Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы



бет1/2
Дата23.02.2016
өлшемі349 Kb.
#10470
  1   2


Қызылорда облысы әкімдігінің

2013 жылғы « 4 » қаңтар 739 қаулысымен

бекітілген

«Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

2011-2015 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары

Мазмұны


1-бөлім.

Миссиясы және пайымы

2-бөлім.

Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының (аяларының) даму үрдістері

3-бөлім.

Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері

4-бөлім.

Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

5-бөлім.

Ведомствоаралық іс-әрекет

6-бөлім.

Тәуекелдерді басқару

7-бөлім.

Бюджеттік бағдарламалар

1-бөлім. Миссиясы және пайымы



Миссиясы: мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру, жастарды еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатыстыруға бағытталған кешенді шаралар жүргізу.


Пайымы: облыстағы жастар арасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылық, төзімді этносаралық және конференсиялық қатнастар дамыған үкіметтік емес сектор, жастардың әлеуметтік құқығы мен мемлекеттік кепілдіктерінің толықтығы бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының (аяларының) даму үрдістері

1.1-стратегиялық бағыт. Жастардың дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау, оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмылдыру

1.1) реттелетін саланы немесе қызмет аясын қоғамдық-саяси сала инфрақұрылымының жағдайын дамытудың негізгі параметрлері

2012 жылы облыста 56 жастар қоғамдық бірлестігі тіркелген, оның ішінде 29 жастар бірлестігі белсенді жұмыс атқарады, оның ішінде құқықтық мәдениетті қалыптастыратын, жастарға олардың құқықтары, бостандықтары мен мүдделері бойынша әлеуметтік, ақпараттық-кеңес берушілік көмек көрсететін ұйымдар құрайды.

Мемлекеттік жастар саясаты жастардың патриоттығын және үздіксіз рухани тәрбиелеу жүйесін, адамның тууы мен дамуы үшін тұтас инфрақұрылымның қалыптасуы үшін жағдай жасауды өз алдына мақсат етіп қояды.

Статистикалық органдардың 2012 жылдың ұсынған мәліметіне сәйкес Қызылорда облысында Байқоңыр қаласы жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында 205 057 азамат тіркелген, оның ішінде қала жастары - 81 519 (39,7 %), ауыл жастары - 123 538 адам (60,3 %). Қызылорда облысында жастар өңірдегі жалпы халықтың 28,7 % - ын құрайды.

Жастар ортасындағы жас азаматтардың үміттері мен қауіптерінің үрдісін бейнелейтін әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері 2011 жылдан бастап «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы негізінде «Сыр медиа» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жанындағы ақпараттық талдау орталығы арқылы Қызылорда облысы жастарының әлеуметтік-экономикалық көңіл күйлерін зерделеу және жастар арасындағы өзекті мәселерді анықтау үшін тоқсан сайын «Қызылорда облысы жастарының әлеуметтік-экономикалық көңіл-күйлерін зерделеу және жастар арасындағы өзекті мәселелерді анықтау» тақырыбында әлеуметтік сауалнама жүргізіліп тұрады.

Жетістіктер мен қол жеткізілген табыстар. Соңғы жылдары елімізде жастармен бірге атқарылатын жұмыстар жолға қойылды – облыстық, аудандық, қалалық әкімдіктер жанында жастар ісі жөніндегі кеңестер құрылды, жаңа жастар қоғамдық бірлестіктері тіркелуде, облыс аудандарын қоса, әлеуметтік қызметтер жұмыс атқаруда. Жыл сайынғы өткізілетін жастар форумдары, патриоттық марштар, фестивальдер, кәсіби конкурстар дәстүрге айналды, жастарды әлеуметтік қолдаудың әр түрлі формалары енгізілуде.

Қаржыландыру. 2003 жылмен салыстырғанда қазіргі таңда қаржыландыру үш есе көбейді. 2007 жылы жастар саясатын жүзеге асыруға 8,9 миллион теңге бөлінсе, 2008 жылы – 13,5 миллион теңге, 2009 жылы – 13,5 миллион теңге, 2010 жылы – 14,6 миллион теңге, 2011 жылы - 19,1 миллион теңге, 2012 жылы - 27 миллион тенге қаралды.

Жыл басынан бері «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру» бағдарламасы бойынша 4 ауқымды шара, 2 әлеуметтік жоба және 9 әлеуметтік қызмет жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, жастар бастамаларын қолдау мақсатында бюджеттік емес көздерден қаржыландыру қарастырылған.

Облыс әкімдігі, «Қызылорда жастары» заңды тұлғалар Қауымдастығы және «Игілік» корпоративтік қоры арасында Меморандумға қол қою арқылы жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аталмыш меморандум аясында 2012 жылы облыс жастар қоғамдық бірлестіктерімен ұсынылған 3 жоба қолдау тауып, жүзеге асырылу көзделуде.

Мұнан өзге, жастар саясатын қалалық, аудандық деңгейде жүзеге асыру мақсатында 2012 жылы қалалық, аудандық бюджеттерден 19 миллион 130 мың теңге бөлініп, әлеуметтік қызметтер ұйымдастырылып, жұмыстар атқарылуда.

Сондай-ақ, қоғамдық көлікте жеңілдікпен қатынау үшін тұрмысы төмен отбасылардан шыққан күндізгі оқу орнында оқитын студенттерге қолдау көрсету 2012 жылы да жалғасын тауып, облыстық бюджеттен 3482 жасқа 59 миллион 800 мың теңге бөлінді.

1.2) негізгі проблемаларды талдау

2012 жылғы желтоқсан айында жүргізілген нәтижесі бойынша жастар арасындағы өзекті мәселелердің ішінде жұмыссыздық мәселесі алдыңғы қатарда тұр. Аталған мәселені шешу мақсатында «Жасыл ел» еңбек, құрылыс, педагогикалық жасақтарының қызметі ұйымдастырылып келеді. 2005 жылдан 5000-ға жуық жастар жазғы кезеңде «Жасыл ел» жасақтарында қызмет атқарды.

Жастардың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмауы және бос уақытының тиімді пайдаланылмауы себептерінен жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстылық орын алады. Осыған орай, аталған мәселені шешу мақсатында тұрғылықты жерлері бойынша аула клубтары желісін дамыту қажет. Қазіргі таңда облыс көлемінде 94 аула клубы қызмет атқаруда.

1.3) сыртқы және ішкі негізгі факторларды бағалау



Сыртқы факторлар

Елдегі тұрақсыздық, ақпараттық кеңістіктен әр түрлі мәліметтер таралуы, экономиалық-әлеуметтік даму көрсеткіштерінің төмендеуі, ішкі миграцияның күшеюі, әр түрлі діни ағымдардың әсері.

Ішкі факторлар

Жастардың белсенділігінің төмендігі, ақпараттық-насихаттық жұмыстың кең көлемде жүргізілмеуі, жастар саясатына қажетті карлардың жетіспеушілігі, жастар әлеуетінің дамымауы, ведомстворалық жұмыстың әлсіздігі.
2.2 - стратегиялық бағыт. Жастардың азаматтық белсенділігін, қазақстандық патриотизм, рухани, кәсіби және интеллектуалды даму деңгейін көтеру.

2.1) реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Желтоқсан айында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша қатысушылардың 56 пайызы «Облыс, қала, аудан басшылығы жастар мәселесіне жеткілікті деңгейде көңіл аударуда» деп жауап берсе, 86 пайызы өздерін патриот деп санайтындықтарын көрсетті. Жалпы тұрғындарға қарағанда жастардың өздерінің қазіргі сәттегі жағдайларына оптимистік тұрғыда қарауы айқын байқалады.

Осы кезеңде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны тұрақты өсті. Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың басында 2007 жылы спортпен шұғылданушылар саны облыс тұрғындарының 7,2% құраса, 2011 жылы 20,9% құраған. Оның ішінде 297- жалпы білім беретін мектептерде 59735 оқушы, 14- кәсіптік лицейде 2608 оқушы, 20 - орта оқу орындарында 5759 студент, 5 – Жоғарғы оқу орындарында 2348 студент жастары, 8 - жасөспірімдер клубында 1859 жасөспірім, 19- сауықтыру клубында 3093 адам, 2 – кәсіпқой спорт клубында 161 спортшы, барлығы 75563 жастар спортпен шұғылданады.

Қазіргі таңда, жастардың қатысуымен облыста өткізілетін бұқаралық-спорттық және дене шынықтыру сауықтыру іс-шараларының саны артып келеді, 2010 жылы 1394 іс-шараға 410528 адам қатысса, 2011 жылы 1440 іс-шараға 419200 адам қатысқан.

283 білім беру мектептерінде 3 сағаттық дене шынықтыру сабақтары енгізілген, бұл мектептердің 97,2%-ын құрайды.

Жастар денсаулығын қорғау, олардың толық жағдайда медициналық және психо-әлеуметтік көмек алуын қамтамасыз ету, жастардың денсаулығын қорғау жөнінде өңірлік салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары жанында немесе қалалық емханаларда арнайы «жастар денсаулығы орталығын» ашу келелі мәселелердің бірі болып келгендігі жасырын емес. 2012 жылы, облыс әкімінің қолдауымен қаламыздағы №3 емхана жанынан «Шапағат» жастар денсаулығы» орталықтары ашылды.

2.2.) негізгі проблемаларды талдау

Алайда, жастардың патриоттық көзқарастарына діни экстермизм, терроризмнің әсері, батыс мәдениетіне еліктеуі өз әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар, жастар арасында ортақ идеологияның жоқтығы жастардың әртүрлі топтарға бөлінуіне әкеліп отыр.

Осыған орай, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және азаматтық белсенділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Сонымен қатар, әскери спорттық клубтардың жұмысын ұйымдастыру, патриоттық клубтардың жұмысын күшейту, патриоттық акция, шеру, әскери бөлімдер мен мұражайларға экскурсия ұйымдастыру бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

Жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларын және суицидалды мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша медико-психологиялық көмек көрсету қызметтері мен кабинеттерін ұйымдастыру арқылы профилактикалық жұмыстарды күшейту - уақыт сұранысы. Оның ішінде жастарға денсаулық және анонимдік кеңестер беру, сенім телефондарының жұмысын жетілдірудің маңызы зор.

Тағы бір айта кетерлігі – жастардың арасындағы зиянды әдеттерге әуестену. Нашақорлық пен арақ құмарлық та күрделі мәселелер қатарында тұр. Салауатты өмір салтын ерте бастан ұстану қажеттігі болса, оның бір парасы – салауатты да дұрыс тамақтана білу. Қазіргі уақытта жастарымыздың көбісі, дайын өнімдер мен жартылай дайындалған өнімдерге әуестеніп алды. Олардың барлығы асқазан және ішкі аурулар, қан аздық, иод жетіспеушілігі салдарынан болатын көптеген аурулардың ошағына айналады.

2.3) сыртқы және ішкі негізгі факторларды бағалау

Сыртқы фактор. Әлеуметтік желілерден берілетін ақпараттың және жарнамалардың әсері, түрлі діни ағымдардың әсері, жаһандану процесінің қарқыны.

Ішкі фактор. Әлеуметтік қызметтердің жұмысының толық деңгейде ұйымдастырылмауы, жастар арасында түсіндірмелік шаралар барысында жастардың кең көлемде қамтылмауы, тәрбиелік жұмыстың ұйымдастырылмауы, дер кезінде мониторинг жүргізілмеу.
3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері

3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері

1-стратегиялық бағыт. Жастардың дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау, оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмылдыру

1-мақсат. Жастардың мемлекеттік кепілдіктері мен әлеуметтік құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету

Аталған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарлама коды (283)


Нысаналы индикаторлар;

(қол жеткізудің түпкілікті мерзімін (кезеңін) көрсету



Ақпарат көзі

өлшем

бірлігі


оның ішінде аралық мәнді көрсете отырып

есепті кезеңде

жоспарлы кезеңде

2009

жыл


2010

жыл


2011

жыл


2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. 14 - 29 жас аралығындағы тұрғындардың мемлекеттік жастар саясатына қатысты қанағаттанарлық деңгейі

әлеуметтік зерттеулер

%

70

65

70

70

70

71

72

2. әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қатысатын республикалық жастар ұйымдарының саны

есеп

%

-

-

-

-

20

30

30

3.жергілікті деңгейде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қатысушы жастар ұйымының үлесі

өңірлік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша есеп

%

40

50

52

53

54

55

56

4. жастарға арналған әлеуметтік қызметтер желісі (жастар ұйымдарын қолдайтын және дамытатын ресурстық орталықтары)

өңірлік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша есеп

саны

-

8

9

7

7

7

7

5. жастарға арналған әлеуметтік қызметтерге тартылған жастар саны

қызмет көрсетілген жастар саны

адам саны

32 000

34 000

36 000

28 000

28 000

28 000

28 000

6. жастарының әлеуетін арттыру деңгейі

әлеуметтік зерттеулер

%

40

45

50

55

55

56

57

7. жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі

статистикалық мәлімет

%

7,1

6,5

6,7

6,9

6,8

6,7

6,6

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, тәсілдері мен әдістері:

1.1.1-міндет Жастарды мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз ету




Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

өлшем

бірлігі


2009

жыл


2010

жыл


жоспарлы кезең

2011 жыл

2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға тартылған жастар ұйымдарының саны

әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурстың нәтижелері

дана

6

8

10

10

10

10

10

2. әлеуметтік тәуекелділікті төмендету бойынша жастардың мәдени және профилактикалық шараларға қатысуын қамтамасыз ету

аталған іс шараларға қамтылған жастар саны

адам саны

800

850

850

850

850

850

850

3. ауылдық жерлерде жұмыс істейтін дипломы бар жас мамандардың саны

есеп

адам саны

-

705

568

548

271

271

271

4. еңбек, құрылыс және педагогикалық жасақтарға тартылған жастар саны

облыстық еңбек штабының есебі

адам саны

900

750

750

540

540

540

540

5. шығармашыл жастарды қолдау жөніндегі іс-шаралар саны

қызметті жүзеге асыру бойынша есеп

адам саны

4

5

5

5

10

12

14

6. аула клубтары қызметіне тартылған жастар саны

қызметті жүзеге асыру бойынша есеп

адам саны

-

-

800

800

810

815

820

7. мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында жастардың шешім қабылдауға қатысу саны

мониторинг жүргізу

адам саны

750

1775

1350

1500

1505

1510

1515

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңдегі іске асырылу мерзімі

2011

жыл


2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1. жергілікті деңгейде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру

Х

Х

Х

Х

Х

2. Қызылорда облысы бойынша жастардың студенттік жасақтарының қозғалысын дамыту

Х

Х

Х

Х

Х

3. дарынды жастарды қолдау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру

Х

Х

Х

Х

Х

4. мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру

Х

Х

Х

Х

Х


1.1.2-міндет. Азаматтарға патриоттық тәрбие беру және жастардың көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу


Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

өлшем

бірлігі


2009

жыл


2010

жыл


жоспарлы кезең

2011 жыл

2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

  1. жастардың әлеуметтік оптимистік көңіл-күй деңгейі

әлеуметтік зерттеу

%

-

82

79

80

80

80

80

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңдегі іске асырылу мерзімі

2011

жыл


2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1. жергілікті деңгейде жастарға әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасына, жастар саясаты және патриоттық тәрбие беру бағдарламаларының тиімді жүзеге асырылуына тиімділігін мониторинг жүргізу

Х

Х

Х

Х

Х

2. жергілікті деңгейде жастардың әлеуметтік-экономикалық саладағы қажеттіліктерінің қанағаттандырылу деңгейіне мониторинг жүргізу

Х

Х

Х

Х

Х

2.2-стратегиялық бағыт. Жастардың азаматтық белсенділігін, қазақстандық патриотизм, рухани, кәсіби және интеллектуалды дамуы деңгейін көтеру

2.1-мақсат. Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, отансүйгіштік сезімін, жоғары руханилығын және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру

Аталған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарлама коды (283)




Нысаналы индикатор

(қол жеткізудің түпкілікті мерзімін (кезеңін) көрсету



Ақпарат көзі

өлшем

бірлігі


оның ішінде аралық мәнді көрсете отырып

есепті кезеңде

жоспарлы кезеңде

2009

жыл


2010

жыл


2011

жыл


2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. жастардың патриоттық деңгейі (сауалнама қорытындысы бойынша)

әлеуметтік зерттеу

%

40

92

78

78

78

79

79

2. ауылдық жерлерде тұратын жастардың белсенділік деңгейі

әлеуметтік зерттеу

%

40

62

55

60

61

62

63

3. жастардың кәсіби деңгейін арттыру

тиісті мемлекеттік органның есебі

%

50

75

65

70

75

80

80

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, тәсілдері мен әдістері:
2.1.1-міндет Азаматтарға патриоттық тәрбие беру және жастардын көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу


Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

өлшем

бірлігі


2009

жыл


2010

жыл


жоспарлы кезең

2011 жыл

2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. жастар саясаты және патриоттық тәрбие беру саласындағы іс-шараларды жүзеге асыруға қатысатын жастар үлесі (жастардың жалпы санынан алғанда)

әлеуметтік зерттеу

%

-

18

19

22

23

24

25

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңдегі іске асырылу мерзімі

2011

жыл


2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1. жастардың патриоттық, тарихи-өлкетану, экологиялық, мәдени бағыттағы жобаларға қатысу үлесінің артуы

Х

Х

Х

Х

Х

2. студенттік кеңестер, қызығушылықтары бойынша клубтар жастар ісі жөніндегі комитет жастар үкіметтік емес ұйымдарының қызметтерін дамытуға жағдай жасай отырып студенттерді жоғары оқу орындарындағы тәрбиелік жұмыстарға тарту

Х

Х

Х

Х

Х

3. көшбасшылық қасиеттері және ұйымдастырушылық қабілеттері бар, оқытуға жіберілген студенттерарасында белсенді жас азаматтардың «Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобалардың жүзеге асырылуы

Х

Х

Х

Х

Х

4. жастар бағдарламаларын және әлеуметтік роликтерді жергілікті телеарна мен әлеуметтік желілер арқылы шығару және көрсету

Х

Х

Х

Х

Х

2.1.2-міндет. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын нығайту




Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

өлшем

бірлігі


2009

жыл


2010

жыл


жоспарлы кезең

2011 жыл

2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы шаралармен қамту деңгейі

тиісті жергілікті мемлекеттік органның есебі

%

-

-

-

20

21

22

23

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңдегі іске асырылу мерзімі

2011

жыл


2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1. жастарды спорттық секцияларына және балалар-жасөспірімдер мектептеріне тарту (барлық оқушылар санынан)

-

Х

Х

-

-

2.1.3-міндет. Жастарды белсенді түрде жастар ұйымдары қызметтеріне тарту




Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

өлшем

бірлігі


2009

жыл


2010

жыл


жоспарлы кезең

2011 жыл

2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. жастар ұйымдары қызметіне қатысатын жастар үлесі

жастар ұйымдарының қызметінде тартылған жастар саны

%

5

22

22

22

22

23

24

2. мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдарды шығару

ресми мәлімет

дана

-

3

3

3

4

5

5

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңдегі іске асырылу мерзімі

2011

жыл


2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


  1. жастарды қоғамдық көгалдандыру жұмыстарына тарту

Х

Х

Х

Х

Х

  1. әлеуметтік және жарнамалық әлеуметтік роликтерді әзірлеу және көрсетілімін ұйымдастыру және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында қызығушылықтары бойынша клубтардың және жастар бірлестіктерінің қызметі туралы мәліметтерді жариялауды ұйымдастыру

Х

Х

Х

Х

Х

3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі




Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттың атуы

1

2

1.1-стратегиялық бағыт. Жастардың дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау, оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмылдыру

1.1-мақсат. Жастардың мемлекеттік кепілдіктері мен әлеуметтік құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету

2.2-стратегиялық бағыт. Жастардың азаматтық белсенділігін, қазақстандық патриотизм, рухани, кәсіби және интеллектуалды дамуы деңгейін көтеру

2.1-мақсат. Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, отансүйгіштік сезімін, жоғары руханилығын және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру




1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңы;

2. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы;

3. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы;

4. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауы;

5. «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауы.


4-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту




Стратегиялық бағыттың атауы, мемлекеттік органның мақсаттары мен

міндеттері



Стратегиялық бағытты іске асыру жөніндегі

іс-шаралар және мемлекеттік органның мақсаты



Іске асыру кезеңі

1

2

3

1.1-стратегиялық бағыт. Жастардың дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау, оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмылдыру

1.1-мақсат.Жастардың мемлекеттік кепілдіктері мен әлеуметтік құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету

1.1.1-міндет Жастарды мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз ету;

1.1.2-міндет. Азаматтарға патриоттық тәрбие беру және жастардың көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу;

2.2-стратегиялық бағыт. Жастардың азаматтық белсенділігін, қазақстандық патриотизм, рухани, кәсіби және интеллектуалды дамуы деңгейін көтеру

2.1-мақсат. Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, отансүйгіштік сезімін, жоғары руханилығын және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру

2.1.1-міндет Азаматтарға патриоттық тәрбие беру және жастардын көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу;

2.1.2-міндет. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын нығайту;

2.1.3-міндет. Жастарды белсенді түрде жастар ұйымдары қызметтеріне тарту



1.Жастар арасында мониторинг жүргізу, аймақтағы қоғамдық-саяси жағдайға болжам жасау;

2. Жергілікті деңгейде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда нарықтық механизм дамуының теңгерімділігі;

3.Қоғамдық бірлестіктермен, қоғамдық пікір қалыптастыру өкілдерімен өзара байланыс.

4.Гендірлік теңдік саясатын жүзеге асыру.



2011-2015

жылдар



5-бөлім. Ведомствоаралық іс-әрекет



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет