.2016
өлшемі0.8 Mb.
#13234
  1   2   3   4   5   6   7   8   9



Қызылорда облысы әкімдігінің

2012 жылғы 19 сәуірдегі № 408 қаулысына

қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің

2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1001 қаулысымен

бекітілген

«Қызылорда облысының энергетика және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары
1 -бөлім. Міндеті мен пайымы
Міндеті: «Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметі облыс экономикасының энергетикалық секторы арқылы энергоресурстағы өсіп келе жатқан экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, энергетикалық қауіпсіздікке ықпал жасау, энерго үнемдеу және энерготиімділікті арттыру, қоғам өмірін жақсарту бағытында коммуналдық шаруашылық және электр қуатымен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру.

Пайымы: Азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған коммуналдық шаруашылық және электр қуатымен қамтамасыз етудің қарқынды дамуы, облыстың энерго қауіпсіздігін болдырмау, Қызылорда қаласын газдандыру, отын энергетикалық кешені саласы бойынша энерго үнемдеу технологиясын енгізу және коммуналдық саланы жақсарту бағытында тиімді қызмет атқару, коммуналдық шаруашылық және газ, жылу, су, электрмен жабдықтауды дамыту бағдарламасын өңдеу және іске асыру.

2- бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістері

Стратегиялық бағыт 1. Облыстың энергетика, коммуналдық шаруашылық, елді мекендерді газдандыру салаларының динамикалық дамуы.

Энергетика

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.

Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында көрсетілгендей электрэнергетикалық ресурстарды дамыту мәселесі бүгінгі күні өте маңызды болып табылады.

Қызылорда облысында жалғыз энергия көзі болып табылатын «Қызылорда жылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жұмыс жасауда: қуаттылығы 50 меговатт құрайтын когенерациялық газтурбиндік электр станциясы және қуаттылығы 63 меговатт Қызылордажылу электрорталығы. Ішкі қуат көздері өңірдің электрқуатына деген сұранысының 57 % қамтамасыз етеді, жетіспейтін қалған көлемі еліміздің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарынан жеткізіледі.

Облыстың электр желілері «ҚЭТТК» АҚ-ның теңгерімінде, әуе және кабель желілерінің жалпы ұзындығы 9019,05 шақырым, олар 110 кВ электр желісі – 922,2 шақырым; 35 кВ электр желісі – 2466,58 шақырым; 10 кВ электр желісі – 2647,97 шақырым; 0,4 кВ электр желісі – 2982,3 шақырым. Барлық трансформаторлық қосалқы стансалар саны 1637 дана. Оның ішінде: кернеулігі 220 кВ - 2 дана, кернеулігі 110 кВ - 7 дана, кернеулігі 35 кВ - 108 дана, кернеулігі 10/0,4 кВ – 1521 дана.

Облыстың электр энергиясын пайдалану көлемі 2008 жылы 1040,0 миллион киловатт/ сағатты, 2009 жылы 1100 миллион киловатт/ сағатты, 2011 жылы 1100,0 миллион киловатт/ сағатты құрады.

Облыстың өндірген электр энергиясының көлемі 2008 жылы – 32,4 пайыз немесе 337,2 миллион киловатт/ сағат, 2009 жылы - 36,5 пайыз немесе 401,9 миллион киловатт/ сағат, 2010 жылы – 35,0 пайыз немесе 385,2 миллион киловатт/ сағат.

2011 жылы облыстық бюджеттен қаралған 296 млн. теңге қаржыға, Шиелі қыстағында 220 кВ қосалқы станциясы қайта жаңғыртылды.

Қызылорда қаласы бойынша үш 35/10 кВ және Жосалы кентінде 220 кВ қосалқы станцияларын қайта жаңғыртуға, «Қызылорда қаласының 10/0,4 кВ электрмен жабдықтау жүйесін дамытуға», «2011-2013 жылдары Қызылорда қаласының кернеулігі ТМ-10 күштік трансформаторын ГТМ-12-ге ауыстыру, қағаз және пластмасалы оқшауламалы кабельдік желіні полиэтиленнен тігілген оқшауламасы бар кабельге ауыстыруға» жаңа заманға сай құрал-жабдықтарға ауыстырылатын 4 жоба-сметалық құжаттамалар дайындалды.

2012 жылы Қызылорда қаласының және елді мекендердің электр желілерін және қосалқы стансасын кеңейту және жаңғыртуға 9 жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жоспарлануда.

Облыста, энергия үнемдеу бойынша шараларды іске асыру мақсатында, бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2010 жылы Қызылорда қаласының 330 абонентті қамтыйтын 10/0,4 кВ алты қосалқы стансасынан шығатын 0,4 кВ электр желілеріне ЭКЕАЖ-н енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асты. 2011 – 2012 жылы жалпы ұзындағы 151,64 км құрайтын және 7359 абоненті қамтыйтын «Жосалы, Жалағаш, Тасбөгет кентерінде және Қызылорда қаласында 0,4 кВ электр желілерін қайта жаңғырту және тұрғын үйлердің енгізулерің ауыстыру» инвестициялық бағдарлама әзірленді. Инвестициялық бағдарламаның жалпы құны – 223,4 млн. теңгені құрады. 2011 жылы инвестициялық бағдарлама 112,6 млн. теңгеге толығымен орындалды. Саны 360 қосалқы стансасын құрайтын «2011 – 2013 жылдары Қызылорда қаласының кернеулігі ТМ – 10 күштік трансформаторын ГТМ – 12 –ге ауыстыру, қағаз және пластмассалы оқшауламалы кабельдік желіні полиэтиленнен тігілген оқшауламасы бар кабельге ауыстыру» жобасының ЖСҚ аяқталу барысында. Жобаны жүзеге асыру 2013 – 2015 жылдарға көзделуде.

«Қызылорда қаласы бойынша «ҚЭТТК» АҚ – ның электр желілерін модернизациялау, электр энергиясын есептейтін құрылғыларын ауыстыру және электроэнергияның коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін орнату» инновациялық жобасына «Халықтық инновациялық фонды» АҚ-на өтінім берілді.

Қайталама электр энергия көздері

Қызылорда облысының әкімдігімен қайталама электр энергия көздерін облыстың электр тенгеріміне тарту сұрақтары қаралуда. Оның ішінде 2010 жылы шет аймақ елді мекендерін электрлендіру мақсатында, Қазалы ауданы, Ажар елді мекенінде желдік электр қондырғысының құрылысына облыстық бюджеттен 35,4 млн. теңге қаржы бөлінді. Желдік электр қондырғысы нәтижелі жұмыс жасауына қарай, облысымыздағы электрленбеген Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарындағы шет аймақта орналасқан елді мекендерге желдік электр қондырғысын орнату жоспарлануда.

Сондай –ақ, облыстың әкімдігімен облыста қайталама энергия көздерін пайдалануға потенциалды инвесторларды жұмылдыру жұмыстары жүргізуде.

Коммуналдық шаруашылық:

2010 жылы әлеуметтік-мәдени нысандардың және коммуналдық кәсіпорындардың жылу беру маусымының дайындық жұмыстарына, сондай-ақ қатты және сұйық отын алуға бюджеттен және коммуналдық кәсіпорындардың қаражаты есебінен 4050,4 млн. теңге қаражат қаралған.

Аталған қаражатқа 298 білім, 338 денсаулық сақтау, 281 мәдениет нысандарына, 91 қазандыққа, 20,18 шақырым жылу желілеріне, 46,2 шақырым су жүйелеріне, 1101 шақырым электр желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік нысандарға қажетті отын қоры жинақталды.

Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 2010 жылы қалалар мен елді мекендерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 31 жоба, оның ішінде сумен жабдықтау 13 жоба, электрмен жабдықтау 6 жоба, жылумен жабдықтау саласында 12 жоба жүзеге асырылды.

2011 жылы коммуналдық мекемелердің, әлеуметтік-мәдени нысандардың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу барысында, сондай-ақ, қажетті қатты және сұйық отынды алуға жалпы бюджеттен және кәсіпорындар қаражаты есебінен 3 497,9 миллион теңге бөлінді.

Аталған қаражатты игеру барысында 301 білім нысандарына, 338 денсаулық, 277 мәдениет нысандарына, 71 қазандыққа, 18,13 шақырым жылу желілеріне, 52,4 шақырым су –кәріз жүйелеріне 1050 шақырым электр желілеріне жоспарланған жөндеу жұмыстары толығымен жүргізіліп, әлеуметтік нысандарға қажетті көлемде отын қоры жинақталды.

Бұдан басқа, республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен бөлінген 488,143 млн. теңгеге «Қызылорда қаласындағы «ҚЖЭО» МКК-нан Киняева көшесіне дейінгі магистралдық жылу жүйесін қайта жаңғырту» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, сынақтан өткізу шаралары атқарылуда.

Елбасының 2011 жылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы әзірленіп, 2011 жылғы 30 сәуірдегі №473 «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысымен бекітілді.

Бағдарлама негізі үш бағытта жұмыс жасайды.

Бірінші бағыт жылу, электр, газбен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту және модернизациялау;

Екінші бағыт көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеу және олардың техникалық жағдайын жақсарту;

Үшінші бағыт тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың тиімділігін арттыру.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша облысымыздың инженерлік жүйелерін (су кәріз, электр, жылу және газ жүйелері) жөндеу және қайта жаңғырту мақсатында ағымдағы жылы жалпы бюджеттен 11,0 млрд. теңгеден астам қаражат бөлініп, жоспарланған жұмыстар атқарылуда.

Екінші бағыт бойынша көп қабатты тұрғын үй қорының техникалық жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында (Республика бойынша 5 500,0 млн. теңге) Қызылорда облысы бойынша 395,0 млн. теңге қаражат бөлініп, 18 көпқабатты тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.

Көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары екі механизм арқылы жүргізілуде.

Бірінші механизм бойынша «Қызылорда» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамын капитализациялауға республикалық бюджеттен трансферт арқылы 120,0 млн. теңге бөлінді.

Екінші механизм бойынша «Тұрғын үй қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жарғылық қорын ұлғайтуға республикалық бюджеттен трансферт арқылы 275,0 млн. теңге бөлінді.

Бағдарлама аясында осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2012 жылға 812,5 млн.теңге жоспарланып, аталған қаражатқа 38 көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеу көзделіп отыр.

Газдандыру:

2004 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес «Қызылорда қаласының жылу қуат көздерін және тұрғын секторын ілеспе газға көшіру» жобасы іске асырылуда. Жобаның жалпы сметалық құны 12,8 миллиард теңгені құрайды.

Жоба аясында, 2004-2010 жылдары 12,0 миллиард теңге бөлініп, 738 шақырым газ құбырлары оның ішінде: жоғары қысымды – 72,843 шақырым, орташа қысымды – 4,536 шақырым және төменгі қысымды – 660,598 шақырым жүргізілді, 1 бас газреттегіш пункті, 29 газ реттегіш пункті және 10 шкафты реттегіш пункті құрылыстары аяқталды.

Нәтижесінде облыс орталығының:

50 меговатт электр және 90 гигокалориялық жылу қуаты бар когенерациялық газотурбиналық стансасы пайдалануға берілді;

60 гикокалория/сағатқа жеткізе отырып «Қызылордаоңтүстікжылуорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының №2 қазандық цехы толық қайта жөндеуден өткізілді;

37 гигокалория/сағат болатын қазандық және жалпы қуаттылығы 30 гигокалория/сағат болатын 5 блок-модулдік автономдық қазандықтар салынып, пайдаланылуға берілді;

470 көпқабатты тұрғын үй (22135 пәтер), 16280 жеке сектордағы тұрғын үй, 345 коммуналдық-тұрмыстық мекемелер ілеспе газға қосылып отыр. Бұдан басқа 3 000 жеке үй ілеспе газға қосылуға мүмкіндік алды.

2011 жылы республикалық бюджеттен 875 млн. теңге бөлініп, бұл қаржыға Қызылорда қаласының «Шанхай», «Саулет», «КБИ» және «Жаңа ауыл» аудандарында газдандыру жұмыстары жүргізілді. 4 ГРП орнатылып, 137 шақырым жоғарғы және төменгі қысымды газ құбырларының құрылысы салынды. Аталған жоба жұмыстары толығымен аяқталып, барлығы 594 көп қабатты тұрғын үй, 25000 жуық жеке тұрғын үйлерді газдандыру мүмкіндігіне қол жеткізілді. 2012 жылы Қызылорда қаласының Тасбөгет кентінің және Қызылжарма ауылдық округін перспективалық дамуымен газбен жабдықтауға және Қызылорда қаласындағы Талсуат ауылдық округін және 3 әлеуметтік қамтамасыз ету нысанын газбен жабдықтауға " жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Қызылорда қаласын газдандыру деңгейі 77 %-ды құрауда. 2011 жылдың 1 қаңтарына облыс тұрғындарын ілеспе газбен қамтамасыз етілуі – 23,5 %.

Облыс әкімдігі мен БК «ҚазГерМұнай» ЖШС арасында ынтымақтастық меморандумы жасалып, айына 800 тонна сұйытылған газ 1 тн бағасы – 31 216 теңгеден газ таратушы мекемелерге босатылуда.

БК «ҚазГерМұнай» ЖШС-нен, «Байқоңыргаз», «Аңсаған –Ш.М», «Нұрдәулет-М», «Мерей-1», «Қызылордагаз», «Жаңақорғангаз» ЖШС-не беріледі.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі мен «Торғай Петролеум» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, өндіріс көлемінің 25 % пайызы, яғни сұйытылған газдың 1 тн - 26 529,26 теңгеден босатылады. «Торғай Петролеум» мұнай компаниясынан алынатын 1000-1200 тонна газ «Аралгаз» ЖШС-нен басқа облысымыздың бірнеше газ тарату мекемелеріне алынып берілуде. Алынған сұйытылған газ «Арал Газ» ЖШС тасымалдау қызметі арқылы 1 кг-37,2 теңгеден басқа операторларға берілуде.

Сумен қамту және кәріз жүйесі

Жалпы облыстағы 263 ауылдық елді мекен жер асты және жер үсті су көздерін пайдаланады, оның ішінде:

nоптық су құбырына қосылғаны – 84 елді мекен, халық саны – 202,7 мың адам;

cкважинасы және ішкі су жүйесі бар – 94 елді мекен, халық саны – 184,8 мың адам;

тікелей скважинадан пайдаланатын – 38 елді мекен, халық саны – 20,7 мың адам;

шахталық құдықпен – 35 елді мекен, халық саны – 7,4 мың адам;

ашық су көзінен – 7 елді мекен, халық саны – 3,2 мың адам;

тасымал арқылы – 3 елді мекен, халық саны – 1,2 мың адам.

осы елді мекендерді негізгі 3 параметрге бөлетін болсақ:

орталықтандырылған – 178 АЕМ (68,2 пайыз);

орталықтандырылмаған – 80 АЕМ (30,6 пайыз);

тасымал – 3 АЕМ (1,2 пайыз).

2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» салалық бағдарламасы ҚР Үкіметінің «2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 қаулысымен бекітілді.

Осы бағдарламаның бастамасы ретінде 2011 жылы барлық қаржы көздерінен 9,0 млрд. тенгеден астам қаржы бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 45 пайызға артық. Оның ішінде:

республикалық бюджеттен бөлінгені 8703,8 млн.теңге, облыстық бюджеттен бөлінгені 292,0 млн.теңге.

Бұл қаржыға Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының 5-кезеңінің құрылысы (Бозкөл, Лохалы, Отгон, Тасарық, Каукей) Шиелі ауданындағы Жиделі топтық су құбырының тармақтарының құрылысы және Қызылорда қаласының ауыз су және кәріз жүйелерінің қайта жаңғырту жұмыстары жалғасады.

Қазіргі таңда, Ақ бұлақ бағдарламасының 1-кезегін іске асыру үшін (2012-2016 жылдарды қаржыландыру үшін) барлығының сметалық құны 12,1 млрд. теңге болатын дайын 40 жоба ҚР АШМ СРК-не ұсынылды.

Облысымыздағы басты су алу көзі жер асты суы болуына байланысты, жер асты су қорларын анықтау қажет. Бұл мақсатмен ҚР ИЖТМ-нің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне 2011-2013 жылдарға барлығы 65 елді мекеннің жер асты су қорын анықтау ұсынылды.

Облыс бойынша ашық су көздері және тасымал ауыз су пайдаланып отырған елді мекендер Арал ауданында орналасқандықтан 2008 жылы Арал ауданының 8 елді мекенін (Райым, Ескіұра, Қызылжар, Құмбазар, Ақшатау, Шөмішкөл, Үкілісай, Бекбауыл) Арал Сарбұлақ топтық су құбырына қосуға құны 1,9 млрд. теңге болатын жоба жасалды. Бұл жобаға тікелей су ресурстары комитеті тапсырысшы болып 2010 жылдан бастап құрылысы басталды. Жоба 2012 жылы аяқталады. Қазір бұл елді мекендердің сервистік жүйесіне жоба жасалуда. Осы аталған жұмыстар толық аяқталғанда, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған елді мекендер саны артып 190ға (барлық елді мекеннің 72 пайызы) жетеді.

2011 жылы 5 елді мекеннің ішкі су жүйелерін жаңғырту жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.

Облыста бағдарламаны жүзеге асыру барысында Жаңақорған ауданындағы 2 жаңа топтық су құбырының (Талап, Сырдария) құрылысын салу келешекте 28 елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы облыс халқы сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі.

1.2) Негізгі мәселелерді талдау

Облыстың энергетикалық желілерінің техникалық ахуалы сын көтермейтін жағдайда, олардың тозуы 50-54 %-ға құрайды.

Мекеменің жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қаржылық мүмкіндігі жеткіліксіз, осыған байланысты электр желілері мен қондырғыларына күрделі жөндеулер тек электр энергиясының беру және тарату қызметінің тарифтерінде қаралған қаржысына шектеулі көлемде жасалады.

Коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының проблемалық мәселелері негізгі қондырғылардың тозуы, қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына, энергия үнемдеу шараларын жүзеге асыруға өз қаражаттарының жетіспеуі болып табылады.

Қазіргі уақытта облыстың елді мекендерін газдандыру негізгі мәселе болып табылады және үлкен көлемдегі қаржыны қажет етеді.

Қолданыстағы су құбырларының негізгі бөлігі 30 жылдан астам уақыт пайдаланылуда және олар жаңғыртуды қажет етеді. Орташа тозығы жеткен негізгі құралдар 60%, ауылдық жерлерде 70%-дан астамын құрайды.

Мекемелердің жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жеткілікті қаржысы жоқ, сондықтан су құбырлары мен құрал-жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізу шектелген көлемде электр энергиясын тарату қызметінің тарифына қаралған қаржы есебінен жүзеге асырылады.



    1. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Негізгі сыртқы факторлар мыналар: электр энергиясының көп көлемі Солтүстік және Оңтүстік аймақтардан жеткізіледі. Электр энергиясының тапшылығы 43% құрайды немесе 85 меговатт.

Ішкі факторлар мыналар: республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржылардың, үкіметтік және үкіметтік емес заемдардың, отандық және шетелдік инвестициялардың жеткіліксіз болуы.

Облыстың коммуналдық шаруашылық саласын дамытуда республикалық бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру көлемі негізгі ішкі фактор болып табылады.

Облысымызды газбен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен жоба-сметалық құжаттамалар дайындауға бөлінетін республикалық қаржының жеткіліксіздігі негізгі ішкі фактор болып табылады.

Сумен қамтамасыз етуге ықпал ететін негізгі ішкі факторларға мыналар жатады:

сумен жабдықтау жүйесінің меншік иесінің анықталмауы;

ауыз суды өндіріп тұрғындарға тарату қызметін көрсететін пайдаланушы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды құру;

ауыз суды өндіріп тарату қызметіне тарифтік құнының бекітілмеуі;

ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын ерекше маңызды локалды жүйелерден ауыз су беру қызметінің құнын субсидиялау.

Стратегиялық бағыт 2. Облыстың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандарының үздіксіз жұмысы және динамикалық дамуы

2.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.

2011 жылы облысымыздың аудан орталықтарының электрмен жабдықтау жүйесін дамыту жобаларының құны 1 444 млн. теңгені құрайды, құрылысы 3 жылға ұласады. Осы бағытта 7 аудан бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге үстіміздегі жылы 546,391 млн теңге қаржы бөлінді. Осы жұмыстарды жүргізу барысында аудандарда 34,2 шақырым электр желісі тартылып, 5 тарату пункттері және 10 қосалқы стансалар орнатылды. 2013 жылдың аяғында жоба бойынша 176 км электр желілер толығымен пайдалануға беріледі.

«ҚЭТТК» АҚ-ы 2011 жылы 223,4 млн. теңгеге өз қаржысы есебінен 1050,18 шақырым электр желілеріне және 198 қосалқы стансаларына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған болатын, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Облыстың жылумен жабдықтау саласын дамыту мақсатында 2011 жылы облыстық бюджеттен 35,1 млн. теңге бөлініп, аталған қаражатқа Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің жылу желісін кеңейтуге және облыс орталығының жылу желілерін қайта жыңғыртуға жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда, 4 нысан бойынша жоба-сметалық құжаттамалар әзірленіп, қалған 2 жоба мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға ұсынылды.

Соңғы жылдары облыс орталығының қарқынды дамуына байланысты қаламызда біртұтас жаңа тұрғын аудандар қалыптасып, аталған аумақтарды газдандыру үшін жаңа жоба-сметалық құжаттама әзірлеу қажеттілігі туындады. Осыларды ескере отырып облыстық бюджеттен 79,0 млн. теңге қаржы бөлініп, «Қызылорда қаласының жаңа мөлтек аудандарын газдандыру» жобасының жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстарын «ҚазТранГазАймақ» АҚ-ы қаржысы есебінен жүргізілу жоспарлануда, осы жұмыстар атқарылғанда Қызылорда қаласы газбен 100 % қамтылады.

2.2) Негізгі мәселелерді талдау

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қаржы жеткіліксіз, сондықтан коммуналдық қызметтерді тарату қызметінің тарифына қаралған қаржы есебінен инженерлік желілер мен құрал-жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізуге шектелген көлемде жүзеге асырылады.


    1. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Облыстың коммуналдық шаруашылық саласын дамытуда бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру көлемі негізгі ішкі фактор болып табылады.

3- бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар

мен нәтижелер көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері
1 - Стратегиялық бағыт: Облыстың энергетика, коммуналдық шаруашылық, елді мекендерді газдандыру салаларының динамикалық дамуы.

1.1. Мақсат. Облыс тұтынушылары тарапынан өсіп келе жатқан сұранымды үздіксіз және тәуелсіз электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында энергиямен жабдықтау жүйесін әрі қарай дамыту.

Белгіленген мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды (кіші бағдарлама):

Бюджеттік бағдарламалардың атауы мен коды

012 000 - Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне сумен жабдықтауға және су бұру жүйелерін дамытуға облыстық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері

007 011- Жылу- энергетикалық жүйені дамыту (Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен)

007 015- Жылу- энергетикалық жүйені дамыту (Облыстық бюджет қаражаты есебінен)


Нысаналы индикатор

(қол жеткізудің түпкілікті мерзімін (кезеңін) көрсету



Ақпарат

көзі


оның ішінде мәнді көрсетуімен

өлш. бірл.

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (есеп)

жоспарлы кезеңде

2011

жыл


2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

  1. Электрэнергияны ішкі энергия көздерінен өндіруді 2020 жылға дейін экономикалық тұтынуды қанағаттандыру үшін 100 % ұлғайтуды қамтамасыз ету

«ҚОЭжКШБ» ММ

%

-

32

30,4

50,8

49,2

47,6

75,5

2. Электр-жылу энергетикасында энергетикалық ресурстардың тұтынуын төмендету

«ҚОЭжКШБ» ММ

%

-

-

-

4

5

6

7

3. ТҮКШ энергетикалық ресурстардың тұтынуын төмендету

«ҚОЭжКШБ» ММ

%

-

-

-

1

2

2

4

Нысаналы индикаторға қол жеткізудің жолдары, тәсілдері мен әдістер:

1.1.1. Міндет. Электрэнергияны өндіруді ұлғайтуды ықпал ету



Нысаналы индикатор

(қол жеткізудің түпкілікті мерзімін (кезеңін) көрсету



Ақпарат

көзі


өлш.

бірл


2009

жыл (есеп)



2010

жыл (есеп)



жоспарлы кезеңде

2011

жыл


2012

жыл


2013 жыл

2014 жыл

2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жаңа қуат көздерін енгізу

«ҚОЭжКШБ» ММ

МВт




-

50

87

-

-

-

Электр энергияның өндіру көлемі

«ҚЖЭО» МКК

млрд.

кВт*ч


0,402

0,385

0,347

0,601

0,601

0,601

0,982

Электроэнергияның пайдалану көлемі

«ҚЭТТК» АҚ

млрд.

кВт*ч


1,1

1,2

1,14

1,18

1,22

1,26

1,3

Электр энергияның қайталама қөздерін қолданысқа енгізу

«ҚОЭжКШБ» ММ

МВт

-

-

0,04

-

-

0,04

0,04


Электр энергияның жалпы пайдалы көлемінен қайталама қөздерінің өндірген бөлігі

«ҚОЭжКШБ» ММ

%

-

-

-

0,02

0,02

0,03

0,04

Қолданыстағы электр желілерінің қайта жаңғырту және модерндеу

«ҚЭТТК» АҚ»

%

0,4

0,52

0,56

0,62

0,71

0,75

0,8

Электр қуатын өндіруге отын шығынының үлесін азайту

«ҚЖЭО» МКК

%

-

-

6,97

7,5

8,05

8,56

9,07

Жылу қуатын өндіруге отын шығынының үлесін азайту

«ҚЖЭО» МКК

%

-

-

6,79

7,28

8,62

10,5

11,6

Электр желілердегі шығындарды төмендету

«ҚЭТТК» АҚ»

%

16,8

16,3

16,1

16

16

15,9

15,8

Жылу желілеріндегі шығынды азайту

«ҚЖЭО» МКК

%

32

21

20

18

15

12,5

9

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс- шаралар

Жоспарлы кезеңдегі іске асырылу мерзімі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

Құмкөл газтурбиналы станциясында 25 меговаттан 2 қосымша ГТҚ салу

Х

Х










Ақшабұлақ кен орнында газотурбиналы электростанцияны салу




Х










ГТҚ №1 күрделі жөндеу

Х













ПТ-50-90/10 типтік №5 турбоагрегатты қайта жаңғырту










Х

Х

ҚЖЭО-нан Киняева көшесіне дейінгі жылу магистралын қайта

жаңғырту


Х

Х










Магистралдық жылу желілерін қайта жаңғырту







Х

Х

Х

Ауданаралық және квартал аралық жылу жүйелерін күрделі жөндеу

Х

Х

Х

Х

Х

Электр энергияның қайталама қөздерін қолданысқа енгізу

Х







Х

Х

Электр желілері мен қосалқы стансаларын қайта жаңғырту және модерндеу
















Электр желілер:
















Кернеу классы, кВ
















110 кВ
















Ұзындығы, км

922,2

922,2

922,2

922,2

922,2

Тозығы жеткені, %

48

46

44

42

42

35 кВ
















Ұзындығы, км

2466,58

2466,58

2466,58

2466,58

2466,58

Тозығы жеткені, %

49

48

47

46

46

10 кВ
















Ұзындығы, км

2647,97

2647,97

2647,97

2647,97

2647,97

Тозығы жеткені, %

50

47

45

43

41

0,4 кВ
















Ұзындығы, км

2982,3

2982,3

2982,3

2982,3

2982,3

Тозығы жеткені, %

51

49

47

45

43

220/35/10 кВ қосалкы стансасы

2

2

2

2

2

Трансформаторлар саны

4

4

4

4

4

Қуаттылығы, МВА

60,6

60,6

60,6

60,6

60,6

Тозығы жеткені, %

50

49

47

45

43

110/35/10 кВ қосалкы стансасы

4

4

4

4

4

Трансформаторлар саны

8

8

8

8

8

Қуаттылығы, МВА

52,9

52,9

52,9

52,9

52,9

Тозығы жеткені, %

52

50

48

46

45

110/10 кВ қосалкы стансасы

3

3

3

3

3

Трансформаторлар саны

3

3

3

3

3

Қуаттылығы, МВА

7,5

7,5

7,5

7,5

7,5

Тозығы жеткені, %

52

50

48

46

45

35/10 кВ қосалкы стансасы

108

108

108

108

108

Трансформаторлар саны

133

133

133

133

133


Қуаттылығы, МВА

353,3

353,3

353,3

353,3

353,3

Тозығы жеткені, %

50

48

44

40

36

10/0,4 кВ ТП, КТП(Н)

1521

1521

1521

1521

1521

Трансформаторлар саны

1746

1746

1746

1746

1746

Қуаттылығы, МВА

232,6

232,6

232,6

232,6

232,6

Тозығы жеткені, %

54

52

50

48

46

Энергия үнемдеу саясатын жүзеге асыру
















Электр қуатын өндіруге отын шығынының үлесін азайту г/кВт*сағ

420,4

418,0

415,5

413,2

410,9

Жылу қуатын өндіруге отын шығынының үлесін азайту кг/Гкал

174,1

173,2

170,7

167,2

165,2


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет