Қызылорда облысы тжд өрт сөндіру және авариялық құтқару



Дата11.07.2016
өлшемі51.91 Kb.
#190730
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару

жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі үшін қысымды өрт жеңдерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамасы


Қызылорда қаласы

2011 жылғы 23 мамыр

 

1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:

Комиссия төрағасы:

Ә.Көкеев -


мекеме бастығының орынбасары



Комиссия төрағасының орынбасары:

И.Досжан -


қаржы басқармасының бастығы



Комиссия мүшелері:

Ә.Қуандықов -


мемлекеттік сатып алу, активтер және материалдық техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы



Ә.Әбілқасымов -

техникалық қызмет өрт бөлімінің бастығы

Ж.Мырхиева -

құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

Комиссия хатшысы:

М.Кулькеев -


мемлекеттік сатып алу, активтер және материалдық техникалық жабдықтау бөлімінің бас маманы



2011 жылғы 23 мамыр күні, сағат 15–00 де Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі 105 мекен–жайда мекеменің мәжіліс залында конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.

2. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті өнім берушілерге берілді:

1) «ТехноСтройИнжиниринг» ЖШС. Қызылорда қаласы, Байсейтова көшесі, 102 офис.

2) «ҚызылордаГазСтройИнжиниринг» ЖШС. Қызылорда қаласы, Айтбаев көшесі, 33 офис.

3) «ҚызылордаСтройСантехСервис» ЖШС. Қызылорда қаласы, Ақмешіт мөлтек ауданы, 20/166 офис.

4) «Обл ДПО» АҚ. Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі, 24 офис.

5) «ДөйтГазПожСервис» ЖШС. Қызылорда қаласы, Мерей мөлтек ауданы, 15/34 офис.

3. Өтінімдері ашылмай кері қайтарылған әлеуетті өнім берушілер болған жоқ.

4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін №1,2,3,4 ЛОТ-тар бойынша белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі:

- «ДөйтГазПожСервис» ЖШС. Қызылорда қаласы, Мерей мөлтек ауданы 15/34. 2011 жылғы 23 мамыр күні 15 сағат 00 минутта ашылды және конкурсқа қатысуға өтінімі мыналарды қамтиды:

«ДөйтГазПожСервис» ЖШС.

1) Конкурсқа қатысуға өтінімі, 3,5 беттерде;



2) Нотариалды куәландырылған 2008 жылғы 18 қаңтар күнімен 7235-1933-ЖШС номерлі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігі, 7 бетте;

3) Нотариалды куәландырылған серіктестіктің Жарғысы, 9 беттен 25 беттерде;



4) Серіктестіктің директорын тағайындау үшін 2011 жылғы 03 қаңтар күнімен №1 шешім, 27 бетте;

5) Нотариалды куәландырылған қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою куәлігі, 29 бетте;

6) Нотариалды куәландырылған салық төлеушіні тіркеу куәлігі, 31 бетте;

7) Нотариалды куәландырылған статистикалық карточкасы, 33 бетте;

8) Нотариалды куәландырылған 2009 жылғы 27 қаңтар күнімен 12-ГСЛ №0000626 номерлі мемлекеттік лицензия қосымшаларымен 35 беттен 47 беттерде;

9) Нотариалды куәландырылған күзет дабыл құралдарын монтаждау, жобалау және техникалық қызмет көрсетумен айналысуға мемлекеттік лицензия, 49 бетте;

10) Төтенше жағдайлар саласы мекемелерінен алынған хаттамалары мен хаттар, 51,53 беттерде;

11) Нотариалды куәландырылған құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне, өрт және күзет сигналдары жүйелерін қондыруға 2009 жылғы 07 қыркүйек күнімен ҚР СТ ИСО 9001-2001 сапа менеджментінің жүйелері талаптарына сәйкес сәйкестік сертификаты, 55 бетте;

12) Қызылорда қаласы бойынша «Салық басқармасы» мемлекеттік мекемесінен 2011 жылғы 28 сәуір күнгі жағдай бойынша алынған салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтамасы, 57,59,61 беттерде;

13) «Халық Банк» АҚ 2011 жылғы 04 мамыр күнімен қарызы жоқтығы жөнінде анықтама, банктің сенім хаттарымен, 63 беттен 69 беттерде;

14) 2010 жылдың бухгалтерлік теңгерімі, 2011 жылғы 01 қаңтар күнімен 71 беттен 79 беттерде;

15) Біліктілігі туралы мәліметтер, 81 беттен 109 беттерде;

16) Нотариалды куәландырылған «Абу-Сер» ЖШС-мен арадағы 2010 жылғы 01 қараша күнімен автотехникаларды жалға алу туралы шарт, 111 бетте;

17) Жалға алынған автотехникалардың техникалық құжаттарының көшірмелері, 113 бетте;

18) Нотариалды куәландырылған автотехникаларының техникалық құжаттары, 115 беттен 125 беттерде;

19) Атқарған жұмыс сапасына 42 мекемеден пікірлері, 127 беттен 209 беттерде;

20) Құрылғыларды сатып алғандығы туралы шот-фактура мен жүкқұжаттар көшірмелері және құрылғылардың техникалық құжаттарының көшірмелері, 211 беттен 239 беттерде;

21) Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт, 241 беттен 251 беттерде;



Өтінім тігіліп мөрленген 254 бет деп көрсетілген.

Техникалық бөлім:

1) Сатып алынатын тауарлардың тізімі үлгіге сәйкес, 3,5 беттерде;

2) Сатып алынатын тауарлардың техникалық мінездемесі үлгіге сәйкес, 7 бетте;

3) Тауар тасымалдап жеткізуге кесте, 9 бетте;

4) Комиссия төрағасының атына берілген тауар тасымалдау тәсілі мен әдісіне, тауар сапасына тауардың мерзімінде жеткізілуі мен 6 жыл мерзімге сапасына кепілдік беру жөніндегі хаттары, 11 беттен 25 беттерде.

Техникалық бөлім тігіліп мөрленген 28 бет деп көрсетілген.

Банктік кепілдік 2011 жылғы 20 мамыр күнімен, 89 166 теңге 50 тиын;

5. Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім беруші қатысты:

1) «Дөйт газ пож Сервис» ЖШС. Қызылорда қаласы, Мерей мөлтек ауданы 15/34, сенім хатпен Мұсаханов Алтай Мұсабайұлы.
 

Комиссия төрағасы:

________________________Ә.Көкеев



Комиссия төрағасының орынбасары:


________________________И.Досжан


Комиссия мүшелері:


________________________Ә.Қуандықов




________________________Ә.Әбілқасымов



________________________Ж.Мырхиева




Комиссия хатшысы:

________________________М.Кулькеев




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет