Қызылтау ауылдық округінің әкімі Руслан Рахметоллаұлының 2014 жылғы тұрғындар алдында беретін есебінің жобасы



Дата25.02.2016
өлшемі63.41 Kb.
#24681
Қызылтау ауылдық округінің әкімі

Руслан Рахметоллаұлының

2014 жылғы тұрғындар алдында беретін есебінің жобасы

Қызылтау ауылдық округіне төрт елді мекен кіреді. Ж.Аймауытов, Ақши, ТЭЦ, Лекер ауылы. Барлығы 243 отбасы, халықтың саны 1297 адам. Оның ішінде 145 зейнеткер, 22 тыл ардагері, 35 алатын алқа, 25 күміс алқа иегерлері бар. Сондай-ақ округте 1 жалпы орта, 1 жалпы негізгі орта, 1 бастауыш мектеп, 2 мектепшілік балабақша, 1 дәргерлік амбулатория, 3 азық-түлік дүкені халыққа қызмет көрсетуде. Төрт елді мекенде және қыстақтарда 231 телефон нүктесі жұмыс істейді. Ауылшаруашлық нысандарына келетін болсақ округте 47 шаруа қожалығы, 1 серіктестік бар. Олар мал басын арттырумен қатар ауыл тұрғындарына көмек жасап, мәдени-спорттық іс шараларға үнемі демеушілік көрсетуде.

Жыл бойы Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлықтарын, облыс, ауданның өкілетті басқару органдарының шешеімдерін орындау жөнінде жұмыстар жүргізу үнемі назарда ұсталды. Азаматтардың өтініштерімен үнемі жұмыстар жасалып, олар уақытында қаралып оң шешімін табады.
Әлеуметтік саласы бойынша

Округіміздің әлеуметтік – экономикалық негізгі қадамдары: жұмыссыздықты төмендету, денсаулық сақтау мен білім беру қызметінің сапасын арттыру, елді-мекендерді көріктендіру мен тазалық жұмыстары және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамның тұрақтылығы мен бірігуін одан әрі дамыту.

Халықты жұмыспен қамту мәселесі жергілікті атқару органдар қызметінің маңызды бағыты. Аудандық жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған 38 адам болса, олар жыл бойына кесте бойынша 19 адам қоғамдық жұмыстарға тартылып отырды. Атаулы әлеметтік көмек алушы отбасылар саны жыл басынан 3 отбасы болса, екінші жартыжылдықта отбасы мүшелерінің зейнетақыға шығу және тұрақты жұмысқа қабылдануына байланысты әлеуметтік көмек алушылар отбасы жоқ. Жыл басынан бері 11 адам тұрақты жұмысқа қабылданса, 3 адам маусымдық жұмысқа қабылданды. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 2014 жылы 1 адам біліктілігін арттырып, қазіргі таңда өз қызметімен айналысуда.

Округ бойынша 2014 жылдың қараша айында жалғыз басты аналарға, мүгедектерге және тұрмысы төмен отбасыларға 2 тоннадан қатты отынмен 20 отбасына қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Елдің елдігін, имандылық, құрмет, тәрбие парасаттылығын сынға салатын қастерлі орын, ол - мешіт. Ж.Аймауытов ауылының мешітіне жас имам Хусейн Садихан тағайындалып, бүгінгі күні халыққа қызмет атқаруда. Ауылымызға келген имамға әкімшілік тарапынан баспанамен көмек көрсетіліп, уақытша үй мәселесі шешіліп берілді.
Ауыл шаруашылық саласы бойынша

Ауыл шаруашылық нысандарына келетін болсақ, жоғарыда аталған 1 серіктестік, 47 шаруақожалықтары бар болса, оның ішінде 13 шаруа қожалығы асыл тұқымды ірі қара мал өсірумен айналысуда. Ауылдық округ бойынша мал саны жылдан жылға артуда. Биылғы жылы 1-ші қаңтардың санағы бойынша ірі қара мал саны - 7625 бас, қой мен ешкі – 22546 бас, жылқы саны - 3835 басқа жетті. Ауылдық округ аумағында мал азығын дайындау мақсатында 13 шаруа қожалығына арзандатылған бағамен 26 тонна жанармай берілді. Ауылдық округтегі елді мекендердегі барлық нысандағы малдарға малдәрігерлік профилактикалық іс-шаралардың белгіленген мерзімде өткізілуі үнемі бақылануда. 2014 жылы ауыл шаруашылық өнімдері Астана қаласына 1 рет, Павлодар қалаларына 2 рет жәрмеңкелерге жеткізіліп, қала тұрғындарына ұсынылды.

Өз шаруашылықтарын дамыту мақсатында «Сыбаға», бағдарламаласы бойынша «Қаныш» ШҚ-ның басшысы Тасыбаев Айтмұхамед Қазезұлы, «Айтышко» ШҚ-ның басшысы Хамитов Айтышко, «Қали» ШҚ-ның басшысы Ахметов Муслим Төлеуұлы, «Нұрмұхан» ШҚ-ның басшысы Мұқашева Айгүл Сейтжанқызы төмендетілген пайызбен несие алып, өз шаруашылықтарын дамытуда.

Көріктендіру және санитарлық жұмыстары

Көріктендіру және санитарлық жұмыстары жергілікті тұрғындардың және мекемелердің қатысуымен өз дәрежесінде өтті. Мамыр-маусым айында мекемелер ұжымы мен оқушылардың қатысуымен сенбіліктер өткізілді. Округтің елді мекендерінде санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу үшін былтырғы жылы 229 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні 229 мың теңге игерілді. Бұл жұмыстарға Баянауыл ауданының «Серпіліс» МКҚК-ның МТЗ-82 2 тракторы қатысты. Сонымен қатар округ бойынша 63 бос жүрген иттер атылды. Ж.Аймауытов елді мекеніндегі көң-қоқыстар шығарылып, арнайы жерге төгілді. Тыл ардагерлеріне бір реттік көмек көрсетіліп, аулаларынан көң-қоқыстар шығарылып берілді. Ж.Аймауытов ауылының маңында орналасқан Тұяқ Қажы зираты қоршалып, маңаты көң-қоқыстан тазаланды. Биылғы жылы Баянауыл-Жуантөбе тас жолын қардан тазалау жұмыстарына 627 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні бөлінген қаржының 627 мың теңгесі игерілді. Көше жарығына 1 млн. 276 мың теңге бөлініп, 100 пайыз игерілді. Бүгінгі күні Ақши ауылында 9, Ж. Аймауытов ауылында 64 және Лекер ауылында 7 көше прожеторлары көшелерді жарықтандыруда. Баянауыл- Угольное (Баянауыл – Лекер участогі) 0-18 км. тас, жолы орташа жөндеуден өткізілді.

Ауылдық округтегі елді мекендердегі барлық нысандағы малдарға малдәргерлік профилактикалық іс-шаралардың белгіленген мерзімде өткізілуі үнемі әкімнің бақылауында болды.
Білім беру саласы бойынша

2014-2015 оқу жылында округ бойынша 174 оқушы білім алып, 47 мұғалім еңбек етуде. Мектептерімізде әлеуметтік қорғалмаған, аз қамтамасыз етілген, тубвиражды, тубқатынас, көп балалы отбасынан, Д есептегі балаларға, жалпы саны 88 оқушыға бір мезгіл тегін тамақ беріледі. Жазғы демалыста Баянауыл сауықтыру лагеріне 18 оқушы жіберіліп, 94 оқушы мектепішілік лагерінде тегін демалды. Аз қамтамасыз етілген отбасынан 1 оқушыға әкімшілік қызметкерлер тарапынан 15000 теңге қаражатпен көмек көрсетіліп, сауықтыру лагеріне жіберілді. Күзгі демалыс уақытында 3 оқушы Астана қаласына саяхатқа жіберілді. Мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, білім деңгейі 67 пайызды құрады. Ж.Аймауытов атындағы ЖОББ мектебінен шалғай орналасқан ТЭЦ және Ескікөмір ауылдарындағы оқушыларды тасымалдау мақсатында Газель автокөлігі бүгінгі күні өз қызметін атқаруда. 2014-2015 оқу жылына кесте бойынша 1, 2 ауысым оқушыларын тасымалдау сызбасы бекітіліп, жалпы саны 35 оқушы аталмыш қызметті пайдаланып отыр. Биылғы жаңа оқу жыл басында «Мектепке жол» ақциясы ұйымдастырылып, акцияға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауылдық округ әкімшілігі және мектеп ұжымдары ат салысып, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасы оқушыларына киіммен және оқу-құралдармен көмек көрсетілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға жас мамандар келуде. Атап айтсақ, Лекер НОББ мектебіне технология пәнінің мұғалімі және Ж.Аймауытов атындағы ЖОББ мектебіне кітапханашы қабылданып, бүгінгі күні өз жұмыстарын атқаруда.
Денсауылық сақтау саласы бойынша

Округ бойынша 1 дәрігерлік амбулатория, 4 медицина саласының қызметкері және 1 жедел жәрдем техникасы тұрғындарға қызмет етуде. 2014 жылы аудандық аурухананың бас дәрігерімен келісе жұмыс жүргізіліп, Лекер ауылына 1 медбике жұмысқа қабылданды. Оған арнайы науқастарды қабылдау дәрігерлік пукт мәселесі шешілді. Жыл басынан бастап ауыл тұрғындарын дәрігерлік тексеруден өткізу мақсатында ауылдық округімізге жылжымалы медициналық көлігі келуде. Ауылдық округ тұрғындарының жылдағы дәрігерлік тексеруден өткізілуі, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтылуы үнемі назарда ұсталады. Биылғы жылдың басынан округ бойынша 24 нәресте дүниеге келіп, олардың денсаулығы әрдайым медицина қызметкерлерінің бақылануында.



Мәдениет және спорт саласы бойынша
Бүгінгі күні округ бойынша Ж.Аймауытов ауылдық мәдениет үйі және Лекер ауылдық клубы жұмыс істеуде. Осы мәдениет ошақтарында мемлекеттік, ұлттық мейрамдар әр-түрлі іс-шаралар аясында өткізіліп, мәдениет үйінің ұжымы, мектеп ұжымы, ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары бұл шараларға белсене қатысуда. Өткізілген шаралардың мән-мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді.

«Дені саудың, жаны сау» демекші, денсаулық сақтау жүйесін ілгерлетумен бірге салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жүргізу өз жалғасын табуда. Жыл бойына аудан, облыстық спорттық жарыстарға қатысуды ұйымдастырдық. Әр мерекеге орай ауыл тұрғындары арасында әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізілуде. Сонымен қатар «9 мамыр Ұлы Жеңіс күнінің» 69 жылдығына орай Ж.Аймауытов ауылында ұлттық ат спорты аламан бәйге, тоқ бәйге және құнан жарыс түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жыл бойы ауылдық округ жастары арасында қазақша күрес, воллейбол, үстел теннисі және т.б спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

2014 жылдың наурыз айында Баянауыл ауылында Павлодар облысының ұлттық спорт түрлері бойынша құсбегілер арасындағы І облыстық ашық чемпионатында Ж.Аймауытов ауылының тұрғындары Тасыбаев Иманзайып Матанұлы және Иманзайып Ермек ауданымыздың намысын қорғап, бас жүлдені жеңіп алды.

Ж.Аймауытовтың 125 жылдығына арналған ұлттық ат спорты түрлерінен облыстық спартакиядаға ауыл тұрғындары белсене қатысты. Атап айтқанда «тоқ бәйге» жарасында Ж.Аймауытов ауылының тұрғыны Б.Сейткуловтың сәйгүлігі І орынды иеленді. «Аударыспақ» спорт түрінен 80 келі салмақта М.Адамкулов ІІ орын және 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Н.Қалиев ІІ орынды иеленді.

Ж.Аймауытов атындағы ЖОББ мектебінде орналасқан қазақша күрес филиалының шәкірттері ауданымызда және облыстық жарыстарда өз нәтижелерін көрсетуде.
Қызылтау ауылдық округінің әкім аппараты атқарылған жұмыстарына тоқтала отыра, 2015 жылы жоспарға сәйкес атқарылатын басты жұмыстар тізбесі төмендегідей:
- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдаудың төртінші бағыты бойынша 2015 жылы Ж.Аймауытов ауылында жерасты су қорларын зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- Ж.Аймауытов атындағы ЖОББ мектебінің жылу жүйесіне жалпы сомасы 9 млн. 811 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;



- Ж.Аймауытовтың ауылына 4 млн. 893 мың теңге көлеміне сметалық жобасы жасалынып, шағын балалар ойын алаңын салу жоспарлануда.

Қызылтау ауылдық округінің әкімі Р. Мұқашев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет