Қызықты география
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ізденімпаздылығын, ойлау қабілеттерін дамыту негізінде шығармашылық қабілеттері мен топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту арқылы сыни көзқарастарын дамыту;
Жүргізуші:
Құрметті «Қызықты география» интеллектуалдық сайысының көрермендері мен қатысушылары. Бүгінгі сайысымызға 8 - 10сынып оқушылары қатысады. Өзара «А» және «Ә» сыныптары ІІ топ құрайды.
Ойын кезеңдері:
5кезеңнен тұрады:
1 - кезең. «Ой шашу»
2 - кезең. «Ой қозғау»
3 - кезең. «Ең, Ең, Ең» капитандар жарысы
4 - кезең. «Ғажайып төрттік»
5 - кезең «Таңқаларлық құбылыстар» деп аталады.
Ойын шарттары:
Қатысушы топтар өздерін таныстырып ат қояды.
Адам күніне 13 рет күледі екен, ал әтеш болса алдымен мойнын созбай шақырмайды екен табиғатта осындай қызықтар да бар. Енді ойынымыздың І кезеңін бастасақ.
1 - кезең «Ой шашу». Екі топқа сұрақтар беріледі. (әр сұрақ 5 бал)
1 - сұрақ: Тұңғыш рет Беринг бұғазын сипаттаған.
Жауабы: В. Беринг
2 - сұрақ: Әйгілі орыс жазушысы А. С. Пушкин бейнесіндегі ел.
Жауабы: Италия
3 - сұрақ: Гомер «Одиссея» атты еңбегіндегі бұғаз? (Сцилла мен Харибданның арасы)
Жауабы: Мессин
3 - сұрақ: Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?
Жауабы: Африка
5 - сұрақ: Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті адамдармен тіл
табыспақшы болып, оларға әртүрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Ал олар сіздерге
«Кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және
адамдар не деп жауап берді?
Жауабы: Аустралия материгі. Жергілікте халық тілінде «Кенгуру» сөзі
«түсінбедім» деген мағынаны білдіреді.
6 - сұрақ Алматыдан ұшақ солтүстік бағытта ұшып шықты. 1000км ұшқан соң ол батысқа бағыт өзгертіп 1000км кейін Оңт. 1000 км және шығысқа қарай 1000 км ұшты. Ол Алматыға қайта келеді ме? Жоқ. Тек 203 м жақындайды.
7 - сұрақ. Азияда - 2011 әнұранын жазған - Е. Хасанғалиев
8 - сұрақ: Солтүстік жарты шардағы астрономиялық көктем басталады?
Жауабы: 1 наурыз
9 - сұрақ. Ең ұзақ әнұран мәтіні қай елде? 158 өлең жолынан тұрады? Ол Грекия мемлекетініңкі
10 - сұрақ. Барлық континентте бар қала - Рим
ІІ - топ
1 - сұрақ: Ресейде шаруалар бұл өсімдікті «шайтанның алмасы» деп атады. Тіпті оны ХІХ ғ оны көбейтуге бүлік те шығарған.
Жауабы: Картоп
2 - сұрақ: Канин тұмсық (Канин нос) қайда орналасқан?
Жауабы: Баренц теңізі
3 - сұрақ Тудағы жазу рәміздің ең негізгі басты бөлшегі болып табылатын ел - Сауд Арабиясы. Оның туында «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның пайғамбары» деген сөз бар.
4 - сұрақ: Орамалды әйел - ана бейнесінде қандай елдер бейнеленген?
Жауабы: Португалия, Испания
5 - сұрақ. Ең қысқа әнұран мәтіні бар болғаны 4 жолдан тұрады? Жапония, Иордания, Сан - Марино
6 - сұрақ. Жердің өз білегінен айналу жылдамдығын пайдалана отырып сенбі күні кешке әуе шарына мініп, жер үстіне шығып тұрып Қара теңіз келгенше көтеріліп тұрып Қара теңіз келгенде төмен түсіп суға шомылып, кешкісін жексенбі күні қайтадан Алматыға келе алады ма? Жоқ себебі Жермен бірге ауа да қозғалады.
7 - сұрақ Ең суық астана - Улан-Батор
8 - сұрақ. Африкада жерасты суын Конго ойысында тез шығарып алуға бола ма, әлде
Сахара шөлінде ме?
Жауабы: Сахара шөлінде жерасты суы жер бетіне жақын жайғасқан.
9 - сұрақ
Бұл өзендер құрлықта емес, мұхитта ағады. Cуының температурасы мен тұздылығы бойынша мұхит суларынан өзгешелік жасайды. Жылы өзендер төменгі ендіктен, жоғарғы ендікке, ал cуық өзендер керісінше жоғарғы ендіктен төменгі ендікке қарай бағытталып ағады.
Бұл қандай өзендер?
10 - сұрақ. Адамнан телефоны көп қала - Вашингтон
Жүргізуші: Адам шашы 3кг затты көтере алады ма, 4 тізесі бар жануар піл ме әлде жоқ па? Осындай қызықты сұрақтарды талдау үшін ой қозғасақ.
Достарыңызбен бөлісу: |