Қызметшілер арасындағы ішкі конкурс с-о-5 санаты үшін

Дата09.06.2016
өлшемі119 Kb.
#125205
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің  «Алматы облысы бойынша көліктік бақылау

инспекциясы» мемлекеттік органның мемлекеттік

қызметшілер арасындағы ішкі конкурс
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; 

Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Заңнамасын; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83282

112430

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің  «Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131, электрондық мекенжайы itk.alm@mid.gov.kz, анықтама үшін телефон 8(7282)24-09-15, факс 8(7282)24-60-33, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

1. Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы (С-О-5), 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты 2016 жылғы 13 тамызға дейінгі демалыс кезеңіне)

Функционалдық міндеттері: Кеме қатынасы су жолдарының жағдайы мен навигациялық құрал-жабдықтарының жай-күйлеріне бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, кемелерге (соның ішінде шағын көлемді), ішкі су жолдарында орналастырылған салдар мен өзге жүзу объектілері мен ғимараттарына олардың қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігіне байқау өткізеді, кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуына бақылау және қадағалауды, кемеде барлық кемелік құжаттардың болуына тексеруді жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен су көлігінің қызмет тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасы заңнамалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуына, анықталуына оларды бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шара қабылдауға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, жеке және заңды тұлғалармен ішкі су жолдары бойынша жүзу ережелерінің сақталуына бақылау және қадағалауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша хаттамалар толтыруды, іс жүргізуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы заңнамасымен көліктік бақылау органдарына бекітілген жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өкілеттіктерді, бөлім құзыретіне тиесілі өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (оның ішінде құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (оның ішінде экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг), техникалық ғылымдар және технологиялар (оның ішінде автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, көліктік құрылыс), қызмет көрсету (оның ішінде көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) жоғарғы білім.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білу.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
2. Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы (С-О-5), 1 бірлік.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131, 2 қабат, 210 бөлмеге тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет